Жоспарлау– іс–әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс–әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау.
Инновациялық менеджер —ерекше, стандартты емес мәселені шешуге қабілетті менеджер.
Кәсіби іріктеу — қызметті кәсіби орындауға анағұрлым жарамды кадрларды жеке қасиеттеріне қарай анықтау.
Концентрлік бағдарлама –әр жылдарда оқу пәндерінің кейбір бөлімдерін (күрделі әрі жоғары деңгейде) қайталап оқу көзделеді.
Қарым–қатынас – біріккен іс–әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі, көп жоспарлы процесс.
Менеджмент – ағылшын тілінен аударғанда «басқару» дегенді білдіреді.
Менеджер – басқару функциясын жүзеге асыратын адам, кәсіби басшы.
Мектеп кеңесі – коллегиалдық басқару органы.
Мектептің жұмыс жоспары – жылдық, перспективалық, күнделікті жоспар болып бөлінеді.
Мектеп құжаттары – оқу-педагогикалық (журналдар, тіркеу кітаптары, жеке құжаттар, анықтамалар), мектепішілік-ақпараттық (күнделікті мәліметтер, есептер, оқу үлгерімі, тәртіп жайлы ақпараттар), қаржы-шаруашылық (мектептің техникалық құжаты, кітапхана қорының инвентарлық кітабы, актілер).
Мониторинг – ағылшын тілінен аударғанда «үздіксіз қадағалау» дегенді білдіреді.
Оқу жоспары – белгілі оқу орнында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, әрбір пәнге берілген сағат санын (әрбір оқу пәніне бөлінетін апталық сағат саны) анықтайтын құжат.
Оқу-тәрбие үрдісінің менеджері — педагог қызметкерлердің оқу-тәрбиелік қызметін басқару субьектісі ретінде көрінетін оқу орнының басшысы (директор, оның орынбасары)
Оқу-танымдық үрдісінің менеджері — оқушылардың оқу-танымдық қызметін басқару жүйесінің субьектісі ретінде көрінетін оқытушы.