Жоспары: Кіріспе: Абай шығармашылығын оқытуды тұңғыш рет арнайы жазған- Қанипа Бітібаева. Негізгі бөлім: Қанипа Бітібаева еңбектері. «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары»
СӨЖ Тақырыбы: Қ.Бітібаева «Абай жолын» оқыту әдістері
Жоспары:
Кіріспе: 1. Абай шығармашылығын оқытуды тұңғыш рет арнайы жазған- Қанипа Бітібаева.
Негізгі бөлім: 2. Қанипа Бітібаева еңбектері. «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары» атты оқу құралы.
2.1 Абай шығармашылығы – адамзат даналығының таусылмас қазынасы.
2.2«Абай шығармашылығын оқыту»
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
1.Абай шығармашылығын оқытуды тұңғыш рет арнайы жазған- Қанипа Бітібаева. «Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», – деп алаш көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы атап көрсеткендей, бүгінгі ұрпаққа ұлы ақын Абай шығармашылығын тереңдете оқытудың мәні мен маңызы аса зор.
Мектепте Абай шығармашылығын оқытуды тұңғыш рет арнайы жазып, ақын мұрасын шәкірттерінің жүрегіне бойлатып, рухани нәрін санасына сіңірген әйгілі ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева өзінің көп жылғы ұстаздық еңбегі мен тәжірибесінде саналы ғұмырын Абайды жас өскіндерге жеткізу, сұлулығы мен тереңдігіне үңілту, қауыштыруды, рухани жан дүниелеріне бойлатуды алдына мақсат етеді. Ұстаздың сөзіне жүгінсек: «Абай поэзиясының сұлулығынан бойымызға нәр алып, жан дүниемізді тазартып, сұлу жанды жас ұрпақ тәрбиелеу – адами да, ұстаздық та борыш», — дейді.
Абай шығармашылығын оқытуға арналған әдіскер ұстаз Қ.Бітібаеваның 4 еңбегі бар. Белгілі әдіскер ғалым Ә.М.Дайырова «Мектепте Абай шығармашылығын оқытуды арнайы қарастырған әзірге бізге белгілі бірден-бір еңбек – Қ.Бітібаеваның оқу құралдары. Қ.Бітібаеваның бұл зерттеуі оқушыны Абаймен қауышу қуанышына кенелтіп, мұғалімге үлкен көмекке келетін пайдалы да зәру еңбек екендігі сөзсіз», — деп бағалайды .
Ары қарай ғалым: «Қ.Бітібаеваның бұл зерттеуі оқушыны Абаймен қауышу қуанышына кенелтіп, мұғалімге үлкен көмекке келетін пайдалы да зәру еңбек екендігі сөзсіз», — деген пікір айтады. Шынында да ұстаз Абай шығармашылығын жаңаша оқытудың жүйесін, үлгісін береді. Ол үшін Кеңестік кезеңдегі ақын шығармашылығын оқытудағы кемшіліктерге әділ пікір білдіреді. Саясат құрсауында Абайды тап күрескері етіп, оны «әлеуметшіл Абай» дәрежесінде ғана оқытылуын сөз ете отырып, автор оның саяси-әлеуметтік лирикасын ғана емес, ұлы дана мұрасын толық, жан-жақты оқыту проблемасын қозғайды. «Абай поэзиясын тақырып-тақырыпқа бөлшектемей, тұтастай қарастыру» мәселесін көтереді. Әсіресе автордың Абай поэзиясының алтын арқауы – Адам, оған деген махаббат екеніне тоқтала отырып, Толық Адам проблемасы айналасында ізденуді алдыға тартады. Ақын поэзиясындағы баға жетпес үш асыл қазына: Алланы сүю, Алла махаббатпен жаратқан Адамды сүю, хақ жолы деп әділетті сүю, яғни осы үш сүю айналасында оқыту керектігін зерттеуінің басты ұстанымы етеді. Сондай-ақ автор Абайдай әлемдік алыптың мұраларын оқытуда оқулықтағы беріліп жүрген өлеңдерінің аздық ететінін, оны таныту үшін төменгі сыныптан бастап жаңа бағдарлама жасау керектігін ұсынады.