Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Сурет-10.Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару принциптері



бет25/56
Дата11.11.2022
өлшемі3,35 Mb.
#49434
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
Байланысты:
darister

Сурет-10.Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару принциптері


Қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы бір ерекшелік - білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады. Білім берудің қоғамдық сипаты бірқатар белгілермен анықталады.


3 Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары
Мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары. Оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы құрылымдық-қызметтік байланыстар деңгейіне тәуелділігі. Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.
Менеджер еңбегінің құралы білім беру процесіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады. Еңбек қажеттілігі – ақпарат. Еңбек қаруы – сөз, тіл, сөйлеу.
Ал педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттері жеке-дара өмір сүрмейді, мұғалім іс-әрекетімен бірлесе жүреді. Функционалдық компоненттер: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету – бұлар педагогикалық процесті қозғалыста, өзгерісте сипаттайды, оны дамыту мен жетілдіру логикасын анықтайды.
Қазіргі заман жағдайында жалпыбілімдік немесе қалаған басқа да білім беру мекемелерінің педагогикалық жүйесінің әрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйелер бірлігі ретінде қарастыру қабылданған:

  1. Дидактикалық жүйе: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстары; міндетті және факультатив дәрістер.

  2. Тәрбиелік жүйе: сыныптан тыс және мектептен тыс

тәрбие жұмыстары; отбасы тәрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тәрбие және тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі.

  1. Оқушылардың қарым-қатынастары және олардың мектептегі өзіндік басқару жүйесі: оқушылардың өзін-өзі басқаруы.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет