1.Екі тармақты шумақ. Жанған шамым, шам шырагым,
Сенсің менің атқан таңым. (Бесік жыры.) 2.Төрт тармақты шумақ. Қыс
Жердің төсіп үлпілдек
Ақ мамықпен тыстапты,
Шырша біткен бір-бірлеп
Ақ көбелек ұстапты. (К.Сауғабаев.) 3.Бес тармақты шумақ. Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ел үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек? (Ә.Дүйсенбиев.) 4.Алты тармақты шумақ. Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң,
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан. (Абай.) 5.Жеті тармақты шумақ. Толқындары тулаған,
Шағаласы шулаған,
Мұхиттардың алабын,
Шалқар көлдің торабын,
Кемелердің жалауын,
Айдынында көтерген,
Мен теңізші боламын. (М.Әлімбаев.) 6.Сегіз тармақты шумақ. Мысықай мен Текешік. Мысықай мұртын сылап,
Бақшада талтаңдайды.
Мүйізді текешік-лақ
Соңынан салпаңдайды.
Қолымен аузын сүртіп,
Мысықай сылаңдайды,
Сақалын сілкіп-сілкіп,
Текешік шұнаңдайды. (В.Жуковский.) 7.Он тармақты шумақ. Онда боран соғады. Аласұрып тиін жүр,
Құдды үйірілген құйын бұл.
Қағып қойып таңдайын,
Ысқырады әрдайым.
Қарғып шырша-шыршаға
Мазаланды мұншама.
Қазір боран соғады,
Қырдың долы бораны,
Тиін байғұс тоңады,
Сол боранға обалы. (М.Әлімбаев.) Келтірілген өлең шумақтарынан соң дауыс тармақ кідірісінен гөрі ұзақ толастайды. Бұл шартты дауыстап оқығанда мұқият сақтаудың мәні бар. Өйткені шумақ біткенде белгілі бір ой түйіні аяқталады, тиянақталады.
Өлеңнің бір шумағы аяқталғандағы кідіріс пен әрбір тармақтан кейінгі кідірістерді бір-бірімен салыстыруға болмайды. Әрбір тармақтың аяғындағы кідіріс жай немесе көшірмелі пауза (кідіріс) деп аталады да, шумақтан соңғы паузы – аяқтаушы, тиянақтаушы қызмет атқарады деген проф. Ә.Нұрмаханованың пікірін қуаттаймыз.
Ұйқас – өлең жолдарындағы соңғы сөздердің бір-бірімен үйлес, үндес келуі. Өлең сөздің ұйқасы толымды, толымсыз ұйқас болып бөлінеді. Өзара қиыстырылған сөздердегі сәйкес дыбыстардың, әсіресе дауысты дыбыстардың бірдей немесе ұйқас болып келуі – ұйқастың жасалу шарты. Ұйқас тек қана дыбыс үндестігі емес, ол – сонымен қатар бір не бірнеше буынның өзара үндестігі де. Өлең ұйқасы бірімен-бірі қиыстырылған сөздердегі бір не бірнеше өзара сәйкес буынның дыбыс үндестігінен туады. Ұйқастың қанша буынынан құрылатыны, буын ішінде қандай дыбыстардың өзара үйлесетіні қазақ өлең құрылысының аса маңызды ерекшелігі. Ұйқасты негізінен дауысты дыбыстар құраса, дауыссыздар жанама қызмет атқарады.
Қазақ поэзиясында ұйқастың түрлері көп. Ең негізгілері: егіз ұйқас, шалыс ұйқас не кезекті ұйқас, қаусырма не орама ұйқас; шұбыртпалы ұйқас (бұл-жыр ұйқасы), қара өлең ұйқасы. Бұл-ертеден келе жатқан ұйқастың бір түрі. Қазақ фольклорындағы тақпақ, жалғыз ауыз өлеңдерінің көбі осы ұйқаспен келеді. Мысалы, шұбыртпалы ұйқасқа мына өлеңді алуға болады: мұнда барлық тармақ бір-ақ ұйқаспен келген:
Лениннің біз ұлымыз,
Лениннің біз қызымыз.
Лениннің біз гүліміз.
Ленин біздің күніміз!
Лениннің біз көзіміз!
Лениншілміз өзіміз!
Ленин шындық сөзіміз!
Ленин біздің еліміз!
Ешкімге біз болмаймыз!
Ленин жолын қорғаймыз!
Лениншіл батыр – серіміз! (Ө.Тұрманжанов.) Бір мысалды ерікті ұйқасқа келтірейік: