"Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ HR және цифрландыру жөніндегі бас директоры А. Алдоңғаровпен бекітілген "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ еншілес және тәуелді ұйымдар қызметкерлерінің балалары арасында "IQanat High School of Burabay" жазғы білім беру лагеріне іріктеу конкурсының өткізу шарттары
Жалпы ережелер
1. "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары (бұдан әрі – ЕТҰ) қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы білім беру лагері ЕТҰ қызметкерлерінің отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету және балалардың атом саласына қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.
2. Жазғы білім беру лагеріне қатысушыларды іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында іріктеу конкурсы (бұдан әрі-Конкурс) өткізілетін болады.
3. Конкурсты ұйымдастырушылар - "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ (бұдан әрі-Қоғам) және "Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" ҚБ (бұдан әрі – АӨҚСКО).
қызметкерлердің балаларының жеке дамуын және олардың атом саласына деген қызығушылығын арттыру үшін жағдайлар жасау.
3. Байқауға қатысушылар
Конкурсқа ағымдағы жылы 8, 9, 10 сыныптарын бітіретін ЕТҰ қызметкерлерінің балалары қатысады.
4. Конкурсты өткізу реті мен іріктеу шарттары 4.1. Қоғамның сұранысына сәйкес жауапты ЕТҰ конкурсқа қатысуға ниет білдірген балалардың тізімін ағымдағы жылдың 27 сәуіріне дейін Қоғамның Әлеуметтік даму департаментіне (№1 қосымшадағы нысанға сәйкес) жібереді.
4.2. Конкурсқа қатысушылардың соңғы қорытынды тізімі қалыптастырылғаннан кейін қатысушылардың цифрлық құрылғыларына (ұялы телефон/ электрондық пошта/смс) пароль және логин жіберілетін болады. Конкурс daryn.online сайтының платформасында өтеді.
4.3. Қатысушы тестілеуден өту үшін интернетке қосылған, микрафоны мен веб-камерасы бар ноутбукты немесе компьютерді қолдануы қажет.
4.4. Конкурс daryn.online сайтының платформасында келесі тәртіпте өтеді:
4.4.1. қатысушы өзі, отбасы және конкурсқа қатысу мотивациясы туралы ашық сауалнама деректерін толтырады. Толтыру барысында ақпаратты қазақ немесе орыс тілдерінде өз қалауы бойынша толтыра алады.
4.4.2. сайтта орналастырылған нұсқаулыққа сәйкес прокторинг процесі арқылы тестілеуді өтеді. Тест 45 сұрақтан тұрады, орындауға – 60 минут беріледі. Қатысушы тестті өз таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде тапсыра алады.
Тест құрылымы - Қазақстан тарихы бойынша - 10 сұрақ
- Математика бойынша - 10 сұрақ
- География бойынша - 10 сұрақ
- Ағылшын тілі бойынша - 10 сұрақ
- "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК " АҚ туралы - 5 сұрақ
4.4.3. Тестілеу нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған 100 қатысушының "IQanat High School of Burabay" жазғы білім беру лагеріне қатысу мүмкіндігіне ие болады.
4.5. Конкурсты өткізу процесін Қоғам өкілдері мен АӨҚСКО өкілдерінен тұратын Комиссияның жетекшілігімен ұйымдастырылатын болады. Конкурс қорытындысы Комиссия отырысының хаттамасы негізінде шығарылады.
4.6. Іріктеуден өткен қатысушылардың тізімі ЕТҰ-ға ресми хатпен жіберіледі.