«Менеджмент» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ (2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М072 Менеджмент
3. Тест мазмұны «Менеджмент» пәні бойынша тақырыптарды қамтиды. Тапсырмалар қазақ тілінде берілген.
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Тест тапсырмаларының мазмұнында - ұйым және басқару үдерісінің элементтері, байланыстырушы үдерістер, менеджмент функциялары, топтық динамика және көшбасшылық, дауларды және өзгерістерді басқару сипатталады.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты: Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны: Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
- жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);
- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);
- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы: Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау: Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл беріледі, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі:
1. Гриффин Рикки У. Менеджмент, 12-басылым. — Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. — 768 б.
2. Мескон М. и др. Основы менеджмента. - М.: Издательство «Вильямс», 2016. – 672 с.
3. Дафт Р. Менеджмент. 12-е изд./пер. с англ. под ред. С.К.Мордовина. – СПб.: Питер, 2017. – 800 с.
4. Друкер П., Макьярелло Дж.А. Менеджмент. – М., 2010. – 704 с.
5. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. – 2-е изд. – М.: «Экономистъ», 2014. – 576 с.
Қосымша: Артур А. мл. Томпсон, А. Дж. Стрикленд III. Стратегический менеджмент: создание конкурентного преимущества. 19-е издание - М: Диалектика, 2021. – 800 с.
Ник Уилтон, HR-менеджментке кіріспе — Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2016. — 520 б.
Питер Г. Нортхаус, Көшбасшылық: Теория және практика — Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. — 528 б.
Гэмбл Джон, Питереф Маргарет, Томпсон Артур. Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2020.- 368 б.