Бақылау жұмысы Текстің мазмұнымен танысыңдар. Тыныс алу ережесін, дауыс күшін, дауыс биіктігінің деңгейін сақтап, дауыстап оқып беріңдер.
МЫҢ ЖАСАҒАН ҚҰЗҒЫН
Сен қаншаға келдің? – деп сұрады балапаны кәрі құзғыннан.
Мың жасқа келдім, - деп, ол сидаң кеңірдегін созып қойды. Балапаны оған таң қалды.
Ту-у, ұзақ жасаған екенсің!
Бұлардың сөзін аспанда айқасып жүріп, жараланып, жерге құлап түскен сұңқар бөліп кетті.
Сен оны қайдан білесің?- деп сұрады балапаны.
Ол жас түлек болатын, балапаным. Талай ерлік те жасады. Өз жайына жүрмей ақыры мерт болды ғой, әне! – деп, құзғын басын шайқады.
Сен мыңға келдім дейсің. Осы жасыңның ішінде қандай ерліктер жасадың? – деп сұрады тағы да балапаны.
Мың жасаған кәрі құзғын тіс жарған жоқ.
Өмір бойы қалғумен өткеннен қандай қаһармандық шықсын!?
(«Балдырған» журналынан.)
Тест жұмысы
1.Сөздің естілуі немен тығыз байланысты?
А) ерінмен
Б) тыныс алумен
В) ауамен
Г) тілмен
2. Дауыс шымылдығының керіліп жиырылуының нәтижесінде не пайда болады?
А) дикция
Б) дауыс
В) интонация
Г) ырғақ
3. Дауыс дыбыстарының күшейткіштеріне не жатады?
А) таңдай,мұрын қуысы,тіс,жақ,көкірек қуысы
Б) тіл,жақ
В) көз,тіл
Г) ерін,көз
4. Дауыстың жоғары,орташа,төмен ырғаққа жеңіл жылыса алуын не дейді?
А) Дауыс жылысуы
Б) дауыс ырғағы
В) дауыс шымылдығы
Г) дауыс икемділігі
5. Сөйлем астындағы сурет сызықтарымен не көрсетіледі?
А) дауыс ырғағы
Б) дауыс икемділігі
В) дауыс жылысуы
Г) дауыс шымылдығы
6. Дауыстың көтерілуі мен бәсеңдеуі екпін түскен буында немен көрсетіледі?
А) қалпақшалы таяқша
Б) сөйлеу қарқыны
В) дауыс шымылдығы
Г) сөйлеу техникасы
7. Дауысты дамытуға қандай сабақ көмек болады?
А) би
Б) ана тілі
В) ән
Г) қазақ тілі
8. Тексті оқу немесе әңгімелеп беру кезінде не түспеген жөн?
А) күш
Б) екпін
В) кідіріс
Г) темп
9. Обертондар арқылы адамның қандай дауысы жасалмақ?
А) қос дауыс
Б) жеке дара
В) дауыс нақышы
Г) дауыс сарыны
10. Дауыста оның биіктігі,ұзақтығы,ұшқырлығын екінші сөзбен айтқанда қалай айтады?
А) дикциямен сөйлеу
Б) интонациямен шырқау
В) зор темппен шырқау
Г) дауыстың алысқа шырқалу биімділігі.