Менің елім-мәңгілік ел



Дата20.12.2023
өлшемі16,01 Kb.
#141694
Байланысты:
ЭССЕ


Менің елім-мәңгілік ел

Әр адамның өмірінде туған елінің алар орны зор. Себебі ол жерде адам шырылдап дүние есігін ашты, алғашқы қадамдарын басты, білім алды,ер жетті,азамат атанды.Тәуелсіздік – мемлекеттің және ұлттың тарихындағы ерекше бет, қазақ халқының ғасырлық арманы.Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқына тәуелсіздік пен егемендік үшін күресуге тура келді.


Басқа халықтармен бейбітшілік, келісім және тату көршілік қарым-қатынаста өмір сүруге деген ықыластың арқасында ол тарих ағымында жоғалмады және ондаған жылдар бойы оның мемлекеттілігін қалпына келтіре алды. Қазақстан дамудың жаңа жолына түсіп,сан ғасырлық ата-бабаларымыздың еркіндік туралы армандарына қол жеткізді.Ал мен үшін Отан – бұл ең маңызды,ең қымбат сөз.Бұл сөзбен біз мектепті, отбасымызды,ұлы Қазақстанды елестетеміз.Өткеніміз ұмытылуды, ал қазіргіміз бөлінуді қаламайды.
Иә, Ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Біз енді тар жол, тайғақ кешулерден өттік. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»заманы қазақтың басына енді туды. Ол - «Тәуелсіздік». Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман –Мәңгілік ел. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Көз қарашығымздай сақтау мәңгі мұратымыз!
Әрбір адам мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да, ақын да, әнші де емеспін. Бірақ бүгінгі жазылмақ болған шығарма мен үшін үлкен жауапкершілікпен жазылар шығарманың бірі болмақ.Бұл шығарманы мен кітаптан да,ғаламтордан да көшірмедім.Теңіздің жағаға толқып соққан толқындарындай жүрекпен көңілден шыққан ойлар…Бұл шығарманың тақырыбы тамырын тереңге жайған үлкен ағаш секілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштың, жапырағы да көгеріп мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным қазақ ұлты,қазақ елі,қазақ халқы.Бұл мен үшін мәңгілік ел бейнесінде көрініс тапты.
Ер жеткен соң,туған жердің гүлденуі үшін кішкентай да болсын үлесімізді қосу – біздің ең алғашқы парызымыз.Бүгінмен тоқтап қалмай,ертеңге ұмтылып,Отанымыздың,Қазақстанның дамуына атсалысып,нағыз азамат екенімізді ел жұртқа көрсетіп,еліміздің расымен де мәңгілік екенін бәріне дәлелдеп атсалыссақ деймін!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет