Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Д.Мак-Грегордың адами қарым-қатынас теориясы



бет12/56
Дата11.11.2022
өлшемі3,35 Mb.
#49434
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
Байланысты:
darister

Д.Мак-Грегордың адами қарым-қатынас теориясы. Дуглас МакГрегор адамның мотивациясын «X» теориясы мен «Y» теориясы ретінде екі қарама-қарсы жақтан қарастырады.
«X» теориясы бойынша:

  1. бастапқыда адамдар жұмыс жасағылары келмейді, мүмкін болса тіпті де жұмыс істемес еді, жұмыс жасаудан қашады;

  2. адамдар өзін-өзі сүймейді, жауапгершіліктен қашады, оларды басқарғанды місе тұтады;

  3. көбіне адамдар өзін қорғауды қалайды;

  4. жұмысшыларды жұмыс істету үшін оларды үнемі қадағалау қажет, кейде жазалау да қажет болады.

«X» теориясы бойынша адамдар жауапкершілікті өз мойнына алмайды:
адамдар не тек ақша үшін ғана жұмыс жасайды, не бір нәрседен, не әлдекімнен қорыққаннан ғана жұмыс жасайды. Ал бұл көзқарастағы менеджмент қазіргі қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Сондықтан «Y» теориясы өмірге келді: адамдар жалқау емес және жауапкершіліктері де жоқ емес. «Y» теориясы бойынша дұрыс мотивация берген жағдайда жұмыста шығармашылық таныта алады және өзін-өзін басқара алады.
«X» теориясы мен «Y» теориясы бір-бірін жойып жібермейтіндей қарама-қайшылықты теориялар болып табылады.
Д.Мак-Грегордың пайымдауы бойынша, адамдардың басым көпшілігінің саналы және зиялы болуға әлеуеті жетеді, сондықтан адамдардың көзқарастары мен мінез-құлқында айырмашылықтар болады.
«Y» теориясы бойынша:

  1. еңбек– табиғи процесс. Егер қолайлы жағдай болса, жұмысшылар өзіне тек ғана жауапкершілікті алмайды, оған қол жеткізеді;

  2. егер жұмысшыларды ұйымдастыру мақсатына кіріктірсе, онда олар өзін-өзі басқара алады және өзін-өзін бақылай алады;

  3. қарым-қатынас орнату мақсатқа жету жолындағы басты қызмет болып табылады;

  4. адамдардың көпшілігінде мәселені ұтқыр шешу қабілеттері болады, ал тәжірибеде адамның интеллектуалдық әлеуеті өте сирек қолданылады.

Лайман Портер мен Эдвард Лоулер күту теорясы. Күту (үміттену) теориясының негізгі моделі бойынша адам өзінің таңдап алған іс-әрекетінің тілек етілген нәтижесіне жеткізеді деп үміттенеді.
Күту – белгілі бір оқиғаның ықтималдылығын жеке тұлғаның бағалауы. Күту (үміттену) теориясы үш өзара байланыстың маңыздығын көрсетеді: еңбек шығыны – нәтижелер; нәтижелер – марапаттау; марапаттау – валенттілік (марапаттауға қанағаттану).
Л.Портер мен Э.Лоулер күту теориясы мен әділеттілік теориясының элементтеріне қарай отырып, мотивацияның кешенді процессуалдық теорясын жасап шығарады. Олардың үлгісінен бес өзгергіштерді атауға болады:

  1. жұмсалған күш-жігер;

  2. сезіну;

  3. алынған нәтижелер;

  4. марапаттау;

  5. қанағаттану дәрежесі.

2-кестеде Ф. Герцбергтің екі факторлы теориясының мәні ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет