Экономика



бет1/11
Дата25.10.2022
өлшемі63,32 Kb.
#45283
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Глоссарий Аргынгазин Айбек


1 тақырып. Экономикалық теорияның пәні мен әдісі.
  1. ЭКОНОМИКА


  1. қоғамның өндірістік күштерінің дамуының бір сатысына сәйкес өндірістік қатынастардың жиынтығы, қоғамда үстемдік етіп тұрған өндірістік тәсіл; 

  2. ауданның, елдің, елдер тобының шаруашылық өмірінің (шаруашылық саласының) құрылымы, ұйымдастырылуы және жай-күйі; 

  3. өндірістік және шаруашылық қызметтің қандай да бір саласын зерттейтін ғылыми пән.

Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.
  1. САЯСИ ЭКОНОМИКА


елдің саяси, экономикалық және құқықтық жүйесі.
Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. 12басылым / Хилл Чарльз, Халт Томас. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2019. – 720 бет.
  1. МЕРКАНТИЛИЗМ


Сауда капиталының мүддесін жақтаған, тауарды шеттен келтіргеннен гөрі, шетке шығарудың басым болуын көздейтін, қоғам байлығы мен әл-ауқатының көзі материалдық игіліктер өндірісі емес, тауар және ақша айналысы саласы деп есептейтін экономикалық ілім.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 11-том. /Құраст.: Ж.Манкеева, С.Бизақов, Ә.Жүнісбек және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
  1. МАРКСИЗМ


К.Маркс және Ф.Энгельс негіздеген, пролетариаттың таптық идеологиялық доктринасын бейнелейтін философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары – қосымша құн жәнеөндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесінің анализі, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары ХІХ ғ. екінші жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені ауқымдылықпен қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани, көзқарастық революция идеясын жариялады.
Тарих пәндер бойынша түсініктер мен терминдер. Жоғары оқу орындарына арналған оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 43 бет.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет