алар орны ерек. Әнші ата-ағаларымыздың
ке ремет. Солардың таспасын тыңдап, іші-
са мын. Табиғатыма, талғамыма Жәнібек
ақша беріп тыңдата алмайсың. Дегенмен
маттар бар. Ережесіз жекпе-жектен әлем
респ. әншілер байқауы – ІІІ орын
атындағы VІ респ. байқау – ІІІ
өтті. Тыңдаушымыз сиреп барады. Бұл
цертті жиі беру. Ал оны арнайы мекемелер
Алматы қ.
тәр биелеу құқығынан айырылды.
алмай жүр. Өнер иесі үшін ең әуелі сахна
керек. Баба мұрасын арқалап жүрген соң,
ры на бұрын ғыдай сұраныс жоқ. Арнайы
ша қыр тусыз жұмысқа алмайды. Табал ды-
бітіре ді. Жұмыс таппаған соң, басқа салаға
кете барады. Айтар ұсынысым: дәстүрлі
да мәр тебесі өсіп қалар еді...
Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ
мәлімдемесінде. Халықаралық мәде ниет-
ұсынған болатын. Қазақстан тарапының
бағ дарламасы мейлінше сан алуан. Сон-
соң ғы жылдары жиі көтеріп жүр. Әсі ре се, тіл
сөздіктің пай дасы туралы жиі ай ты лады. Ма-
қо лай лы. Мұндай сөздіктің ең бір ар тықшы-
сараптаулардан өт кі зіледі. Кітап түріндегі сөз-
жат қан бол са ке рек.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№34 (260) 3.03.2010 жыл, сәрсенбі
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
ДАТ!
АЛАШ АЗАМАТЫ
АЛАШ-АҚПАРАТ
Ханкелді ӘБЖАНОВ, тарих ғылымының докторы, профессор:
АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...
Тарих ғылымы – қасиетті ғылым. Ол бұра тартуды
да, әсіре бояуды да, «ақсақты тыңдай, өтірікті шындай»
соғуды да көтермейді. Оның өлшемі – шындық,
ақиқатқа жүгіну.
АЛАШҚА А
Й
ТАР
ДАТЫ
М...
Тарих ғылымы – қасиетті ғылым. Ол бұра тартуды
да, әсіре бояуды да, «ақсақты тыңдай, өтірікті шындай»
соғуды да көтермейді. Оның өлшемі – шындық,
ақиқатқа жүгіну.
Түркі академиясы
құрылса, ақтаңдақтар
азаяр е
ді
– Тарихты ешбір ұлттық,
мемлекеттік, нәсілдік
мүддеге бұра тартпай,
шынайы жазу мүмкін бе?
– Мүмкін емес. Тарихта мейлінше
шатасқан, бас-аяғы араласып кеткен
оқиғалар көп. Айталық, Қазақ хан-
дығы XV ғасырдың екінші жарты-
сында Шу бойында Қозыбасы деген
жерде ша
ңырақ көтерді. Қасым,
Есім, Хақназар хандардың қайрат-
жі герімен шайба нид тердің қол
астында қалып келген оңтүстік өңірді
өзімізге қаратып алды. Патшалық
отарлаудың салдары нан 1924 жылға
дейін оң
түстік облыс
тар астанасы
Ташкентте орналасқан Түркістан
АКСР-ына кірді. ХХ ғасырдың 50-
жылдары Бос тандық ауданы, тағы
біраз жерлер Мәскеудің өктем дігімен
Өзбекстанға берілді, кейін Киров,
Жетісай, Пах тарал аудандары Қазақ-
станға қай тарылды. Бір кезде Қытай-
мен ше карамыз ды анықтаған да –
Ре с е й и м п е
р и я с ы . С о н ы ң
қырсығынан Қазан төңкерісіне дейін
ке ңестік дәуір ден бері даулы саналып
келген біраз жер Тәуелсіздік тұсында
Қытай қара мағына өтті. Бүгінде осы
тарихты Қазақ стан, Өзбекстан, Қытай
зерттеу шілері ешбір ұлттық, нәсілдік,
мем лекеттік мүддеге тартпай қалай
жаза алады? «Жерімізден айырыл-
дық» деп біз айта алмаймыз, «қа зақ
жерінің есебінен іргеміз кеңіп қалды»
деген сөзді олар айтуы мүм кін емес.
Артық ауыс сөзге бола ха лық аралық
жан жал дан ешкім ештеңе ұтпайтыны
және рас.
Бүгінде Ресей ғалымдары XVI
ғасырдан басталған отарлау
саясатын, яғни Орал тауларынан
бергі жерлерді жаулап алғанын
ақтағысы келеді. Еуро
палықтар
Африканы, Америка құр
лығын
өздеріне қарата бастағанда, Ресей
неге қарап отыруы керек, әрі-беріден
кейін бұл Шығыстың Батысқа сан
ғасырлық өктемдігіне есе қайтару
деп дәлелдегісі келеді. Ал Қазақстан
ғалымдары Ресейге бодан болудың
зардаптарын әлі санап біткен жоқ.
Тіпті ең соңғы оқиға – «ҚазСат»- тың
жоғалуын алайықшы. Біз жерсерігін
жасағандарды айыптаймыз, олар
өздеріне шаң жуытқысы кел мейді.
Тарих – өткенге бағышталған сая-
сат. Демек, оны өз мүддесіне тартпай
жазу әлдекімнің сойылын соғуға
ұрын дырмай қоймайды.
– Егер мүмкін болса,
тарихшы ретінде ең ежелгі
адамзат өрке ниетінің негізін
қалаушы халық деп кімдерді
атар едіңіз?
– Адам баласының пайда болуы
туралы екі тұжырым бар. Бірі «адам-
ды Құдай жаратты» дейді, екін шісі
адамның жер бетіндегі эволюциялық
дамудың барысында пайда болғанын
дәйектейді. Архео логиялық зерттеу-
лер әзірге ең ежелгі адамдардың
қал
дырған ізін Афри
кадан тауып
отыр. Бірақ адамдар пайда болы-
сымен өркениет негізін қалауға кіріс-
кен жоқ. Жануар
лар дүниесінен
ажы рап шық қанша, табиғатқа, қор-
шаған ортаға тәуелсіз дігін жеңгенше,
бірне ше миллион жыл өтті. Тұтынушы
шаруа шылық түрінен өндіруші ша-
руа шылық түріне көшуін ғылымда
«нео литтік революция» деген ұғым-
түсінікпен айдарлайды. Ол – осыдан
10-12 мың жыл бұрын орын алған
құбылыс.
Әлем тарихы оқулығында ең
ежелгі өркениет негізін қалағандар
ретінде қазіргі Египет, Грекия, Италия
көр сетіледі. Дегенмен арғы түріктер,
арғы қазақтар алғашқы өркениетке
аз олжа салмаған. Жылқы малының
қолға үйретілген жері Қазақстан
екені – әлем мойындаған ақиқат.
Қостанай мен іргелес Челябі аума-
ғынан табыл ған Арқайым, Сын тасты
қалаларында
дөң гелек
жасау,
металлургия, қала салу кәсібі Египет
пирамидаларынан да бұрын дүниеге
келіпті.
Менің ойымша, адам баласы бір-
бірінен тәуелсіз, әр мезгілде Жер
шарының түрлі бөлігінде дүние есігін
ашқан тәрізді. Сол себепті бұлардың
өркениет негізін түзудегі үлесі де
салыстыруға жатпайды, әрқайсысы
өзінше дара, бәрі қосыла келе,
адамзат өркениетін жасақтады.
Тарихты Олим
пиада жарысына
айнал дырудың қи сыны жоқ.
– Тарихтың қойнауында
сан мың жұмбақ жасырынып
жатқаны белгілі. Ал тікелей
қазақ халқына қатысты аса
маңызды тарихи құпия бар
ма? Бар болса, оның
ашылмау сыры қайда жатыр?
– Қазақ тарихында зерттелгеннен
зерттелмеген, түпкілікті құпиясы
ашыл ғаннан ашылмаған мәселелер
көп. Сақтар қай тілде сөйледі, «түрк»
деген сөз нені білдіреді, біз қалайша
«қазақ» атандық, Қазақ хандығы қай
жылы құрылды, «Қасым ханның қас-
қа жолы», «Есім ханның ескі жолы»,
«Жеті жарғы» сынды ата заң дардың
түпнұс
қасы табылуы мүмкін бе,
Абылайды жоңғар тұт қынынан бо-
сат қан қазақтар ма, орыс офицері
Миллер ме, қазақ зиялысы әлеуметтік
қауым ретінде қашан қалыптасты,
Аманкелді Има нов тың ажалы кімнен
келді, Алтынбек Сәрсенбаевты өл-
тірген кім?.. Осылай жалғаса береді.
Мына мәселе маңыз дырақ, анауы
маңызды емес деп сұрыптау, сынып-
тау мүмкін емес. Құпиясыз тарих
болмайды. Онсыз тарих ғылымы да
өмір сүруін тоқтатар еді.
– Түркілердің ежелгі
түптөркіні туралы талас көп.
Тіпті айдаладағы негрдің
бойынан осы халықтың
қанын табатын жағдайлар да
кезігеді. «Біз қайдан шықтық,
қайда тарадық?» дегенді
қысқаша тұжырып өтіңізші.
– Бұл таластың мәні «түркілер
қазақ даласына сырттан келді ме,
жоқ әлде байырғы тұрғындары ма?»
деген сұраққа келіп тіреледі. Бірінші
ұста нымды қолдайтындар 2001 жы-
лы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті ғима
ратына
Күлтегіннің ескерткіш тасы орна-
тылғанда «қазаққа қатысы жоқ
дүние ұлықталуда» деп наразылығын
біл діргені есімізде. Мен «байырғы
түр кілер де, одан бұрын осы далада
өмір сүрген сақтар да – қазақтың
арғы тегі» деген пайымды қолдай-
мын. Соңғы төрт мың жыл бойы Ұлы
дала
дағы материалдық, заттай,
мәдени-рухани, антрополо
гиялық
сабақ тастық пен жалғастықтың үзіл-
меуі – осының айғақ-дәлелі.
– Түркі халқы адамзат
тарихындағы ең алғашқы
жазуды пайдаланды деп
жатамыз. Бірақ кейін сондай
өркениет үрдісінен неге қол
үзіп қалдық? Егер ата жо лын
қуар дәстүрді ұстансақ,
ғылым мен білімнің биігіне
шығып, кейінгі кездері кім
көрінгеннің отары болмас
едік қой?
– Иә, байырғы түркі жазуы, Есік
қорғанынан табылған күміс тоста-
ғандағы жазулар – көненің куәсі.
Мұн
дай мұрасымен мақтанатын
бірен-саран ғана халық бар. 751
жылы Тараз дың түбінде арабтар мен
қытай лар шайқасып, Орхон-Енисей
жазуы ның тағдыры шешілді. Жеңіске
жеткен арабтар сына жазуын ығыс-
тырып, өз графикасын орнық тырды.
Сөз орайы келіп тұрғанда айта ке-
тейін, 1988 жылы орыстар христиан
дінін қабыл дауының мың жылдық
мерей
тойын өткізді. Келер 2011
жылы біздің ислам дініне кір-
геніміздің 1260 жыл дығын атап өтуге
негіз бар.
Әрине, жазудың тарихтағы орны
биік. Әйтсе де жазу ата жолын
сақтаудың басты шарты емес.
Қазақ даласының отарланатыны
XV ғасырдан-ақ белгілі болды. Ұлы
гео графиялық ашулар, португа лия-
лықтардың 1415 жылдан Солтүстік
Аф риканы бағындыра бастауы, ең
бастысы – 1492 жылы еуропалық-
тардың Аме
рика құрлығына аяқ
басуы нәтижесінде салт атты-көшпелі
шаруашы лық мәдени типтің урба-
нистік-оты рық шылық даму жо лының
алдында тізе бүккен еді. Мұның
сыртында XV ғасыр қарсаңында
Әмір Темір мен Тоқтамыс хан өзара
қыр қысып, түркі әлемінің қуаты зая
кетті. Міне, осын дай тағдыр анық-
тағыш бетбұ рысты сәтте құрылған
Қазақ хандығы шай банид термен,
Ноғай ордасы
мен, моғолдармен
бірде шабысып, бірде табысып,
мемлекет ретінде қалып тасқанмен,
эконо ми каның
әлжуаз дығынан,
техникалық осал дығынан урбанистік-
отырық шылық әлеуетке ие іргедегі
Ресейдің немесе алыста ғы Англияның
отарына айналмай тұр мас едік. 1552
жылы Иван Грозный әскерінің
Қазанды алуы, 1581-1583 жылдары
атаман Ермак тың Сібірді бағындыруы
келесі кезекте кім тұрғанын айтпай-
ақ ұғын дырды. Найза мен қылыш от
қа
руынан әлде
қайда әлсіз ғой.
Шәкәрім қажы жазғандай:
– Қайда кетті жаралыс берген байлық?
Ұстағаны әскер мен қару сайлық...
Мен ақ жүрек деген сөз босқа
шығын,
Қару, күшпен көрсетіп
қасқырлығын.
Мылтық билеп тұрғанда әділет жоқ,
Алдамай-ақ аулақ өл, жарықтығым.
Әлдінің әлсізді жәбірлеуі қазір тоқ-
татылды деп өз басым айта ал май-
мын.
– Л.Н.Гумилевтің түркі
тарихына байланысты
жазған еңбектері біздің
халықтың шынайы болмыс-
бітімін бейнелеп, шығу тегіне
адал ой айтты дей аласыз ба?
– Л.Н.Гумилев – тарих ғылымына
зор үлес қосқан ғалым. Оның ғұндар,
хазарлар, байырғы түркілер, Еур-
азиялық бірлестік туралы зерттеулері
кезінде КОКП-ның партиялық,
таптық, ұлыдержавалық теориясы
мен идео логиясына қиғаш келгені өз
алдына, жүрегі, ниеті халқым деп
тебіренген талай қазақ ғалымдарына
моральдық, шығармашылық қолдау
болды, методологиялық ұстанымның
бірегей үлгісіне айналды, арғы қа-
зақтар тарихтың ұзына бойына да-
мы
май ме
шел қалғандар емес
екендігін биік өремен дәйектеді.
Тарихты жасайтын күш – халық.
Ал тарихшы ғалым зерттеп отырған
тарихтың бел ортасында тұрған
халық
ты жақсы көруге немесе
ұнатпауға міндетті. Басқа жол жоқ.
Бейжай, са
марқау көңіл күймен
тарихты зерттеуге ешкім тыйым
салмайды, әрине, бірақ ондай ғалым
Л.Н.Гумилев шыққандай биіктен
көріну мүмкін емес.
Қазақтың арғы-бергі тарихын
ешкімдікіне ұқсамайтын теориялық-
методологиялық пайыммен зерде-
легенде Л.Н.Гумилев ішіне қулық
сақтады деген ойға бара алмаймын.
Ол – қазақтың біртуар азаматтарымен,
мәселен, Ақселеу Сейдімбекпен
риясыз пікірлесіп, хат жазысып
тұрған жан. Қазақтар туралы пікірінің
дұрыстығы шығар, артында қалған
жесірі жұмыс кабинетіндегі жиһазды
кітаптарымен бірге Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық универ-
ситетіне та быстады.
Л.Н.Гумилев шығармалары бү-
гінгі күн үдесінен шығып тұрғанына
бір мысал келтіре кетейін. Әйгілі «От-
крытие Хазарии» деген еңбегінде
ортағасырлық осынау елдің түбіне
бұқара халық пен билеушілердің
түр
лі дінді ұстағандығы жеткенін
дәйек тегені белгілі. Бұл – тәуелсіз
жас мемлекетіміз үшін тағылымды
тарих.
Өзгелердің тарихын өз ұлтының
тарихынан кем көрмей, алаламай,
күйелемей жазған ғалым Л.Н.Гу ми -
левті нағыз гуманист десек, қателес-
пейміз.
– Жалпы түркі халықтары-
Достарыңызбен бөлісу: