(ертегіден үзінді) Қарқыны орташа: Таяп келіп тоқтаған шал түлкіні өлген екен деп білді.
Жылдамырақ. Өкінді-ай келіп, келіп, бірақ амал не?
Орташа: Түлкі інінің аузында тасып алған балығын жеп отырған.
Жылдамдата: Қараса бір қасқыр жортып келе жатыр екен.
Кекесінді дауыспен: Аштықтан іші қабысып қалыпты.
Жай ғана: - Аманбысың, түлк! Не жеп отырсың?
Эмфаза: Ба-а-лық қой.
Қошеметсіз жай ғана: - Аман ба, қасеке!
Бата алмай мөлиіп: Маған, тым болмаса, біреуін берші...
Тез: Өзің барып аула да, тойғаныңша
Эмфаза: Же-е-е-е!
Түнеріп: - Мен аулауды, білмеймін ғой!
Орташа: Оның несі қиың, мен ауладым ғой!
Орташа: Сен, қасеке, өзенге бар, құйрығыңды ойыққа малып отыр да;
(бір қалыппен
Жылдамырақ) «Ей, балықтар келіңдер, Үлкенің де, кішің де, Ей, балықтар, келіңдер, Үлкенің де, кішің де», - дей бер.
Орташа: Балықтар сенің құйрығыңа өздері келіп жабысады... Эмфаза: Байқа, ұз-а-ақ отыр, әйтпесе балық ұст-а-ай а-алмайсың!
Қасқыр өзенге кете барады... Мұндағы белгіленіп берілген қарқын оның сөйлеудегі құбылу реңкін түгел бере алмайды, өйткені бәрін көрсету мүмкін емес. Дегенмен тексттің мазмұнына байланысты қарқынды белгілеуге болады.
Тапсырма. Берілген әдеби көркем шығармалардың мазмұнына орай қандай сөйлеу қарқынмен оқылатынын іштей анықтап алып, содан соң дауыстап оқыңдар.
1.Қоян Ұзын құлақ, сұр қоян, Қарап еді артына
Естіп қалып сыбдырды. Қиығын сап көзінің,
Ойлы-қырлы жерлерден, Келе жатқан томпаңдап,
Ытқып-ытқып жүгірді. Көжегі екен өзінің. (Т.Бердияров.) 2.Жаңа жыл Жаңа жыл! Жаңа жыл! Бізді алға барғызбақ,
Не әкелдің сен бізге? Сен жаңа жылсың ба?
Бау-бақшаң толған гүл, Жаңадан көп түрлі,
Төлдерің семіз бе? Машина бергейсің,
Бауырсақ, балмұздақ, Жаңадан көк сырлы,
Концертке ... молсың ба? Үйлерге кіргейсің. (Х.Ерғалиев.) 5.Өздерің текстер таңдап дауыстап оқуға даярлаңдар, оны көшіріңдер де, жанына орташа қарқыннан ауытқыған, үдей түскен жерін мазмұнына қарай белгілеңдер. Өлең тексі болса бунақ, тармақ, шумақ кідірістерін сақтай отырып, дауыстап оқып беріңдер. Прозалық текст болса, алдымен іштей оқыңдар да оқылу қарқынын анықтаңдар. Логикалық, психологиялық кідірісті белгілеп, екпін мен қарқынды айтылатын сөз тіркестерді белгілеңдер, содан кейін бөлікке бөліп дауыстап оқыңдар.
Жел Жел! Жел! Қалай сермейсің?
Бұлтты үйіріп қуасың.
Көк теңізді тербейсің.
Дәйім соғып тұрасың.
Жел теңізді шарлайды,
Кемеге тыным бермейді.
Толқынмен бірге аунайды.
Желкендерді кернейді. (А.Пушкин.) Бұршақ Аппақ қылып ауланы, бақша-бауды,
Алақай-ау, алақай тәтті жауды!
Сорғалай кеп төгіліп, қатты жауды
Қуып тықты қораға ақ бұзауды... (А.Сәрсеков.)