Менің елім - менің Қазақстаным
Бастау алған ежелгі дәуірлерден,
Қазақстан дос, бауыр әрбір елмен.
Көрген талай жұтты да, қырғынды да,
Жаманның да, жақсының дәмін көрген.
Бүгін елміз жаңаша тұрмыс құрған,
Қойнауы – кен, даласы – ырыс тұнған.
Қайсар халқы, сан ұлттың өкілдері
Тағдыр қосып бастарын, туыстырған.
С.Қалиев
Мен өз елімнің ,ұлтын сүйер азаматы ретінде кеудемді қағып ,менің отаным-Қазақстан деп айқай салғым келеді.Кейде біз баса назар аудармайтын,бірақ салмағы ауыр ұғымдар болады.Менің елім .Осы екі сөздің құдіретіне бүкіл өткенімізбен бүгініміз сыйып кеттеді емеспе.Жасампаз елдің ұрпағы болу біз үшін мәртебе ,басқандай дүниелерге ауыстыруға келмейді десек артық айтпағандығымыз болар.Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».
Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің ахуалы мен әлеуетінің көтеріліп келе жатқанын байқаймыз.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арқасында 30 жылда етек -жеңін жинап , шекарасын бекітіп,өз алдына зайырлы мелекет болып ,Қазақстан деген елдің еңселі болуына,дамыған елдердің қатарына қосуда басшы ретінде бар күшін салды.Басқа халықтармен бейбітшілік, келісім және тату көршілік қарым-қатынаста өмір сүруге деген ықыластың арқасында ол тарих ағымында жоғалмады және ондаған жылдар бойы оның мемлекеттілігін қалпына келтіре алды. Қазақстан дамудың жаңа жолына түсіп,сан ғасырлық ата-бабаларымыздың еркіндік туралы армандарына қол жеткізді.
Одан ізін жалғай Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы басшылық етіп, елдің көркейуіне барынша жағдай жасап,өзге елдермен дипломатиялық қарым -қатынастарды жаңғыртуда.Бұл әрине үмме қазақ ұлтының ,қазақ халқының досқа адал екенінің айғағы.Елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүруде.Еліміздегі ынтымақ пен бірлік мақтан етуге тұрарлықтай.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.Біз бақыттымыз.Қазақстан Республикасы-өзінің тәулсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді.Енді басты міндет - осы мемлекеттің өркендеуі.Ол үшін ел болашағының кемел ұрпақтары әрдайым білім алып,заң мен тәртіпке бағынса,елдің дамуына үлес қоса алса ,Қазақстанның атын күллі әлемге танытса 32 жылда жеткен жетістігімізбен пара -пар деп білемін.Байлығымыз да,бақытымыз да болған мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Мәңгілік сөзі ата- бабалардан келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазына. Ол ана тілімен өте тығыз. байланысты.
Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. Еліміздің ертеңі - жастардың қолында. Олай болса ана тілімізді де мәңгілік тіл ету - өз қолымызда. Сондықтан да рухы биік ел болайық! Республикамыз жасай берсін.Мен сенімен мақтанам- Қазақстан!!!
Достарыңызбен бөлісу: |