Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде



бет14/56
Дата11.11.2022
өлшемі3,35 Mb.
#49434
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
Байланысты:
darister

2 Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде


Білім берудегі басқару түсінігі. Педагогикалық менеджментті басқару қызметінің айрықша түрі ретіндегі мәні мен ерекшеліктері. Педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері. Педагогикалық менеджмент мақсаттары мен міндеттері. Педагогикалық менеджмент әдістері. Педагогикалық менеджменттің жүйе құраушы факторлары. Менеджмент – өз еңбегін пайдаланып, интеллектісін және басқа да адамдардың тәртібін пайдаланып жетекшінің қойылған мақсатына жете білуі. Басқаша айтқанда, бұл – ғылым саласы және адамдар мен әлеуметтік процестерді басқару өнері.
«Менеджер» түсінігі, ең алдымен жаңа үлгідегі басшымен астастырылады, оның басты белгісі базалық кәсіби басқару білімінің болатындығы. Білім беру мекемелерін басқару дегеніміз – бұл әрбір адам жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, бұл ғылыми білім саласы, оны игеру үшін табиғи бейімділік, талант және көшбасшылық қасиет керек. Қазіргі білім беру мекемесінің басшысы – бұл тек қызмет қана емес, сонымен қатар мамандық, өйткені бұл қызмет мамандықтың қажетті барлық белгілеріне ие: арнайы білімді, біліктілікті және бейімділікті, арнайы тұлғалық және кәсіби қасиеттерді қажет етеді.
Әрбір білім беру мекемесі мен білім беру жүйесі қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі, бүтіндей алғанда басқаруға байланысты болады, білімді дамыту туралы қабылдаған міндеттерді орындауға тұрақты түрде әсер ету.
Сонымен, басқару қызметі отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектерінде төмендегідей анықталады: «Басқару дегеніміз – бұл алдын-ала нәтижені көре алу, ұйымдастыра білу, бұйрық беру, үйлестіру және бақылау».
Қазіргі кезеңде білім беру нарықының мүмкіндігі мен ауқымы сан қырлы. Жаһандану жағдайында, жақын болашақта білім беру нарықында жоғары сападағы кәсібі мамандарға сұраныс күшейеді. Бұлар – білім беру саласының менеджерлері. Білім беру процесінің менеджері дегеніміз – адамның біліммен сусындауына мүмкіндік жасайтын адам. Білім – тұңғиық әлем, орасан зор күш. Сонымен қатар, ол менеджер үшін бизнес те болып табылады: жекеше мектеп және коммерциялық жоғарғы оқу орындары, министрлік қызмет және халықаралық әріптестерімен бірлесу, кәсіби деңгейін көтеру, жетілдіру және т.б.
Міне, сондықтан да, дәл қазіргі уақытта білім менеджерлерін дайындау өзекті. Ол білім жүйесінің тиімді қызмет етуі мен оның бағытын анықтап, білім жүйесінің жоғары сападағы мамандарын қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады. Білім беру мекемелерін менеджменттен арнайы дайындығы бар, мемлекеттік үлгідегі құжатпен расталған мамандар ғана басқаруға тиіс. Білім беру мекемелері мен білімді басқару органдарының басшылары мен менеджерлерінің білімін жетілдіріп отыруын тұрақты жолға қою қажет.
Педагогикалық менеджмент мәселелері де Қазақстан ғалымдарының еңбектерінен де көрініс табуда. Қазақстандағы білім беру жүйесін ұйымдастыру және басқару мәселелерін отандық ғалымдар бірнеше бағытта зерттеді.
Білім беру жүйесіндегі менеджмент – бұл оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға бағытталған басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тәсілдерінің кешені. Әрбір педагог оқутанымдық процестің менеджері (оны басқару субъектісі ретінде), ал басқарушы – тұтас оқу-тәрбие процесінің менеджері деп көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет