Менің сүйікті актерім Кудекова Карина



Дата13.10.2022
өлшемі4,37 Mb.
#42948
түріӨмірбаяны

Менің сүйікті актерім - Кудекова Карина

Орындаған: Кобелекова Лаура

Тексерген: Динара Нургазықызы

Өмірбаяны

1998 жылы 31 наурызда Өзбекстанның Газалкент қаласында дүниеге келген.

Бала кезінен ол өте белсенді және жарқын адам болды.

Кішкентай кезінен театр және кино әртісі болу армандаған! Бірақ мектепті бітірген соң Тұран колледжіне аудармашы мамандығы бойынша оқуға түседі. Колледжден кейін 2017 ж. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын драма театры мен кино әртісі мамандығы бойынша түседі, ал 2021 ж. бітіреді.

Театр

Карина әсіресе өнер мен театрларды жақсы көреді! Мектепте оқып жүргенде, 8-сыныпта театр үйірмесіне жазылды, өйткені сахна оны шабыттандырады! Оның алғашқы ресми рөлі Шекспир пьесасындағы Джульетта болды. Актерлік өнердің 3-ші курсында оқып жүргенде ол Наталья Сац театрында өнер көрсете бастады, әлі де әртүрлі қойылымдарда ойнайды: «Қар ханшайымы», «Қар барыстың шытырман оқиғалары», «Дива» және т.б.

Кино

Бұл актрисаның кинематографиясы өте қызықты. Басынан бастап киноға, сериалға түскісі келмеді, өйткені мұны өнер деп санамады, бірақ оқудың бірінші жылында Молданазардың бейнебаянына түсуге шақырылып, түсірілім алаңына өз махаббатын ашты. . Ол «Сәке» сериалындағы Ләззат рөлінен кейін танымал бола бастады.Сондай-ақ «Дос-Мұқасан», «Паралимпиадашы», «Алға», “Теміртас”, “Оркестр” және т.б фильмдерде түсті.

Қорытынды

Карина Кудекова – өте сұлу, талантты, мүмкіндігі мол актриса. Шынымды айтсам, ол өз жұмысын жақсы көретін адам және ол мен үшін үлгі, оған ұқсағым келеді!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет