Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде



бет5/58
Дата18.10.2023
өлшемі469,55 Kb.
#118123
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Бірінші тип – мақсатты басқару. Барлық өндірістік және басқадай басқару міндеттерін барлық деңгейде шешкен кезде мақсатты басқару шешуші рөл атқарады. Басқарудың мақсаттылығы – кәсіпорынның жалпы мақсаттық, дербес бөлімшелерді ұйымдастыру үшін жіктеу. Бұл принципті пайдаланған кезде бөлімшелердің және ондағы жұмыскерлердің мақсаты айқындалады, әрбір басқарушы қызметкер өзіне қойылған талап туралы нақты түсінік алады, дербес шешім қабылдау мүмкіндігі ұлғаяды және жұмыста табысқа жетуді ынталандырады. Мақсатты басқару аса ірі бір жолғы шараларды мәселен, кәсіпорынды қайтадан конструкциялау және қайтадан жарақтандыру, жаңа өнімді шығаруға көшу, жалгерлікті немесе кооперацияны енгізу т.б. шараларды орындау үшін қолданылады .
Басқару процесінің өтуінің екінші типі – бағдарламалық басқару. Мұнда нақты тапсырманы мұқият ойластыру, бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бұл әрекеттердің бір-бірімен байланысын анықтау көзделеді. Осындай тапсырма жиынтығы басқару бағдарламасы болып саналады. Басқару процесіндегі мұндай типті, әдетте, өндірістің күрделі міндеттерін шешкенде қолданылады.

БАСҚАРУ ТИПТЕРІ
МАҚСАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА ҚАРАЙ
БАСҚАРУ БАСҚАРУ БАСҚАРУ
  • Шешуші рөл • Нақты тапсырманы • Мақсаты атқарады мұқият ойластыру, айқындалған, әрі


  • Кәсіпорынның жалпы бөлімшелердің сирек өзгеретін мақсаттық, дербес жүйелі әрекетін және тұрақтанған, толық бөлімшелерді бұл әрекеттердің бір- меңгерілген өндірісте ұйымдастыру үшін бірімен байланысын қолданылады жіктеу анықтау көзделеді • Туындаған қолайсыз


  • Күрделі құрылыста, жағдайдан өндіріс көп бөлшекті процесіндегі


бұйымдар шығаруда, іркілістен шығудың жоспардан тыс және ең қолайлы жолдарын жедел жұмыстарда іздестіру


қолданылады Сурет-1. Басқару типтері
Басқару процесінің үшінші типі – жағдайға қарай басқару. Бұл мақсаты айқындалған, әрі сирек өзгеретін тұрақтанған, толық меңгерілген өндірісте қолданылады. Мұндағы басты міндет – туындаған қолайсыз жағдайдан өндіріс процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын іздестіру. Ол үшін пайда болған ауытқуларды тез әрі аз шығынмен жоюға мүмкіндік беретіндей шешім қабылданады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет