Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Менеджментті ұйымдастыру, құрылымдау



бет6/58
Дата18.10.2023
өлшемі469,55 Kb.
#118123
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Менеджментті ұйымдастыру, құрылымдау
Өндірісті басқаруды дамытуға XVIII ғасырдағы ірі кәсіпорынға ауысқан өнеркәсіптік революция күшті қозғау салды. Қолөнершінің бармағынан бал тамған шеберлердің орнына көбінесе жөнді мамандығы жоқ жалдамалы жұмысшылар келді. Ұйымдастыру менеджменті:
Тар мағынасында – басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі – ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің, амалдарының жиынтығы.
Менеджменттің бір бағыты жалпы ұйымдастырудың принциптерімен ұйымдастырудың мәселелерін шешуді алдыңғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы: ұйымдық құрылымды жобалау әрі жасау (жетілдіру); міндетті істердің аражігін дәл ажырату, ұйымдастыру міндеттерін бөлу.
2-суретте басқаруды ұйымдастырудың салыстырмалық сипаты берілді.







Бұйрыққа және сезімге үйрену





Сурет-2. Басқаруды ұйымдастырудың салыстырмалық сипаты
Анри Файоль (1847-1925 ж.ж.) – менеджменттің атасы, көмір шығару бойынша француздық компанияның үлкен басшысы. Ол ұйымдық менеджменттің негізін салушы деп саналады.
Анри Файоль ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас ағза ретінде қарастырады. Ол жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп санады.
Тәжірибе менеджменті. Тәжірибе менеджментінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар. Біреуі – прагматикалық, екіншісі – ғылыми. Біріншісі – мәселені рецепті бойынша шешуге және нәтижені жуық арада тікелей алуға бағдарланған, болса, екіншісі – сан алуан жағдайлар мен ахуалдар бойынша сараланатын әдістер мен технологиялық схемаларды таңдап, талдауға негізделген. Екінші тәсіл әлдеқайда тиімді болмақ. Ол арнайы дайындықты қажет етеді.
Бұл менеджент әртүрлі қызмет салаларында – өндірістік, әлеуметтік, экономикалық, сондай-ақ мәдени салада да жүзеге асырылуы ықтимал. Ол басқару тұжырымдамасы жасау, оның негізгі ережелерін, басымдықтарын, тәсілдерін белгілеумен ерекшеленеді.
Стратегиялық менеджмент – менеджменттің әртүрлілігі. Оның басты ерекшелігі – болжағыштық, мақсаткерлік, перспективалығы, стратегиялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Ол экономикалық даму, өткір бәсекелестік, басқаруда адам факторы рөлінің арту динамикаларының тереңдей түсуінің нәтижесінде пайда болды. Оның артықшылығы ресурстарды, ең бастысы уақыт ресурстарын ұтымды пайдаланады. Стратегиялық менеджмент басқаруды ұйымдастыруда және әдістемелерінде, басқарудың тетіктері мен технологиясында, оның парадигмасы мен тұжырымдамасында көрініс табады.
Стратегиялық менеджменттің маңызды ерекшеліктері:
  • педагогикалық ұжымды сипаттауға арналған мәртебе, оның әлеуметтікэкономикалық ортада алатын орны, стратегиялық даму әлеуеті.


  • педагогикалық ұжымды басқару мақсаты болып табылатын фирманың мақсаты. Мақсат – болашақта болатын шындық, ол үлкен талдамалық және жобалау жұмысының мазмұны мен нәтижесі болып табылады.


  • басқару шешімдерінде ұйғарылатын стратегиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізеді. Бұл бағдарламада бағдарларды, даму кезеңдерін, басымдықтарды, шектеу факторларын анықтап алудың маңызы зор. Стратегиялық бағдарлама дамудың жалпы бағытынан қайсысы ауытқитынын, қайсысы ауытқымайтынын көрсетіп береді.


  • басқарудың тиімділігін, сапасын, әлеуетін бағалау және реттеу.


  • инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-ақ адам ресурстарының мененджмент мен жасаушы менеджмент болады.


Оқу мекемелерін басқаруда басты рөлді мектеп директоры, ал оқу-тәрбие процесін басқаруды директор және оның орынбасарлары атқарады. Директордың функционалдық міндеттері жалпы білім беретін мекемелердің типтік қағидаларында көрсетіледі.


Мектептегі жұмыстың жекелеген бағыттары бойынша жұмыс директордың орынбасарына жүктеледі. Бұлар оқу-тәрбие жұмысы орынбасары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, профильдік сыныптар немесе жекелеген пәндерді тереңдете оқыту сыныптары бойынша орынбасары, шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары болып бөлінеді. Соңғы жылдары мектептерде ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары, әлуметтік-педагогикалық реабелитация жөніндегі директордың орынбасары, коммерция бойынша орынбасарлары міндетті қызметті қызметтерін атқарушылар да тағайындалады.
Қазіргі уақытта әлемдік білім көптеген ұлттық білім жүйесінен тұрады, олар өздерінің мәдени дәстүрі, мақсаты мен міндеттерінің деңгейі және өзінің сапалық жағдайлары бойынша ерекшеленеді. Әлемде, әр елдің ұлттық ерекшелігін есепке алатын менеджменттің әртүрлі моделі бар. Бұл ең алдымен әртүрлі халықтардың ұжымдық мәдениетінің ерекшелігімен байланысты.
Адамдардың іскерлік қарым-қатынасының саясаты – менеджменттегі басты нәрсе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет