Суретте: «Дарын» тобы Қазақстанның халық ақыны,
«Өнер» студиясының жетекшісі Ә.Беркеновамен бірге.
Дарынымен дараланған өрендер
9
C
M
Y
K
ҚМУ: студенттер шығармашылығы
Жыл бойы талаптанып, жақсы оқыған студент-
терге университетімізде әртүрлі жеңілдіктер жаса-
лады. Жастарды ынталандыру мақсатында арнайы
шәкіртақылар тағайындалады. Биыл да Ахаң
атындағы қара шаңырақта Президенттік шәкіртақы
иеленген үлгілі студенттердің қатары толықты.
Солардың бірі аграрлық-
биологиялық факультеті,
5B072700 - азық-түлік техно-
логиясы мамандығының 3-курс
студенті – Ботагөз Аманжол.
Ботагөздің бұл жетістігінің
артында қаншама еңбек,
талпыныс жатыр десеңізші.
Президент шәкіртақысы
оқуда озат, жан-жақты,
университеттің қоғамдық-
м ә д ен и і с - ш а р а л а р ы н а
белсенді араласатын сту-
денттерге тағайындалады.
Аталған қасиеттер Ботагөздің
бойынан табылды. Үлгілі
студент Ботагөз аграрлық-
биологиялық факультетінің
аға оқытушысы, техникалық
ғ ы л ы м д а р д ы ң к а н д и -
даты, эдвайзері Зәмзәгүл
Қорғанбекқызының бағыт-
бағдар беруімен ғылыми
жұмыстар байқауларына қатысады. 2015 жылы
Астана қаласында өткен «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік
орталығы ұйымдастырған V Республикалық «Ғылым
шарайнасы» атты студентер сайысында «Жас зият-
кер» номинациясы бойынша II-орын алады. Ресейде
өтетін Халықаралық жастар ғылыми жұмыстарының
«Молодежь в науке: новые аргументы» байқауына
«Разработка технологии мясных продуктов с ис-
пользованием белковых препаратов чечевицы» атты
жобасымен қытысып, II-орынды иеленеді. Талапты
жас бұнымен тоқтап қалмақ емес, алдағы уақытта
да осындай байқауларға ғылыми жұмыстарын тапсы-
рып, жүлделі орындарды алатындығына сенімі мол.
Ботагөз ғылыммен қоса университеттің қоғамдық
жұмыстарына да белсенді араласады. Оқу орнындағы
«Ахмет ұрпақтары» зияткерлік пікірсайыс клубының
белді мүшесі, 2015-2016 жылдар аралығындағы
үйлестірушісі. Бұл ортада да жеткен жетістіктері
баршылық. 2014-2015 оқу жылында клубтың жыл
қорытындысы бойынша «Жыл дебюті» атанады.
Факультетаралық «Жас буын» ішкі пікірсайыс
турнирінде 2014 жылы I орын жеңімпазы атанса, 2015
жылы II орынды иеленеді. Сол жылдың 12-14 қазан
аралығында өткен «Мәңгілік ел жастары» атты ішкі
турнирде де жүлделі III орын иегері атанады. 2016
жылдың 22-24 қаңтар аралығында өткен «Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты
университетімізде жыл сайын ұйымдастырылатын
дәстүрлі «ҚМУ CUP-10» халықаралық пікірсайыс
турнирін өткізуде белсене атсалысып «Үздік
ұйымдастырушы» номинациясын иеленеді.
Талапкердің қуанышына орай, университет тара-
пынан құрылған арнайы комиссия студенттің осындай
жетістіктерін ескере келе, Ботагөзді Президенттік
шәкіртақы иегері атануға лайық деп шешті. Уни-
верситет белсендісі бізге берген
сұхбатында бұл қуанышымен бөлісті.
– Қуанышты жаңалықты естігенде
қандай көңіл-күйде болдыңыз?
Іріктеуден өтетініңізге сендіңіз бе,
әлде күмән болды ма?
– Рахмет! Мен шәкіртақыға
үміткер ретінде құжаттарымды
2-курста тапсырдым. Сол кез-
де қобалжығаным рас. Көптеген
жетістіктерім болғандықтан сенім де
болды. Ең бастысы, бір жақсылықтан
үміттендім. Қуанышты хабарды
естіген кезде қатты қуандым. Төбем
көкке бір-ақ елі жетпей қалғандай
болды. Анама хабарласып, бұл
жаңалықты жеткіздім. Анам да риза.
Мені құттықтап, «Жарайсың, алты-
ным, ботам» деп мені мақтап қойды.
–
Алдағы жоспарыңыз қандай?
Қандай белестерді бағындырғыңыз
келеді?
– Болашақта магистратураға
т ү с і п , м а м а н д ы ғ ы м б о й ы нш а о қ у ы м д ы
жалғастырғым келеді. Осы оқу орнында оқытушы
болып қалсам тамаша емес пе! Менің ішкі дүниемде
де мұғалім мамандығына тән қасиеттер бар
деп ойлаймын. Тағы бір арманым – универси-
тет ішінде белсенді жастарды біріктіретін клуб
ашу. Бізде белсенділер өте көп. Кейбіреулерінің
дебатқа деген құлшынысы болса, басқалары
интеллектуалдық ойындарға қызығады. Сол екеуін
біріктіріп, әмбебап клуб құрғым келеді. Сол кезде
пікірсайысшы кез келген тақырыпта ойын ашық
жеткізіп, интеллектуалдық пікірсайыс ойынын
көрсете алмақ.
– Ақылы оқып жатқан студенттерге қандай
кеңес бересіз?
– Әр адам өзінің таңдаған мамандығын жақсы
көруі керек. Қызығушылығы болғаны дұрыс. Егер
мамандығыңды сүйіп таңдасаң, оқудың қиындығына
көнесің, оны жеңесің. Жақсы оқып, мамандықты
меңгеру үшін алдыңа мақсат қоясың. Адам шыны-
мен қаласа кез келген нәрсеге қол жеткізе алады.
Оқуға деген ынтасы мен талпынысы болу керек.
Тұмарым БАБАСАНОВА,
ГӘФ журналистика мамандығының
2-курс студенті.
Талаптыға нұр жауар
10
C
M
Y
K
Университет мақтанышы
Өмірлік ұстанымы:
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Үлгі тұтатын тұлғасы: Атасы - Қосылбаев Аскер Файзрахманұлы.
Хоббиі: Break dance.
Жетістіктері: Арқалық қаласындағы
түрлі іс-шаралар мен қалалық
математика пәнінен өткен олимпиадалардың
жүлделі орын иегері.
Шахмат ойындарының екі дүркін ж
еңімпазы. Арқалық қаласының әске
ри
бағыттағы «Батыр» атты ұйымының
мүшесі. 2013-2014 жылдар
арасында қалааралық әскери сапты
қ жүріс пен командалық спорттық
іс-шаралардың жеңімпазы. Университет
қабырғасында да қоғамдық
іс-шараларға белсене қатысып,
биылғы жылы өткен «КГУ MAN-2016
» атты сайысында «Мистер спо
рт» номинациясының иегері болд
ы.
Қостанай қаласындағы түрлі іс-
шаралардың қатысушылары болған
«black eagles» шығармашылық тобының
мүшесі. «Қысқы бал» байқауына
қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Көпшілік пікірі: Дархан өте қарапайы
м және еңбекқор адам. Әрқашан
достарына, жақындарына көмек қолын созуға дайын тұратын жан.
Белсенді,
еңбекқор, жігерлі
Аты-жөні:
Қосылбаев Дархан Аскерұлы.
Туған күні, айы, жылы:
16 қыркүйек 1997 жыл.
Мамандығы: Инженер
л і к -
техникалық факультеті,
көлік,
көліктік техника және технология
мамандығының 2-курс студенті.
11
C
M
Y
K
БАҚ дегеніміз – бағдаршам
Бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігі
дәстүрлі болып келеді. Бұл әр мемлекетте өзіндік
ерекшеліктерімен танымал. Сондықтан, осыған сәйкес
бірынғай әлемдік стандарттың жоқтығы білінеді.
Технологиялар дамуының осы кезеңінде медианың
жіктелуі аздап өзгерді. ТМД елдерінде БАҚ-ын ба-
спа, телерадиохабар, сандық БАҚ және ақпараттық
агенттіктер жеке түр ретінде қалыптаса бастады.
2012 жылдың «ҚР Бұқаралық ақпараттар
құралдары туралы» заңындағы өзгертулерге сәйкес
интернет және дәстүрлі БАҚ жауапкершіліктері
теңестірілді. Осыған орай, енді жаңалықтар қоры,
блогтар және онлайн-платформалар да медиа
жіктелуіне кіреді. Қазақстанда БАҚ-тың ресми
жіктеу жүйесі жоқ. Осындай жіктелудің ресми
түрін жасау қажеттілігі туып отыр. Олар түрлеріне,
параметрлеріне, тақырыбына бөлінуі керек.
Осымен қатар, БАҚ-ты мемлекеттік және
оппозициялық деп бөлуге болады. 2012 жылдың 25
маусымының жағдайына байланысты Қазақстанда
2765 БАҚ жұмыс істеуде, оның 439-ы мемлекеттік,
ал 2326-ы мемлекеттік емес болып келеді.
Соңғы жылдары Қазақстанда медиа секторының
түбегейлі өзгерістері жүргізілді, оның нәтижесі болып
қазіргі кезеңде БАҚ-тың 80%-ы мемлекеттік емес
болды. Либерализация мен нарықтық реформалар
ақпарат құралдарының сандық және сапалық өсуіне
әкелді. Даму барысы бойынша Қазақстан БАҚ-ы
Орталық Азия мен Кавказ елдерінің көбісін озып
келеді.
БАҚ-тың ҚР-дағы жіктелуіне қарап ең бастысын
айтуға болады – жіктелудің классикалық жүйесі бар,
Ол барлық ақпарат құралдары түрлерінің, шығуы
мен форматына, рәсімдеуі мен сипаттарына қарай
бөлінуін құрайды. Алайда, бұдан қарағанда белсенді
деп екі басқа, өзара байланысты, жіктелуді айтуға
болады – қатыстылық принципті және мемлекеттік
құрылымға бағдары бар. Соңғы айтылған түрі
кең таралғаны болып саналады және оған деген
бағдарлау қарым-қатынастың барлық деңгейлерінде
өтеді. Алайда, айтып кетер жәйт, бұл тәсіл БАҚ-тың
әр түріне қатысты объективсіздікті көрсетеді.
Одан гөрі тиімдісі батыстың медиалдылықтың
теоретигі ұсынған жіктеу түрі болып келеді. Канадалық
филолог Маршал Маклюэннің сөзі бойынша, баспа
станогын ойлап тапқанның алдында әлем суық
болған, адамзат тайпалық өмір салтын құрған. Ал
баспадан кейін адам тайпалық тіршілік иесінен
типографиялық тұлғаға айналды.
Маклюэннің ойынша болған өзгерістер төрт саты-
дан тұрады. Суық біркелкі өмір, өркениетті адамды
жасау, қоғамның бірдей құқықтылығы, мәдениет
жағынан дамыған қоғам. Маклюэннің тағы бір ойы
бойынша барлық медиаларды ыстық және суық ме-
диа деп бөлуге болады. Ыстық медиа деп ол – бір
сезімді максималды күшейтіп, ең жоғары шегіне дейін
жеткізуін айтады. Оның құрамы толықтай ақпараттан
тұрады. Бұндай медиалар аудиторияның үлесін
толықтай немесе мүмкіндігінше азайтады. Мысалға
– радио, кино, теледидар.
Суық медиа – оқырманға тек қана форманы беріп,
оның толықтай немесе мүмкіндігінше қатысуын та-
лап етеді. Мысалға кітаптар. Олар оқырманнан өте
көп назарын аударады және қосымша қиялының
болғанын сұрайды. Маршал Маклюэннің осы жіктеуі
барлық медиаларды бөліп қандай кластарға жа-
татынын анықтауға көмек береді және олардың
бірегейлігін анықтауына үлесін қосады.
Бірегейлік дегеніміз (идентичность) – адамның
өзін-өзі қандай да бір қоғамдық топтарға қосуын ай-
тады. Олар қоғамдық, экономикалық, ұлттық, кәсіптік,
тілдік, саясаттық, діндік, нәсілдік және тағы да басқа
болуы мүмкін.
Кейбір зерттеушілер бірегейлікті табиғи және жа-
санды деп бөледі. Табиғи тумысына қарай адамның
нәсілдік, халықтық, жергілікті және т.б болады. Ал
жасанды бірегейлік кәсіптік, келісімді, конфессио-
налды, класты және т.б болуы мүмкін. Бірақ кейбір
бірегейліктер аралас болып келеді, мысалы жынысты.
Адам, әлеуметті жан болғандықтан бір ғана
қоғамдық ортада бола алмайды. Ол әрдайым өзінің
қоғамдағы орнын, көз қарастарын, өмірге деген ойын
өзгертіп отырады. Ал оған осы тандауларында аз
немесе көп мөлшерде медиа кеңістік көмек береді.
Арай ОЛЖАБАЙҰЛЫ,
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және
ӘТУ магистранты.
Медиа ресурстарын жіктеу
12
C
M
Y
K
Жастар бастамасы
«Ахмет ұрпақтары» пікірсайыс клубы 2007 жылы
университеттің белсенді студенттерінің бастама-
сымен құрылды. Клубтың құрылғанына ұзақ уақыт
болмаса да оның мүшелерінің ұйымдастыруымен
қомақты жұмыстар атқарылды. «Ахмет ұрпақтары»
пікірсайыс клубы - жастар арасында көшбасшылық
қабілеті мен шешендік өнерді дамытатын еркін
қоғамдық ұйым.
Пікірсайыс клубының мақсаты – жастардың са-
насына патриоттық сезімді және жауапкершілікті
ұялату, студенттердің бастамалары мен идеяларын
жан-жақты қолдау. Қазіргі таңда «Ахмет ұрпақтары»
облысымыздағы тәжірибелі пікірсайыс клубтарының
бірі болып отыр.
Клубта 2007 жылдан бастап әр жыл сайын
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің ректорының кубогына арналған тур-
нир өтеді. Көптеген жылдар бұл турнир халықаралық
және республикалық мәртебеге ие болды. Сондықтан
ҚМУ Ректорының кубогі турниріне еліміздің ең мықты
деген пікірсайыс командалары қатысады. Клубтың
брендіне айналған атақты «ҚМУ CUP» турнирі ең
алғаш рет 2006 жылы өткен.
Клубтың негізін салған және алғашқы президенті
заң факультетінің студенті Жанболат Абилов.
Клубтың президенті әр жыл сайын ауысып оты-
рады. Биылғы 2016-2017 жылғы президенті
гуманитарлық әлеуметтік факультетінің журналистика
мамандығының 3-курс студенті Ақыл Асқарова. Пікір
сайыс клубының алғашқы құрылған жылдары тек
орыс лигасы болған, кейіннен жастардың сұрауымен
қазақ лигасы ашылды.
Оқу жылының басынан бері «Ахмет ұрпақтары»
клубы турнирлерге қатысып қана қоймай, бірқатар
жетістіктерге жеткен. Атап айтсақ, Рудный қаласында
өткен «Мәңгілік ел» облыстық ашық турнирінен Сым-
бат Манатова пен Назира Асан 1 орынды иеленсе,
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» арналған ҚМПИ ку-
богында «Тікелей эфир» командасы, яғни, Оразхан
Зейнолла мен Сүлеймен Жұман 2 орынды иеленді.
-Биыл «Ахмет ұрпақтары» пікірсайыс клубы
9 жылдық мерекесін тойлады. Биылғы жас бу-
ындар былтырғыға қарағанда саны жағынан аз
болғанымен, сапасы жағынан әлдеқайда жоғарырақ
деңгейде. Болашақта Қостанай облысының шаш-
бауын көтеретін мықты пікірсайысшылары болары
анық. Алдағы уақытта Қазақстандағы бәсекелес
клубтарымыздың алдын орап, алдыңғы үштікке
кірсек, бұл жыл біз үшін ғажайып жыл болмақ» - дейді
клубтың белді мүшесі Нұрислам Жұмакенов.
Перизат ОҢАЙБЕК,
ГӘФ журналистика мамандығының
2-курс студенті.
Пікірсайыс клубы
13
C
M
Y
K
Бәрекелді!
Университетіміздегі үлгілі, белсенді студенттердің
бірі -
Әлібек Құлмағанбетов. Ол ақпараттық техноло-
гиялар факультетінің 2-курс студенті. Әлібек Арқалық
қаласында 1997 жылы дүниеге келген. Қазіргі таңда
университетімізде «Ахмет ұрпақтары» пікірсайыс
клубының белді мүшесі. Әлібектің оқу үлгерімі жақсы.
Қоғамдық іс-шараларға үнемі атсалысып жүреді.
Спорттық сайыстарға да қатысады. Белсенділігінің
арқасында биылғы жылы университетіміздің «Мерей»
грантын иеленді. Сонымен қатар оқу орнында биыл
жаңадан ашылған әскери кафедраның грантын алды.
- Әлібек, «Мерей» гранттын жеңіп алудың
өзіндік шарттары бар. Сол туралы тарқатып ай-
тып берсең.
- Ең бірінші сабақты жақсы оқыдым. Одан кейінгі
қойылатын талап университеттегі болып жатқан әр
түрлі іс-шараларға белсене қатысу. Мен қолымнан
келгенше жан-жақты болуға тырыстым. «Ахмет
ұрпақтары» пікірсайыс клубының мүшесімін. Бірнеше
облыстық, республикалық турнирлерге қатысып,
шеберлігімді арттырдым.
Адам өзін өзі тәрбиелейді. Әрқашан ізденісте
жүрсең ғана дамисың. Көп оқысаң, адамдармен тығыз
аралассаң дүниетанымың да кеңейеді.
- Оқушы кезіңде оқу үлгерімің қандай болды?
- Мен 3-сыныпқа дейін Арқалық қаласында ба-
стауыш мектеп гимназиясында оқыдым. Одан соң
Аманкелді ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы
орта мектепке ауыстым. Сол сәттен бастап аудандық
және облыстық дәрежедегі іс-шараларға қатысып,
жетістіктерге жеттім. Облыстық шығарма жазу жары-
старынан, ғылыми жоба сайыстарынан жүлделі орын-
дар алдым. Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының
президенті де болдым. 8-сыныптан кейін Алматы
қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры
«Арыстан» әскери лицейіне оқуға түстім. Әскери
лицейді де үздік аяқтап, Қостанай қаласына келдім.
Себебі, мұнда менің ата-анам тұрады. Басқа қалада
жүргенде өскен ортаңды, жақындарыңды сағынасың.
Балаға ата-анадам, туған жерден қымбат ештеңе жоқ.
Жетістікке жету үшін еңбектену керек. Жігер
мен қайтпас қайсарлықтың болғаны да аб-
зал. Мен еңбегімнің арқасында биылғы жылы
университетімізде ашылған әскери кафедраға
грантқа түстім. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның
тіленбей» деген мақал-мәтел бар емес пе! Жеңіске
жетудің басты жолы, сол еңбек.
- Бос уақытыңды қалай өткізесің?
- Уақытты босқа өткізбеуге тырысамын. Сабақтан
шыққан соң пікірсайыс клубына барамын. Одан қалды
спортпен айналысқанды ұнатамын. Адам өзінің сүйікті
ісімен айналысса уақыттың қалай өтіп кеткенін білмей
қалады.
- Үлгі тұтатын жақын адамдарың бар ма?
- Үлгі тұтатын жақыным – әкем. Әр балаға әкесі үлгі
деп ойлаймын. Ол заңдылық. Менің әкемнің өмірлік
ұстанымдары, адал еңбекпен жеткен жетістіктері, ма-
рапаттары мен үшін үлгі. Әкем қызметінде абыройлы
азамат атану үшін көп еңбектенді. Сол кісідей болғым
келеді және әр ісім арқылы әкемді қуантқым келеді.
- Болашақта алдыңа қойған мақсатың қандай?
Арманың бар ма?
- «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең»,- деп ай-
тамыз ғой. Әбден таптаурын болған, жаттанды тіркес.
Десек те, қаншама уақыт өтсе де мәнін жоймаған сөз.
Арман көп. Сол арманға жету үшін алдыма бірнеше
мақсаттар қойдым. Мақсат адамды алға қарай
жетелейтін ғажайып күш, тәтті сезім. Мақсаты жоқ
адамның өмірі дәмсіз, сүреңсіздей көрінеді. Менің
мақсатым – қоғамға пайдасы тиетін азамат болу.
Гүлім САҒЫДАТҚЫЗЫ,
ГӘФ журналистика мамандығының
2-курс студенті.
«Мерей» грантының иегері атанды
14
C
M
Y
K
Тәрбие
…Қыз балаға күлегештік жат қылық. «Күлегештік
– қыздың соры» деген бұрынғылар. Сен жайқалып
тұрған гүлсің. Гүлді жұлып алып, иіскеуге құмарлар
көп. Бірақ, жұпарыңмен тұшынған соң лақтыра са-
лады. Нәрлі топырағынан тамырын кеспей алып,
махаббатпен күтетін жанға ғана жұпарыңды арнап,
сұлулығыңмен сүйсіндіруге тиістісің.
Сен жақұтсың. Ебін та-
уып, ұрлауға құлшынатын
сұғанақтар көп. Бірақ, олар пай-
дасына асырып, дүние құрлы
көрмейді. Қадіріңді шын ұғатын,
жат сұғанақтардан қорғайтын
жанға ғана лайық бол!. Дәл осы-
лай деген әжемнің сөзі қаншама
жылдар өтсе де құлағымда сол
қалпында қалыпты. Ол кезде
бала едік. Әрнеге қызығып,
ойын көріп, күлеберетінбіз.
Сірә, жасымыз бес-алтылар
шамасы болар. Балалықпен
бірдеңе бүлдірген былай тұрсын, сәл артығырақ
күлсек, әжеміз тыйып тастайтын. Ол кезде әже деген
ең дәмдісін басқадан тығып, немересіне сақтайтын
өте мейірімді, ал қабағы қатуланса қабағымен-ақ
ықтыратын заңғарлар еді ғой. Тіпті, туған анамыздан
да бетер ең жақын сырласымыз да әжелер болатын.
Бірер күнге жол жүріп кетсе, зарыға күтетінбіз. Ерекше
мейіріммен еркелете отырып, өлімнен де ұят күшті
екенін, ақшадан ар биіктігін бойымызға сіңірген еді.
Мүмкін, сондай әжелердің тым сирегенінен шығар,
ананың тар құрсағын жарып шыққан нәрестесіне
қатыгездік көрсететінді көзбен көретін жағдайға
жеттік. Жаңа туған нәрестесін жол бойындағы
әжетханаға тастап кеткен жас келіншектің қатыгездігін
естіп, шошындық. Көрінген ұяға жұмыртқалап, жөніне
ұшып кететін көкек құстан да асқан қатыгездікке адам
баласы барды.
Жаратылыста жаны барлардың ішіндегі ең биігі
адам. Ал, санасы жоқ жануарлардың ішіндегі ең
сорақы әдеті бар көкек құстың өзі жұмыртқасын
көрінген жерге лақтырмай, кез келген құстың ұясына
туып кетеді. Саналы адам нәжіске өз ішінен шыққан
шарананы тастап кетуі – көкектің кесірлігінен де
асып түсті.
Жаратушының құдіретінен күшті ештеңе жоқ қой.
Көрер жарығы бар нәресте сондай қатыгездіктің
құрсауынан да аман қалды, әйтеуір. Осы оқиғаның
жанға салған ызғары басылмай жатып, бұдан да
сорақы сұмдыққа жас қыздың барғаны жаға ұстатты.
Оқушы қыздың құрсағынан жаңа шыққан сәбиді елу
жастағы анасы көліктен тас жолдың үстіне лақтыра
салған. Бейкүнә шақалақ жарық дүниеге көзін ашып
та үлгермеген шығар-ау. Жаратушының әмірімен
дүниеге келуі бұйырғанымен, жанары жарықты
көрмей жатып, туған шешенің жауыздығынан құрбан
болды. Әрине, бұл сұмдық оқиғаларды құзырлы
органдар тергеп, қадағалауда. Аң екеш аң да төліне
жасамас асқан қанішерлік қарекетті адамның істегені
жанға батады. Сондай жауыздықты істеген әйелді Ана
деген ардақты атпен атауға ауыз бармайды.
Расында да, қыздардың тәрбиесі өте өзекті тақырып.
Қыз намысы үшін кезінде бүтін ел қырқысып, түгел ел
табысқан да жағдайлар болған. «Қыздарым! Cендерге
айтарым: Жандарыңда жүрген жігітті ақылмен,
әдептілікпен, сыпайы мінезбен,
сүйкімді назбен тізгіндей
біліңдер. Жігіттің жұлқынған
асау жүрегін адамгершілік асыл
қасиеттермен бұйдалаңдар,
арақ ішкізбеңдер. Айқайға
жуытпаңдар. Ақыл анадан та-
райды. Қыздан қылық, тәрбие,
тәлім туындайды. Жігіт
жаныңда жүрсе жолдасың,
жауға шапса жолбарысың, ор-
тада жүрсе орманың, шетке
шықса қорғаның. Бірақ, оларды
жұрт көзінше сүйісіп, сүйкеніп
тұруға үйретпеңдер! Оларды жарбаңдатып,
жабыса құшақтатпаңдар, адамның асыл сезімін
ардақтап, бүркеп, қымтап ұстауға баулыңдар.
Олардың нәпсісінен намысын биік ұстауға
тәрбиелеңдер. Өмірдің ләззаты адал достықта,
айнымас қамқорлық, асыл махаббатта екенін
естен шығармаңдар!» деген жазушы Әзілхан
Нұршайықовтың аталы сөзі әрбір арудың жадында
болса, артық болмас еді. Дүниедегі барлық нәрсе
әркімнің өз арына байланысты. Қыздың орны
қашанда биікте болған. Арман болған ақ гүлдей
сұлулардың сыры да жұмбақ еді. Бүгін қалай болып
барады? Өткінші сезім де адамның басынан өтіп
кетеді. Ал, арға басылған қара таңбаны ешкім де
өшіре алмайды.
Жансая АХАНОВА,
ГӘФ журналистика мамандығының
1-курс студенті.
Құрбыларға наз
15
C
M
Y
K
Достарыңызбен бөлісу: |