«Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі» КММ 2022-2023оқу жылында 10-сынып оқушыларымен өткізілген «Менің -Отаным Қазақстан » іс-шара мәліметі «Менің -Отаным Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Туған жерін,Отанын сүюге,егеменді еліміздің рәміздерін құрметтеуге,туған еліміздің өткен тарихын ұмытпай,еске алып отыруға,елімізді бабаларымыз сияқты қорғай білуге,ата-бабадан дәстүр боп келе жатқан өнеге-салтымызды,ана тілімізді сүйіп,оны сақтай білуге тәрбиелеу. Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.
Бейнебаян көру
Менің елім.
«Отан туралы» М.Мақатаев өлең жолдары оқылды. Картамен жұмыс жасалды, Қазақстанмен шектесетін мемлекетерді тауып,картаға белгіледі
Қортынды: «Ел-елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы»-дегендей,сендер болашақ еліміздің ұрпақтары,өз еліңді,Отаныңды жаныңдай жақсы көріп,еліңнің намысын,өнеге салтын,ана тіліңді,тарихыңды сақтап,қорғай білулерің керек.Және де осындай кең байтақ,татулық пен достықтың киелі бесігіне айналған қазақ даласының ,яғни Қазақстанның азаматы екеніңді мақтан ете білулерің керек.
Сынып жетекші: Ф.Сейсебай