Менингококкты инфекция - жедел респираторлы бактериялды қоздырғышы ауа тамшысы механизімімен берілетін, мұрын, жұтқыншақ кілегей қабатының зақымдалуымен, жұмсақ ми қабығының қабынуымен, септицемиямен, аурудың симтомсыз түрінен бастап, іріңді менингококкты сепсиске дейінгі клиникалық түрлерімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Диаметрі 0,6-1 мкм болатын, кофе дәніне ұқсас грам теріс боялатын диплококк. Спора түзбейді, аэроб немесе факультативті анаэроб. Морфотинкториалды қасиеттері тұрақты емес, сарысу қосылған қоректік ортада 36-37 С температурада өседі.
Этиология
Грам-теріс диплококк
Эпидемиология
Инфекция көзі –
- Ауру адам
- менингококк тасымалдаушы
Жұғу механизмі –
- Ауа тамшы арқылы
Елдерде таралуы
Ең жиі кездесетін ел-Орталық Африка.
Патогенезі
Менингококк патогенезінде негізінде 2 компонент басты роль атқарады :
Инфекциялық
Токсикалық
Классификация
Аурудың жіктелуі В. И. Покровский бойынша
жергілікті түрлері:
Менингококк тасымалдаушы
жедел назофарингит;
Жайылмалы түрлері:
менингококцемия,
менингит,
менингоэнцефалит
аралас;
Сирек кездесетін түрлері:
эндокардит,
полиартрит,
пневмония,
иридоциклит
Жедел назофарингит
Температура 38.5 С көтеріліп1-3 күн сақталады. Жалпы интоксикация ( бас ауру, бас айналу ) белгілерімен қатар мұрны бітеліп шыршты қабаттары кеуіп, өңештің кілегей қабатында лимфоидты фолликулардың тары тәрізді үлкейгені байқалады.