Менің мақсаттарым



бет4/7
Дата14.10.2023
өлшемі1,58 Mb.
#114228
1   2   3   4   5   6   7

6- Техника. Жазбалар

  • Күнделікті жазбалар кесте құрудың дәстүрлі әдісі болып және тайм-менеджменттің ажырамас бөлігі болып табылады. Күнделік жүргізу тапсырмалардың орындалуына назар аударуға көмектеседі, өйткені ақпарат бір жерде сақталады.
  • Мысалы, сіз бір күнде жасаған барлық іс-әрекеттеріңізді жазыңыз. Содан кейін барлық әрекеттерді талдаңыз, қажетсіздерін алып тастаңыз. Немесе бір күніңізге жоспар жасаңыз, бұны таңертеңгілік рәсімге айналдырыңыз.
  • Бұл жағдайда жоспарларды дайындау мақсат қоюдан басталады, содан кейін тапсырмалар "Фиксация" техникасының немесе Эйзенхауэр матрицасының тізімінен жазылады және күнделіктің көмегімен кесте жасалады.
  • Айтпақшы, жоспарланып, жүзеге асқан әрбір істі сызып тастап отырыңыз . Бұл эмоционалды әрекет келесі тапсырмаларды орындауға итермелейді.

7- Техника. (Делегирование)Істі біреуге жүктеу

  • Бұл техника міндеттер мен тапсырмаларды жеке орындаудан олардың орындалуын басқаруға көшуге мүмкіндік береді. Ол уақытыңызды үнемдейді.
  • Бұл істі Сізден кем емес немесе тіпті Сізден де жақсы жасай алатын басқа адамға тапсырыңыз. Шұғыл және маңызды емес тапсырмаларды (Эйзенхауэр матрицасының "с" квадрантынан) басқа адамдарға тапсырыңыз.
  • Бұл өте тиімді техника: әр міндетті орындаушыны таңдаңыз, оған істі түсіндіріңіз, орындалу мерзімін, сапа стандарттарын және орындау критерийлерін анықтаңыз.

8-Техника «Бақа жеу»(Съесть лягушку)

  • Бұл техника күнді үнемі кейінге қалдырылатын, ұзақ уақыт жасалатын немесе мүлдем орындалмайтын тапсырмалардан бастауды ұсынады. Бұл жұмыстар ерекше мәнге ие және мақсатқа жетудің нәтижесіне әсер етеді. Сондықтан " бақаларды " таңертең жоспарлаған дұрыс.
  • Бұл туралы өз кітаптарында Брайан Трейси былай депті: «Бақа" жағымсыз сезімдерді тудырады және бұл оған лайық сипаттама. Алайда, мұндай міндеттер шешуді қажет етеді, өйткені олар нәтиженің бөлігі болып табылады.
  • Адамның өнімділігі көбінесе түскі асқа дейін қанша "Бақа" жеуге болатынына байланысты. Айтпақшы, Эйзенхауэр матрицасының "а" квадратындағы тапсырмалар тізімі дәл осындай "бақалардан"тұрады.
  • "Күн сайын таңертең «бақаларды» жеп қойыңыз, сонда қалған күніңіз керемет болады,.”


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет