Ферит Орхан Памук (түр. Ferit Orhan Pamuk; 7 маусым 1952, Стамбул, Түркия) — арғы тегі черкес сойынан шыққан қазіргі заманғы ең танымал түрік жазушысы, бірнеше ұлттық және халықаралық сыйлықтардың иегері. 2006 жылы 12 қазанда әдебиет саласы бойынша «туған қаласының мелонхолиялық жанын іздеу кезінде мәдениеттер қақтығысы мен соқтығысының жаңа белгілерін тапқаны үшін» Нобель сыйлығын иемденді.
Жас кезінде өзі де суретші болуға қызыққан екен. Ол «барлық көркемөнер шығармалары түрліше мәдениеттің арласуынан жарыққа шығады» деп есептейді. «Осы романды жазуға көбінесе исламияттық еркін өрісті сурет себеп болды, өзім көрген сан-санақсыз еркін өрісті суреттегі мән-жайды романыма сіңірдім. Сүйіспеншілік пен соғысқа жасырынған исламдық хикаялар елдің бәріне таныс, десе де, батыс мәдениетіне бой ұрған қазіргі жағдайда оларды еске сақтайтындар тым аз. Романымда осы ұмытыла бастаған хикаяттар мен көздің жауын алатын қисапсыз тамаша суреттерге тағзым етуді ойладым» дейді ол және бір сөзінде. Автор осы романды жазуда 6 жыл дайындалыпты. Ол: «түркиялықтар тамаша сақтаушылар, үкіметтің бұрынғы құжаттары мен көркемөнер шығармалары толық сақталған. Сол ескі үйінділерді айналсоқтап, қызықты көп істерге жолықтым» дегенді де айтады.
Аннотация
Қолымыздағы бұл кітап тек махаббат тақырыбына құрылған шығарма емес. Сопылық тариқаттар, көркем жазу, миниатюра, кітап безендіру, сәулет өнерінің мұсылман жұртшылығына тән ерекшеліктері, сондай-ақ тарихи тұлғалардың өмірі жайындағы хикаяттар сөз болады. Автор отырықшы түркілер мен көшпенділердің дүниетанымындағы айырмашылықты сурет өнерін сипаттай отырып, әдемі баяндайды. Роман осындай ерекше стилімен есте қалары анық. Өлілердің, иттің, ағаштың атынан сөйлеу арқылы оқиға желісін шиеленістіріп, оқырманды шығармадағы қылмыскердің кім екендігін табуға жетелейді.
Мен оқырман қауым назарына Орхан Памуктың Түрік тілінен тәржімаланған «Менің атым- Қырмызы» романының аудармашысы- Амангелді Құрметұлымен болған Еділбек Дүйсеннің сұхбатындағы аудармашының ойың ұсынғым келіп отыр: