«Менің мектебім-менің мақтанышым» Мен, Еркебұланұлы Алинұр 1 сынып оқушысымын. Менің туған жерім Абай облысы, Абай ауданы, Жүрекадыр ауылы. «Жүрекадыр»



Дата02.05.2023
өлшемі14,93 Kb.
#88775
Байланысты:
Шығарма Алинұр


«Менің мектебім-менің мақтанышым»
Мен, Еркебұланұлы Алинұр 1 сынып оқушысымын. Менің туған жерім Абай облысы, Абай ауданы, Жүрекадыр ауылы.
«Жүрекадыр» - шалғайда, таудың ортасында орналасқан ауыл. Тау, тасы аңызға айналған менің ауылымдай ерекше мекен елімізде жоқ шығар. Өйткені оның ерекше табиғаты — ең әдемі, көрікті, жусаны мен жуасы аңқыған, самал желі ескен өлкем. Адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Қасиетті осы жерде білім нәрін сусындаған мектебім, балалық шағым өтіп жатқан ауылыммен мақтанамын. Туған жерімнен шыққан ұлы тұлғалардың көшін Абай, Шәкәрім, Шәкір, Мұхтардай ұлы тұлғалы аталарымның атын құлағыма сіңіріп, өсіп келемін.
Мен, қазіргі күні Шыңғыстаудың бір шыңына айналған, ғасыр жасаған абыз ақын, Тұңғыш Президентке ақ батасын берген Шәкір Әбенов атамның атындағы мектепте білім нәрімен сусындап, тәрбиеленіп отырмын. Мектебімді қатты жақсы көремін. Мектебіміз үш қабатты ғимарат, жарық, таза, кең. Әр бөлмесі мектебімізде ерте кезде еңбек еткен ұстаз-ата-апаларымыздың есімімен аталады. Сол кісілердің ұрпақтары үлес қосып, жабдықтады. Кейінгі ұрпақ ол кісілердің еңбегін бағалап, ұмытпауымыз керек. Мектептің ауласында неше түрлі жануарлардың мүсіндері, ал жаз кезінде әсем гүлдермен көз тартады. Оны арнайы бағбан аға-апайларымыз күтіп, баптайды. Біз ол кісілердің еңбегін бағалаймыз.
Менің анам да, осы мектепте –ұстаз болып қызмет етеді. Сол кісінің және ұстазымның айтуы бойынша мектебіміздің 100 жылдық тарихы барекенін білдім. Көптеген ғұлама адамдар, дәрігер, мұғалім, инженер, археолог, суретші, өнер адамдары, ақындар білім алып, қазіргі күні жоғары деңгейде өз білімдерімен ауылымыздың атын шығарып, елге танымал болып жүр. Үлкейгенде мен де, сабағымды жақсы оқып, ұстазымның, ата-анамның тілін алып, мықты азамат болып, елін, туған жерін қорғайтын қызметкер боламын.
Сондықтан мен үнемі мектебім, туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін, мақтанамын! Болашақта ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет