Менеджменттің маңызы, оның білім беру жүйесіндегі рөлі мен орыны



бет2/5
Дата27.11.2023
өлшемі26,96 Kb.
#130324
1   2   3   4   5
Байланысты:
Булақпаева Еркежан Химия 2 курс 1апта

Аттестациялау – білім беру қызметкерлерінің мамандығының, педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейлерінің жалпы бағасы.

  • Ағымдағы жоспар – жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанына жасалған жоспар.

  • Акмеология (грек. акме - жоғары деңгей–адамның кемелденуін, әсіресе даму барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу заңдылықтары мен механизмін зерттейтін ғылым.

  • Аксиология (грек. құндылық) – адамның, топтың, ұжымның, қоғамның мәдени, рухани, материалдық, адамгершілік, психологиялық құндылықтары туралы ілім.

  • Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру.

  • Бақылау әдістері - ауызша, жазбаша.

  • Бақылау түрлері - ағымдық, аралық, қорытынды.

  • Бақылау формалары - фронталдық, топтық, дербес.

  • Басқару – мектеп ішіндегі психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу.

  • Басқару әдістері — менеджменттің мақсатына жету жолдары, негізгі функцияларын жүзеге асыру тәсілдері.

  • Білім - табиғат пен қоғам туралы әрбір ғылым саласында жинақталған фактілер, ұғымдар, заңдылықтар жүйесі.

  • Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, ителлектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу процесі.

  • Білім беру мазмұны – оқушыларды жан–жақты дамыту, ақыл–ойын, танымдық қызығушылығынқалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.

  • Білім берудің материалдық теориясы – оқытудың мақсаты ғылымның әр түрлі салаларынан оқушыларға кең көлемде білім беру. Бұл теорияны Я.А.Коменский жақтаған.

  • Білім берудің формальдық теориясы – оқытудың мақсаты оқушылардың танымдық қабілетінің дамуы, ес, ойлау қабілеттеріне көңіл бөлу. Бұл теорияны И.Песталоцци, А.Дистервег жақтаған.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет