Абай атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
8-сынып
Мұғалім:
Аканбаева Алмагуль Турсунбаевна Қазақ халқының ауыз-әдебиеті: Мақал-мәтелдер Жұмбақтар Ертегілер Тұрмыс-салт жырлары Қазақ ырымдары Жаңылтпаштар Лиро-эпостық жырлар Аңыз-әңгімелер Қандай лиро –эпостық жырларды білесіздер?
«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»
«Қыз Жібек»
«Айман-Шолпан»
«Есім – Зылиха»
«Мақпал қыз»
Сабақтың тақырыбы:
«Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жыры Оқу мақсаттары:
Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізесіз, ерекшеліктерді бақылайсыз;
Берілген тақырып бойынша сұрақтарға еркін жауап бересіз.
Жаңа сөздер: Олжа-пайда, кіріс, табыс
Қияметтік- ақыреттік
Медеу қылу-тірек болу
Менсінбеушілік-қомсынушылық, кемсінушілік
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастаны - қазақтың ғашықтық жырлары ішіндегі ертеректен келе жатқан және қазақ арасына өте көп тараған түрі. Бұл жырдың 16 түрлі нұсқасы бар. Көп заман бойында көп ақындар жырлағандықтан осындай әлденеше нұсқалар пайда болуы фольклор көлемінде заңды саналады. "Қозы Көрпеш - Баян" жайы көбінше екі жастың қайғылы қазасымен бітеді. Әуелі Қозы Көрпеш өледі, содан кейін ғашықтық дертінен Баян да өледі. Бірақ кейбір нұсқаларында халық Баян мен Қозыны мұрат-мақсатына жеткізіп қояды. Тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіздер.
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастаны қандай жыр? Жырдың қанша түрлі нұсқасы бар? "Қозы Көрпеш - Баян" жайы немен аяқталады? 1
2
3
Жауап үлгісі: