«МеніҢ атым Қырмызы»



бет4/4
Дата21.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#85387
1   2   3   4

Роман ғылыми еңбекке жақын оқырманға көркем монографиялық есебінде әсер қалдырары сөзсіз.Осы аралықта сәл кідіріс жасап, автор неліктен сурет пен кескіндеме өнерін шығарманың өзегі етіп алғанына зер салайықшы. Шынымен, шығарманың ішкі ағымы мен болмысын аңғаруға қабілетті оқырманның алғашқы ой-түйіні – автордың өнертанудағы академиялық білім-білігі. Сонымен сөз иесі ғалым ба, жазушы ма? Бұл сауалдың жауабын кезекті сұхбатында Орхан Памук: «Айналамдағы адамадар жиырма жасыма дейін мені суретші болады деп күтті. Отбасымымыздың дәстүрлі біліміне орай, мен архитектор болуым керек еді. Сондықтан аталған мамандыққа оқуға түсуіме тура келді. Бірақ 22-ге толғанда сәулет өнерін біржола тастап, роман жазуға кірісіп кеттім. «Ақыры менен суретші, не сәулетші шықпайды екен, онда неге өнер туралы шығарма жазбасқа?» деген ойға бекідім. «Менің атым Қырмызыда» түріктің заманауи суретшісі жайында жазбақ болдым. Кейін ойлана келе, менің суретшім XVI ғасырдағы Осман империясының гүлденген тұсында өмір сүрген болсын деген шешімге келдім. Ақпарат жинау барысында, тек қана бір суретшімен шектеп қалуым дұрыс емес екенін түсініп, бүтін суретшілер жиынтығын суреттеуге көштім. Ол түрлі кейіпкерлердің бейнесімен жазылып, романымды полифониялы (көп дауысты авт.) етуіме толық мүмкіндік берді» деп кесімді ойын жеткізеді.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Памук – шебер суреткер. Оның Жезденің өлім алдындағы сәтін суреттеуі қандай! Әзірейілдің жанын алуы мен Шайтанның азғыруын қалай сенімді жеткізеді?! Немесе қызыл түстің өзін “Қырмызы, қызыл түс болу қандай ғажап! Мен жайылған жерде көздер бал-бұл жанады, құштарлық күшейіп, қастар керіледі, жүректер тулайды. Маған қараңдар! Тірі болу деген неткен ғажап!” деп суреттеуі ше?! Қысқасы, Памуктың бұл туындысын оқу арқылы сонау XVI ғасырдағы Ыстамбұлға сапар шеккендей, сол заман картиналарын өз көзіммен тамашалағандай болдым.

Кітап туралы айтылар сөз, алынған әсер өте көп. Оның бәрін жаза берсем, тым ұзап кететін түрі бар. Одан да өздеріңізге оқуға кеңес беремін. Өйткені, кітап біткенде Орханмен бұрыннан неге таныспағанмын деп өкіндім. Алла қаласа, оның барлық туындыларын оқып шығамын деген шешім қабылдадым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет