Меншік иесі: Ахмет Байтұрсынов атындағы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#6680
  1   2   3   4   5

C

M

Y



K

МЕНШІК ИЕСІ: 

Ахмет Байтұрсынов

атындағы  

Қостанай мемлекеттік 

университеті.   

Ректор Хусаиын ВАЛИЕВ

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

Төраға

Кенжеғали САҒАДИЕВ 

Диқан ҚАМЗАБЕК

Хусаиын ВАЛИЕВ

Алмас ӘБСАДЫҚ

Гүлнар БЕРКЕНОВА

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бас редактор

Ақылбек ШАЯХМЕТ

8(705) 650-65-51

шығарушы редактор

Қымбат ДОСЖАНОВА

8(702) 514-14-03

менеджер-дизайнер

Айтолқын ҚАПАН

Журнал ҚР Мәдениет

ақпарат және  

қоғамдық келісім

министрлігінде  

2002 жылы 

18 қарашада тіркеліп,

№3386-Ж куәлігі берілген. 

Екі айда бір рет шығады.

Редакцияға келіп түскен 

хаттар әдеби өңделеді, 

қысқартылады, 

ойы сақталып түзетіледі. 

Көлемі үш компьютерлік 

беттен асқан материалдар 

қабылданбайды.

Журнал 2003 жылғы 28 қаңтардан шыға бастады

6(85) қараша-желтоқсан, 2016 жыл  

ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл

   Татулыққа не жетеді ! 

Тәуелсіздік, арманы едің бабамның,

Тәуелсіздік, тірегі сен ғаламның.

25 жыл тойын тойлап қазағым,

Осы жылда бір белеске жаңардың.

Бар қазақтың қалауы да сен едің,

Мәңгілік ел көркейеді, сенемін.

Дербес елді қадірлейік, ағайын,

Бейбіт елде өмір сүрсін бөбегің.

Татулыққа не жетеді ғаламда?!

Тәуелсіздік, сенің қымбат бағаң да.

Жердің бетін жеті айналып шықсам да,

Азат күннен асқан бақыт табам ба?

Жұлдыз ТОСОВА,

ГӘФ журналистика мамандығының 3-курс 

студенті.


C

M

Y



K

Жақсы жаңалық

Қ о с т а н а й 

о б л ы с ы н ы ң 

ә к і м і   А р х и м е д 

Мұхамбетов  Ах-

мет  Байтұрсынов 

а т ы н д а ғ ы 

Қ о с т а н а й 

м е м л е к е т т і к 

университетінің 

с т у д е н т   ж а -

с т а р ы   ж ә н е 

оқытушыларымен 

кездесті.

Астықты  аймақ 

басшысы  кездесудің 

алдында  студенттер 

жатақханасы  мен 

бірнеше  әлеуметтік 

нысандарды  аралап 

көрді.  Нысандардың 

ж а б д ы қ т а л у ы н а , 

м а т е р и а л д ы қ -

техникалық базасына 

көңілі  толғанын  ай-

тып, жоғары бағасын 

берді.  Содан  кейін 

іргелі  оқу  орнының 

б а с   ғ и м а р а т ы н а 

келіп,  жастар  және 

о қ ы т у ш ы л а р м ен 

кездесті. Іс-шараға облыстық басқармалардың бас-

шылары, Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов 

та қатысқан болатын. 

-  Оқу  орнының  студенттерімен  кездесудің 

өзіндік мәні бар. Ахмет Байтұрсынов халық үшін 

елеулі еңбек еткен тарихи тұлға. Артынан өшпес 

із қалдырған бірегей азамат. «Балам дейтін жұрт 

болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын» де-

ген аталы сөздің авторы да – А.Байтұрсынов. Біз 

жастарға қолайлы жағдай жасамасақ, елін сүйетін 

патриот қайдан шығады? Алаш ардақтысының 

айтпақ ойы осы еді. 

Университеттің  бірнеше  корпусын  аралап 

көрдім.  Студенттердің  білім  алуына  жағдай 

жасалған.  Тарихы  терең  университет  заман 

ағымына сай дамып келеді. Бүгінде мұнда жеті 

факультет  бар.  Оқытушылар  құрамы  білікті 

мамандар,  жоғары  білімді  профессорлармен 

жасақталған.  Түлектерді  жұмысқа  орналастыру 

деңгейі – 82 пайызға тең. Бұл – жақсы көрсеткіш. 

Десек  те,  аталған  бағыттағы  жұмысты  әлі 

де  күшейту  керек,-деді  облыс  әкімі  Архимед 

Мұхамбетов. 

Кездесуде  ҚМУ-дың  ректоры  Х.Валиев  оқу 

орнының  жетістіктерін  баяндап  берді.  Хұсаин 

Хасенұлының айтуынша, қазіргі таңда университетте 

бес мыңға жуық студент оқиды. Олар 57 мамандық 

бойынша білім алуда. Университет былтырғы жылы 

мемлекеттік  аттестациядан  сүрінбей  өтіп,  жоғары 

оқу  орындарының  республикалық  рейтингінде  7 

орынға  тұрақтады.  Сонымен  қатар  «Жаңа  үдемелі 

индустриялық-инновациялық  даму»  мемлекеттік 

бағдарламасы мен  «Серпін-2050» «Мәңгілік ел жа-

стары – индустрияға!» әлеуметтік жобасына белсенді 

қатысуда.  

Ахмет  Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ  –  солтүстік 

аймақтағы  үздік  оқу  орны.  Мұнда  Қазақстанның 

түпкір-түпкірінен  келген  жастар  білім  алып  жатыр. 

Университет  жыл  сайын  агроөнеркәсіп,  машина 

құрастыру салаларына қажетті мамандар даярлай-

ды.  Осылайша,  жүздеген  жас  өрендер  облыстың 

экономикасының дамуына үлес қосуда. 

Бүгінгі күннің талабы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бұл 

тұрғыда университеттің жетістіктері көңіл қуантады. 

Оқу орнының тоғыз мамандығына үш тілде білім беру 

енгізілген. Оқу үлгерімі  жақсы студенттерге Еуропа 

мен  Ресейдің  жоғары  оқу  орындарында    білім  алу 

мүмкіндігі беріледі. 

Ресми  баяндамадан  соң  кездесу  сұрақ-жауап 

форматында  жалғасты.  Студенттер  белсенділік 

танытып, облыс әкіміне әртүрлі сауалдарын қойды. 

Алғашқылардың бірі болып сөз алған профессор С. 

Жиентаев  Қостанайда  өндірілетін  өнімдерді  алыс-

жақын шетелдерге жеткізу, экспорт көлемін ұлғайту 

Облыс  әкімі  университет 

жастарымен кездесті

4


C

M

Y



K

туралы білгісі келетінін айтты.  



- А у ы л   ш а р у а ш ы л ы ғ ы   с а л а с ы н д а ғ ы 

басымдықтардың бірі дайын өнімдерді көбейту. 

Осы  мақсатта  «Индустриалдық-инновациялық 

даму»  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында 

жұмыстар  жасалуда.  Ең  маңыздысы,  бәсекеге 

қабілетті  сапалы  өнім  шығару.  2016  жылдың 

көрсеткіші  бойынша,  экспорт  көлемінің  өскені 

байқалады. Әсіресе сүт өнімдері. Биыл «Милх» 

кәсіпорнының  өнімдерін  экспорттау  ұлғайды. 

«Баян  сұлу»  фабрикасының  тәттілері  де  көрші 

елдерде  сұранысқа 

ие.  Өз  басым  бұл 

жетістіктерді  аз  деп 

есептеймін.  «3  же-

лания»  майонезін 

ө н д і р е т і н   з а у ы т 

Қостанай облысының 

аумағында  сұйық 

м а й   з а у ы т ы н 

с а л ғ ы с ы   к е ле д і . 

Бірлескен  жобаның 

арқасында  өңірде 

майлы дақылдардың 

көлемін  арттыруға 

ниет бар. 

Облыста  бірнеше 

құс фабрикалары бар. 

Олардың  кейбіреуі 

кеңес үкіметі кезінде 

салынған.  Ескірген 

нысандар  жаңғырту 

ж ұ м ы с т а р ы н а н 

ө т і п ,     з а м а н а у и 

қ ұ р ы л ғ ы л а р м ен 

жабдықталды. Бірақ, 

бізге  құс  етін  өндірумен  айналысатын  фабри-

калар  жетіспейді.  Отандық  тауарлар  ішкі  және 

сыртқы нарықта сұранысқа сай, бәсекеге төтеп 

беретіндей болуы керек,-деді облыс әкімі. 

Журналистика  мамандығының  2-курс  студенті 

Екатерина Кисяева Қостанай облысында сұранысқа 

ие  мамандықтар  туралы  сұрады.  Студент  жоғары 

жалақы төленетін саланы білгісі келетінін де жасыр-

мады. 


 - Облыс – аграрлы аймақ. Бізде агроном, зоо-

техник, инженерлер көп. Бұл заңдылық. Алтыншы 

жыл  қатарынан  машина  құрастыру  саласы  да-

муда. Осы салаға қажетті мамандардың жетпей 

жатқанын  байқаймыз.  «СарыарқаАвтоПром» 

ЖШС,  «АгромашХолдинг»  АҚ  сияқты  ірі 

компанияларға кадр керек деп батыл айта ала-

мын. Өйткені, жыл сайын көліктің жаңа түрлерін 

құрастырудамыз.  Құрылысшылар,  архитектор-

лар  да  тапшы.  Электрші,  дәнекерлеуші  сынды 

кәсіп  иелері  кез  келген  уақытта  қажет.  Негізі, 

қоғамға барлық мамандық пайдалы. 

Жоғары  еңбекақыны  «ССКӨБ»  АҚ-ның 

қызметкерлері  алады.  Таран  ауданы,  Рудный 

қаласының  жұмысшыларының  жалақылары 

жақсы. Өйткені, сол жерлерде ірі өнеркәсіп орын-

дары  орналасқан.  Сіздерге  жалақысы  жоғары 

жұмысты іздеудің қажеті жоқ. Жаныңызға жақын, 

табиғатыңызға  сай  мамандықты  таңдаңыздар. 

Мамандығыңызды  жан-дүниеңізбен  жақсы 

көріңіздер.  Өз  ісіне  адал  адам  ғана  табысқа 

жетеді,-деді өңір басшысы. 

Аграрлық-биологиялық  факультетінің  3-курс 

студенті  Ботагөз  Аманжол:  «Жақын  арада  атақты 

мерген Кейкі батырдың бас сүйегі елге қайтарылды 

дегенді естігенде қатты қуандым. Бұған байланысты 

облысымызда қандай іс-шаралар өткізіледі?» деді. 



- Кейкі батырдың бас сүйегі елімізге оралды. 

Сүйінші  хабарды  БАҚ  құралдарынан  естігін 

шығарсыз. Бас сүйек қазір мұражайда уақытша 

с а қ т а л ы п 

отыр. Аталған 

ж ұ м ы с қ а 

ү к і м е т   т а -

р а п ы   а с а 

көңіл  бөліп, 

о б л ы с т ы қ 

ә к і м д і к   ө з 

бақылауына 

алды.  Келесі 

ж ы л д ы ң 

м а м ы р   а й -

ы н д а   К ей к і 

б а т ы р д ы ң 

денесін  іздеу 

б а с т а л а ды . 

Қ а з і р   а у ы л 

ақсақалдары 

мен  тарихшы-

лардан дерек-

дәйектер  жи-

нап, Аманкелді 

ауданындағы 

ү ш   ж е р д і 

белгілеп отыр-

мыз.  Қолдағы  мәліметтерге  сай  зерттеу  жасай-

мыз. Қыс мезгілінде ауа райы қолайсыз. Мамыр 

айында  су  тасып,  жер  кепкен  соң  бірден  іске 

кірісеміз.  Денесі  табылып  жатса,  генетикалық 

зерттеу жүргізіледі. Аманкелді ауданында Кейкінің 

ұрпақтары  бар.  Жоспарланған  жұмыстар  өз 

мезгілінде орындалса, қыркүйек айында жерлеу 

рәсіміне кірісеміз,-деді облыс әкімі А.Мұхамбетов. 

Мерген  Кейкі батырдың  кесенесі  осыдан  20  жыл 

бұрын  Аманкелді  ауданында,  Арқалық  қаласынан 

65 шақырым жерде, тас жолдың бойында салынған. 

Оның қазіргі келбеті нашар. Облыс әкімінің айтуын-

ша, сол жерде жаңа кесене бой көтермек. Қазіргі күні 

Алматы  қаласындағы  белгілі  сәулетші  Бек  Ибраев 

жаңа кесененің эскизін дайындап жатыр. Жаңа жылға 

дейін кесененің бірнеше нұсқасы комиссияның наза-

рына ұсынылады. Бекітілген нұсқа бойынша жобалық-

сметалық  құжаттар  дайындалады.  Наурыз  айында 

кесененің құрылысы басталмақ.



Кездесуде ауыл жастарын қолдау, қала ішіндегі 

жолаушылар автобустарының қозғалыс уақытын  

бақылау тұралы ұсыныстар айтылды. Сонымен 

қатар  Қостанай  облысы  жастарының  «Алтын 

кітабына,  «Тобыл»  футбол  командасының 

болашағына қатысты сауалдар қойылды.  

Қымбат ДОСЖАНОВА.



Суреттерде кездесу сәті бейнеленген.

5


C

M

Y



K

Жүрекжарды лебіздер

Даңғыл жол-

да дараланып 

келеміз

Жамал

ШАУКЕН, 

журналистика 

мамандығының 

2-курс студенті:

-  Сан  ғасырлар 

бойы  халқымызға 

а р м а н   б о л ғ а н 

тәуелсіздігіміздің 

арайлы  ақ  таңы 

атқанына  биыл  25 

жыл  болып  отыр. 

Бұл  біз  үшін  үлкен 

қ у а н ы ш .   О с ы 

жылдың  ішінде  егеменді  еліміз  өзінің  дамуында 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

кемеңгер  саясатымен  бір  ғасырға  бергісіз  жолды 

еңсеріп үлгерді.

Қиын  күндер  артта  қалды.  Бүгінде  Қазақстан 

тәуелсіз  мемлекет  ретінде  дүние  жүзіндегі  барлық 

елдерге танылды. Қазақ елінің аты әлемге мәшһүр 

болды. Жиырма бес жылда экономикада, саясатта, 

әлеуметтік  дамуда  көптеген  жетістіктерге  жеттік. 

Даңғыл  жолда  дараланып  келеміз.  Әлемдік  арена-

да ойып тұрып орын алған елдердің бірі деп біздің 

елімізді,  Қазақстан  Республикасын  мақтанышпен 

айта аламыз. Лайым, тәуелсіздігіміз ұзағынан болып, 

еліміз  биік  белестерден  көріне  берсін.  Болашақта 

елімнің дамуына мен де өз үлесімді қосамын.

Тәуелсіздік 

тұғыры 

берік болсын

Жангелді 

ШАУКЕНОВ, 

ф и л о соф и я 

кафедрасының 

доценті,  тарих 

ғылымдарының 

кандидаты:

-  1986  жылғы 

А л м а т ы д а ғ ы 

желтоқсан оқиғасы 

тәуелсіздікке  ба-

с т а р   ж о л д ы ң 

алғашқы  қадамы 

болды. Осы жылы жастардың саяси санасы, қазақтың 

намысы оянды. Бұл оқиға ел есінде мәңгі қалды.

16 желтоқсан Қазақстандай жарқын елдің тарихын-

да ең маңызды және жүрекке жақын қымбат күн. Ата-

бабаларымыздың көп жылдар бойы аңсаған арман-

дары орындалған күн. Бұл күн бізге күш береді, елім, 

жерім  деген  әрбір  азаматтың  бойына  рухани  жігер 

мен патриоттық сезім сыйлайды. Тәуелсіз ел болып, 

ата  заңымызды  қабылдап,  шекарамызды  бекіттік.  

Қазақстан  Республикасы  егеменді  елге  айналды. 

Шетелдер жаңа мемлекетті өз қатарына енгізді. Қазақ 

елін 25 жылдың ішінде әлем таныды. Бұл біз үшін ең 

қуанышты және мақтанышпен айтатын нәтиже. Соны-

мен қатар, еліміз әлеуметтік-экономикалық және сая-

си жолда бірнеше жетістіктерге қол жеткізді. Дамыған 

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

6


C

M

Y



K

елу елдің қатарына кірдік. Болашақта дамыған отыз 

елдің қатарына кіреміз деп сенемін. 

2010  жылы  Астанада  ЕҚЫҰ,  2011  жылы  ИКҰ 

саммиті  өтті.  2003  жылдан  бастап  әлемдік  және 

дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының  съездері 

өткізіліп келе жатыр. Мұның бәрі өркениеті биік елдің 

көрінісі. Себебі, шағын және орта бизнесіміз дамып 

келеді.  Соның  арқасында  халықтың  әлеуметтік-

экономикалық жағдайы жақсарды. Елімізде тыныштық 

орнап, халқымызда қоғамдық келісім болды. Осының 

арқасында,  Қазақстан  Республикасы  болашақта 

өркендеген  мемлекет  қатарына  кіреді.  Мен  қазақ 

елінің азаматы ретінде, қазақ елінің патриоты ретінде 

еліміздің  болашағы  жарқын  боларына  сенемін. 

Тәуелсіздік тұғыры берік болсын!



Бейбітшілік   

ұланымыз

А я ж а н 

БЕРДІБЕКҚЫЗЫ,

журналистика 

мамандығының 

1-курс студенті:

Мен үшін еліміздің 

ең  басты  жетістігі  – 

тәуелсіздігі.  Қазақ 

елінің басына қонған 

б а қ ы т ы   д а ,   ос ы 

егемендік.  Азат  ел 

атанғанымызға биыл 

жиырма бес жыл то-

лып  отыр.  Аз  уақыт 

емес.  Мемлекетіміз 

бен  халқымыз  үшін 

құнды мереке болмақ. 

Еліміз  жиырма  бес  жыл  ішінде  биік  белестерді 

бағындырып, толағай табыстар мен жеңістерге қол 

жеткізді.  Соның  бәрін  бағалай  білу  мына  біздей 

жастардың қолында. Қазіргі таңда Қазақстан әлем 

сахнасында  мақтанарлықтай  үлкен  беделге  ие. 

Мен  тәуелсіз  елдің  ұрпағы  ретінде  мұның  бәрін 

мақтанышпен айта аламын. Басқа мемлекеттерден 

тәуелсіз еліміздің ерекшелігі көптеген ұлт өкілдерінің 

ауызбіршілікте өмір сүруінде. Ұлттар достығы біздің 

елде ғана ең жоғары деңгейде. Бүгінгі бейбіт елдің 

шуақты күндерін бағалай білу жас буынның парызы 

деп білемін. 

Елдік 

баянды 

болғай

А

н

а

р 

БАРСАҚБАЕВА,

Г

Ә

Ф 

д е к а н ы н ы ң 

тәрбие жұмысы 

жөніндегі орын-

басары:

А з а т т ы қ 

– к е з   к е л г ен

елдің  арманы. 

1991  жылғы  16 

желтоқсаны  күні 

Қ а з а қ с т а н   ө з 

тәуелсіздігін жариялады. Бұл – еліміздің тарихындағы 

аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады. Биыл, міне, 

еліміздің егемен елдердің қатарына қосылғаннан бері 

25 жыл өтті. Осы жылдар аралығында Қазақстан өз 

мемлекеттігін  құрудың  жолына  түсті;  мемлекеттік 

нышандар,  Конституция  мен  Заңдар  қабылданды; 

ұлтық  валюта  қолданысқа  енгізілді;  саяси  және 

экономикалық  реформалар  жүргізілді;  көптеген 

жұмыс  атқарылды;  ал  соның  ішінде  тәуелсіздіктің 

бейбіт және шуақты күндері бәрінен де биік тұрады. 

Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да, 

мақтанарымыз да көп.

Дербес  болуға  бағыт  алған  егемен  еліміз  – 

Қазақстанды көркейтіп, абыройын асыру үшін білім 

мен білік жолын таңдаған жас ұрпақ жұмыла еңбек 

ету қажет. Бірлік пен қажырлы еңбектің арқасында 

еліміздің  қуанышы  еселене  түседі.  Халқымыздың 

арманы, елдігі баянды болсын.

7


C

M

Y



K

ҚМУ: азаматтық бірлік және патриотттық аймақ

2016 жылдың 21-қазанында Қостанайдағы Жастар 

бастамаларын қолдау орталығы және дін істері мен 

азаматтық қоғам жөніндегі министрліктің мемлекеттік 

гранты  аясында  жүзеге  асып  жатқан,  облыстық 

азаматтық  форумның  «Әлеуметтік  идеялар  мен 

жобалардың жәрмеңкесі» байқауы өтті. 

Байқау  жылдағыдай    үш  кезеңнен  тұрды. 

Жәрмеңкеде  қоғамдағы  әлеуметтік  проблемалар-

ды  шешуге  арналған  түрлі  идеялар  мен  жобалар 

ұсынылды.  Студенттер  мен  олардың  жетекшілері 

көкейде  жүрген  мәселелерін  әр  алуан  жобалар 

арқылы  жүзеге  асы-

руды  мақсат  тұтқан. 

Б а й қ а у д ы ң   со ң ы н д а 

ә леу м е т к е   п а й д а л ы , 

ұтымды  идеялардың  ав-

торлары шағын гранттарға 

ие  болды.  Солардың  бірі 

біздің  университетіміздің 

студенті  –  Жанболат 

Кенжеғұлдың  ұсынған 

ж о б а с ы .   Ж а н б о л а т 

гуманитарлық-әлеуметтік 

факультетіндегі  журна-

листика  мамандығының 

4-курсында  оқиды.  Ол  

«Мәңгілік  ел.  Біртұтас 

мәдени  кеңістік»  номина-

циясы  бойынша  үздіктер 

қатарынан көрініп, жалпы 

құны 70 000 теңге болатын шағын грантты ұтып алды. 

Жанболат оқуға түскен күннен бастап өзін белсенді 

студент  ретінде  көрсетіп  келеді.  Осыған  дейін  де 

бірнеше байқауларда жүлделі орындар алған еді. 

Студенттің жетістігі тікелей жетекшісіне де байла-

нысты.  Жанболаттың  идеясын  әрі  қарай  дамытуға 

үлес  қосып,  бағыт-бағдар  берген  –  журналистика 

кафедрасының  оқытушысы  Саян  Тельманқызы. 

Ұстаз  бен  шәкірті  екеуі  бірлесіп  жасаған  жобаның 

мақсаты: тарихи өлкенің рухани құндылығын сақтау 

және салыстыру. Идея авторының айтуы бойынша , 

осы жоба арқылы тарихи өлке, Торғай жеріне барып, 

аймақтағы мәдени жерлерді жастарға аралату. Туған 

өлкеге  саяхат  арқылы  жастардың  рухани,  тарихи, 

мәдени кұндылықтарын арттыру. 

Дәстүрлі  жастар  мәселелерін  шешудің  мазмұны 

мен тәрбие тәсілдері түбегейлі өзгеріске ұшырауда. 

Қазақстандық жас буынның бойында отаншылдық, 

іскерлік, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырмай, 

жастардың рухани өркендеуіне, аға буынның әлеуметтік-

мәдени  тәжірибесін,  әлем  өркениеті  жетістіктерін 

игеруіне жол ашпай, әлеуметтік ұстанымдағы эконо-

микасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. 

Мұндай мақсаттарды 

ж ү з е г е   а с ы р у 

жастарға,  жалпы 

қоғамға қатысты сая-

сатты қалыптастыру 

мен  жүзеге  асыру 

і с і не   ж а с т а р ды ң 

өздерін  белсенді 

т ү р д е   т а р т у д ы 

көздейді.  Мемлекет 

жастарға,  олардың 

материалдық деңгейі 

м ен   ә леу м е т т і к 

ж а ғ д а й ы н а 

қарамастан, өмір жо-

лын таңдау мен жеке 

жетістіктерге  жету 

үшін  мейлінше  мол 

мүмкіндіктер  ашуда. 

Бұл жобаның да жастар бойына өршіл рух пен өнегелі 

тәрбие қалыптастыратынына сеніміміз мол. 

Жұлдыз ТАҢАТҚАНҚЫЗЫ,

ГӘФ журналистика мамандығының 

3-курс студенті.



Суреттерде: 

студенттер 

жоба 

аясын-

да  Бейімбет  Майлиннің  туған  жеріне  барды. 

    Жүлде алған жоба

8


C

M

Y



K

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Студенттік  шақ  –  адам  өміріндегі  ең  керемет  есте 

сақталар  кезең.  Ол  тек  дәріс  тыңдап,  семинарға 

қатысып,  кітапханаға  барумен  шектелмейді. 

Студенттің өмірі  жан-жақты болса, оның өсуі, өзін-

өзі дамытуы да жеделдей түседі. 

   Біздің университетімізде студенттердің өз талан-

тын ашуына барынша мүмкіндік жасалған. Ән салып, 

би билеп, домбыра тартып, тіпті актерлік  шеберлігіңді 

шыңдауға  болады.  Осының  бәрін  іске  асыруға 

университеттің  «Өнер  студиясы»  көмектеседі.  

Студияда  вокал,  хореография,  домбыра  кластары, 

ақындық өнерді дамытуға, көсемсөз оқу шеберлігін 

шыңдауға үйрететін үйірмелер бар. Студияның бас-

шысы – Қазақстанның халық ақыны Әсия Әйіпқызы 

Беркенова. 

    Студияда  студенттердің  табиғи  таланттары 

шыңдалып, ашылады. Шығармашыл жастар бірлесе 

вокалдық топ, би тобын құрады. Ұлттық өнерге жақын 

өрендер  домбырашылар  ансамблінің  құрамына 

алынады. Осылайша, әр қайсысы бос уақыттарында 

студияға  барып  дайындалады.  Вокал  сыныбының 

студенттері  мерекелер  сайын  университеттегі  кон-

церттерге тұрақты түрде қатысады. Олар үнемі ізденіс 

үстінде, шеберліктерін шыңдап, әртүрлі жарыстарда 

жүлдегер атанып жүр.

    Талантты жігіттерден құралған топтың бірі – «Да-

рын» деп аталады.  Бұл топ Әсия Беркенованың ба-

стамасымен құрылып, күні бүгінге дейін жұмыс істеп 

келеді. Топтың құрамы әр төрт жыл сайын ауысып, 

жаңарып  отырады.  Университетімізге  оқуға  түскен 

әнші  жастардың  мықтылары  осы  топқа  алынды. 

Топтың қазіргі жетекшісі – Айдана Өміржан. Соңғы 

құрамда  Ерсұлтан,  Нұрбек,  Олжас  есімді  жігіттер 

өнер көрсетіп жүр.

Ерсұлтан  Жақсыбай  –  гуманитарлық  әлеуметтік 

факультетінің  3-курс  студенті.  Ол  1-курста  оқып 

жүрген кезінде топтың сол кездегі жетекшісі Самат 

Ыбыраевтың шақыруымен келген. Ерсұлтан оқушы 

кезінен  дәстүрлі  әндерді  орындағанды  ұнатады. 

Бүгінде «Өнер» студиясының «Қазына»  домбырашы-

лар ансамбілінің құрамында ұлттық аспапта шебер 

ойнайды. 

  Нұрбек Темірбеков – экономикалық факультеттің 

3-курс  студенті.  Нұрбек  бірінші  курстан  бастап 

студиядағы  оқытушылардың  көзіне  түскен.  Әсия 

апайдың ұсынысымен осы топқа қабылданады. Ол 

да бала кезінен, 6 жасынан бастап ән айтады.  

      Олжас  Рауыл  –  ақпараттық    технологиялар 

факультетінің  3-курс  студенті.  Олжас  алғаш  уни-

верситетке  келген  жылы  «МИСТЕР  Фит»  жігіттер 

байқауына қатысып, өз ортасынан ерекшелене түседі. 

Топқа қабылданғанға дейін ән айтып жүрген. Оның 

айтуынша, әншілік өнер әкесі мен әжесінен дарыған. 

Олжас  вокалдан  басқа  «Жайдарман»  ойындарына 

қатысып, көркемсөз оқиды. 

    Университетіміздегі  барлық  мерекелік  кештер 

мен іс-шаралар  "Дарын тобының" қатысуымен өтеді. 

Олар  эстрадалық  жанр  мен  дәстүрлі  бағыттағы 

әндерді қатар орындайды. Келесі жылы топтың "Бе-

нефис шоу" концерті өтпек. Қазір олар осы концертке 

қызу  дайындық үстінде. Тіпті мерекелік шараға ар-

найы костюмдер тіктіруде.

 Перизат ОҢАЙБЕК,

ГӘФ журналистика мамандығының 

2-курс студенті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет