«Менің Отаным Қазақстан», «Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау



бет17/19
Дата27.10.2022
өлшемі2,74 Mb.
#45805
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Жауаптары
І нұсқа
1 - тапсырмаА. Айымбетовтың өмірбаянынан берілген үзіндіні оқы
Айдын Айымбетов — қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық Батыры. Қазақстанның үшінші ғарышкері А. Айымбетовтың ғарышқа сапары 10 күнге созылды. Осы сапар барысында ол бірнеше ғылымизерттеу жұмыстарын жүргізді. Физика саласы бойынша жер
үсті жағдайында алуға келмейтін кристалдарды сынақтан өткізді. Ұлттық тағамдардан жасалған қоспалардың ғарышта адам ағзасына сіңірілуін сынау үшін «Дастарқан-6» экспериментін жүргізді. Сонымен қатар Арал өңіріндегі шаңды дауылдарды, Каспий теңізінің мұнай өндірісі кезіндегі ластануын зерттеді. Қорыта айтқанда, Айымбетовтің ғарыштағы он күні ғылымға үлкен олжа болды.
а) Мәтінге сүйеніп, А. Айымбетовтың ғарышта жасаған зерттеулері туралы жаз.
1) жерүсті жағдайында алуға келмейтін кристалдарды сынақтан өткізді/
2) ұлттық тағамдардан жасалған қоспалардың ғарышта адам ағзасына сіңірілуін сынады
3) Арал өңіріндегі шаңды дауылдарды, Каспий теңізінің мұнай өндірісі кезіндегі ластануын зерттеді
1) Суретте бейнеленген ғарыш айлағы қалай аталады?

Байқоңыр
2) Қазақстанның әлемге танымал болуына бұл ғарыш айлағының қандай әсері бар?
Байқоңыр – әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Ол Қазақстанда орналасқан. Байқоңырдан ғарышқа тұңғыш рет адам ұшқан, көптеген жер серіктері ұшырылуда. Соның арқасында Қазақстанды әлем таниды. Қазіргі кезде Байқоңыр халықаралық ғарыш айлағына айналды

2-тапсырма 1)Суреттердің көмегімен Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін жаз.

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы
2. ұлттық валютаның енгізілуі
3. кино өнерінің дамуы
2) Суға шомылу кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Суреттердің көмегімен 4 ереже құрастырып жаз.

1).таныс емес жерлерден суға секірме, су түбінде бөтен заттар болса, жараланып қалу қаупі бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет