Сөнбес сәуле
Есімі елге таныс
Мәриям апа
28
C
M
Y
K
болмасы үшін көзі тірі куәгер, апайдың нағашы інісі
Аманжол Ахметті әңгімеге тартқан едік. Аманжол
Зұлқарнайұлы Алматы қаласында студент болған
кезінде Мәриям апайдың үйінде сегіз жыл тұрады.
Осы уақыт ішінде ақын апаның дастарқанынан дәм
татып, қонақ болған қазақтың марқасқа жазушы-
лары Ғабит Мүсірепов, Сырбай Мәуленов, Ғафу
Қайырбеков, Әбділда Тәжібаев, Әбу Сәрсенбаев,
Қасым Қайсеновты өз көзімен көрген.
- Апай өте қонақжай адам еді. Алматыда оқитын
қостанайлықтар көп болатын. Солармен сол
үйде жиі кездесіп қалатынбыз. Өте мейірімді кісі
еді. Ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейтін. Ақын
қыз-келіншектер де апайды айналып шықпайтын.
Өлеңдері басылмай жатса, апайға телефон
соғатын. Апай көмектесіңдер деп тиісті жерлерге
телефон шалатын. Сондай қарапайым, кішіпейіл кісі
болды ғой,-дейді Аманжол Ахметов.
Оқырманға түсінікті болуы үшін Аманжол
Зұлқарнайұлының Мәриям апаймен қалай туыса-
тынын баяндап кетейік. Аманжолдың атасы, яғни,
әкесінің әкесі Ахмет пен Мәрия апайдың шешесі
Төлеген бір әке-шешеден туған апалы-інілі бауырлар.
Төлегеннің алдында Жансақалдан бір ұл туады. Ол
қайтыс болып кеткен соң, өмірге келген қыз
баланың есімін қайтыс болған ұлдың орнын толтыр-
сын деген оймен Төлеген деп қояды. Мәриям апайдың
өзі бес ағайынды. Екі ағасы мен екі інісі болған.
Мәриям Хакімжанова қазақ әдебиетін
дамытудағы орасан зор еңбегі үшін екі рет
«Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту орденімен,
Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотала-
рымен, медальдармен марапатталды. 1986 жылы
оған «Қазақстанның халық жазушысы» атағы
берілді. Апайдың көзі тірісінде қолданған затта-
ры, жазу үстелі, қобдишасы мен қоңырау сағаты
бүгінде Қостанайдағы облыстық Ы.Алтынсарин
мемориалдық мұражайында сақтаулы тұр.
Қымбат ДОСЖАНОВА.
Мәриям апа жазушылар ортасында.
Сурет 1957 жылы түсірілген.
29
C
M
Y
K
Тұңғиық Тобыл сырын кім біледі?
Алтын төс аймалаған күн біледі.
Толқытып Тобыл әнін мен шырқасам,
Қойыны Алатаудың күмбірледі.
Қ-сы:
Арқаның аруындай сұлу Тобыл,
Аспанның әнші құсы, соған шомыл.
Тағынған тақияға үкісіндей,
Жағаға жарасқан тал, бұйра қызыр.
Тағы да, тағы да айтшы дегендейін,
Жартасы жаңғырып үн береді.
Шарықтап үміт, сенім, шаттықпенен,
Шабытты өрге сүйрей жөнеледі.
Ыбырай, Сәбит сынды ақын ұлдар,
Тобылдың құтын еміп өскен бұлар.
Тағынып жырдан қанат сөзден семсер,
Халқының жаршысы боп талай жылдар.
Қ-сы:
Арқаның аруындай сұлу Тобыл,
Аспанның әнші құсы, соған шомыл.
Тағынған тақияға үкісіндей,
Жағаға жарасқан тал, бұйра қызыр.
Тобылдың толқынынан туды Сұлтан,
Өр кеуде, өжет мінез айбынды жан.
Ержетті бақытты өмір құшағында,
Қылыштай қынабынан суырылған.
Қ-сы:
Қараса қаракөзі ұшқын атқан,
Қанатын сілкер болса дауылдатқан.
Отанға екі талай күн туғанда,
Бомба етіп өз жүрегін жауына атқан.
Қ-сы:
Т о б ы л әні
Сөзі Мәриям Хакімжанованікі.
Әні Қажығали Омаровтікі.
30
C
M
Y
K
Керуен басы – Қостанай
Сөзі Мәриям Хакімжанованікі.
Қасқайып топтан озған Қостанайым,
Атыңды ауызымнан тастамаймын.
Керуенін миллиардтың бастап шыққан,
Мен неге табысыңды қостамаймын.
Қ-сы:
Даңқты дәнді жерім,
Мәнді жерім,
Атыңнан айналайын
Туған елім,
Құйылса заводтарда
Болат болып,
Дән болып жерден,
Өнді маңдай терің.
Мен неге өз еліме үн қоспаймын,
Мен неге шашуына жыр тоспаймын.
Аялап Қостанайдың ақ бидайын,
Аймалап кезек-кезек уыстаймын.
Қ-сы:
Даңқты дәнді жерім,
Мәнді жерім,
Атыңнан айналайын
Туған елім,
Құйылса заводтарда
Болат болып,
Дән болып жерден,
Өнді маңдай терің.
Ендерсің өрге өрлеткен қадамымды,
Сендерсің жорғалатқан қадамымды.
Сендерсің ракетаға қанат беріп,
Орнатқан айға апарып жалауымды.
31
C
M
Y
K
Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл
Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов
туралы да Торғайда көп әңгіме қалған.
2000-жылдардың бас кезінде сондай көнекөз
қарттардың соңғы өкілдерін ғана көзіміз көріп
қалды. Олардың да өмірден өткеніне 5-6 жылдың
жүзі болып қалды. Соның бірі Жәлел Қарабалин
ақсақал біз көргенде тоқсаннан асып отыр
еді. Бірақ сөзі әлі ширақ болатын. Ол кісі 30-
шы жылдардың ішінде Алматыда Амангелді
Имановтың Рамазан деген ұлымен бірге оқыған
екен. Сол жылдары Ахмет Байтұрсыновты да
көрген. Бұл туралы атамыз: «Ахаң газет-журнал
сататын дүңгіршектен келіп таңертең газет
алады екен. Оның келетін кезін күтіп жүріп,
көрген едік» деп әңгімелеп берген еді жарықтық.
Мұны сөз реті келгенде айтып отырмын. Ал
Жәлел атамыз Ыбырай туралы өзінен бұрынғы
қариялардан естігенін де ұмытпай, жадын-
да сақтап келген екен. «Балғожа би: «Балаң
мектептің іргетасын көтеріп жатыр» дегенде
қуанғаннан үш айғырдың үйірін айдатыпты
ғой. Қаржы халықтан да жиналған, дегенмен,
ол негізінен Шеген әулетінен шыққан. Онда
алғашқы оқыған балалардың басым бөлігі де осы
әулеттің ұрпақтары, төрт бала ғана сырттан
алынған»,– деп еді. Тарихи құжатта осы алғашқы
мектепті 16 баланың бітіргені туралы айты-
лады. Алайда, алғашқыда мектептің, білімнің
маңызын қалың қауым бірдей түсіне қоймайды.
Бала аздау жиналса керек. Осы орайда еліміздің
еңбек сіңірген мұғалімі, аты аңызға айналған
ағартушы, Ыбырай мектебінің түлегі – Ғазиз
қажы Әмірханұлының: «Негізі бала жинау да
Ыбырайға оңайға түспейді. Мынандай бір әңгімені
естігенім бар еді. Торғайдың маңайында Бесқопа
деген жер бар. Сонда Тоқтабай деген кісі тұрған.
Бала жетпей жатыр дегенде: «Басқа бермесе
де, Тоқтабайдың алты баласы бар, соның бірін
берсін», деген ғой Ыбекең. Сонда Тоқтабай
Досжан атты ұлын мектепке берген екен. Сол
Досжанның ұрпағынан Тоқтабаев Кәрім деген
министр шыққанынан кейінгі жұрт хабардар»
деген естелік әңгіме айтып берген еді. Ғазиз
ақсақал: «Ол уақытта Торғайда құрылыс салу
оңай болмаған. Бұл маңда ағаш өспейді. Бөренені
500-600 шақырымдағы Аманқарағайдан тасыған.
Соның барлығы қаржыға түскен. Оны халықтан
малдай жинап, малды ақшаға айырбастаған
соң ғана мектеп құрылысын аяқтаған. Сол
білім ұясын өзіміздің көзіміз көрді, сонда оқыдық.
Қабырғаларының қалыңдығы ғажап еді ғой», – деп
Ыбырайға мектеп салу ісінің оңайға түспегенін
еске алған болатын.
Жаңа бұл мектепте Шеген әулетінің ұрпақтары
оқығанын Жәлел Қарабалин ақсақалдың естелігінен
келтірдік. Шеген бидің ұлы Бірімжан – төңірегіндегі жұртқа
оқудың маңызын, ол үшін мектеп керектігін, оны салуға
қаржы жинау қажеттігін түсіндіруде Ыбыраймен бірдей
жүрген кісі. Бірімжанның баласы Қорғанбек Бірімжанов
Торғайдағы Ыбырай ашқан мектепке алғаш барған 16
баланың бірі болды. Бұл туралы Ыбырайдың шәкірті,
кейін Торғайда оқу инспекторы Ғабдолғали Балғынбаев
«Ы.Алтынсарин туралы естелігінде»: «Ы.Алтынсарин
арғынның белгілі адамы Бірімжанның балалары
Дәуренбек, Қорғанбек, Әбдібектермен жиі араласып, өзі
Торғайға келісімен оларды әуелі үйінде оқытып, кейін
мектеп ашылған соң мектепке алып оқытты», – деп жа-
зады. Ал зерттеуші Әсет Ламашев «Ыбырай (Ибраһим)
Алтынсарин – ұстаз» деген мақаласында: «1865 жылдың
22 майында Торғайдағы қазақ мектебінің оқушылары
тұңғыш сыннан өткізіліп, жазғы демалысқа таратылды.
Сын қорытындысында төрт оқушы – Бірімжанов Қ.
,Қапезов Н, Жанғалин Н., Тәшенов И. сыйлық алды»
деп жазды. Ыбырайдан сауатын ашқан осы Қорғанбек,
Дәуренбек Бірімжановтар кейін өз заманының белгілі
адамдары болады. Ғазиз қажы Әмірханұлынан жазып
алған ел аузындағы бір естелік әңгімеден Бірімжанның
ұлдары – Қорғанбек пен Дәуренбектің сәби кезінен-ақ
көзге түскені, олардың тәрбиесіне текті ата-анасының
жақсы ықпалы болғандығы байқалады. Арада жыл-
дар өткенде Ыбырайдың нағашысы осы Қорғанбек
Бірімжановтың ұлы – Ахмет Бірімжановтың 1906 жылы
27 сәуірде Бірінші Ресей мемлекеттік Думасына де-
путат болып сайланып, онда сөйлеген сөзінде қазақ
даласына орыс шаруаларының қоныс аударуына
қарсылық білдірген қайраткерлігі туралы айта кеткеннің
де артықтығы болмас.
Қазақ, башқұртқа тел ақын Ақмолла Мұхаметдиннің
«Қорғанбекке» деген өлеңі Ыбырай мектебінің түлегі,
Шеген бидің ұрпағы Қорғанбек Бірімжановқа арналуы
бек мүмкін. Өлең:
«Қорғанбек, жоқ екен бір ақыл-айлаң
Айдаттың Ақташты ұстап – халық қайран.
Қолыңнан екі ағаңды ұстап бердің,
Тиеді енді кімге сенің пайдаң?»
- деген шумақпен
аяқталады. Мұндағы Ақташ деп отырғаны Ахмет
Байтұрсыновтың әкесі Байтұрсынның бауыры Ақтас.
Ояз Яковлевтің басын жарып, ағайынды Шошақовтар
Сібірге айдалмайтын ба еді? Ақын осыны меңзеп отыр.
Бұл кезде болашақ ұлт ұстазы Ахмет 13 жаста болатын.
Қорғанбек Байтұрсын, Ақтастар замандас болған ғой.
Ыбырайдың орысша білім алуы, орыс адамда-
рымен араласуы және ортасына сай орысша киінуі
ешқандай оқу-тоқуы жоқ, малдың буына семірген кейбір
надандарға, әсіресе, өзі ұнатпайтын дүмше молдаларға
шаншудай қадалды. Осы орайда заманынан озып туған
кемеңгер адам туралы «шоқынды» деген түрлі өсек-
аяң таратады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ
даласында тұңғыш мектеп ашып, білім дәнін сепкен,
қараңғылықтың түңдігін түрген ағартушының еңбегі тура-
лы сол кездегі басылымдарда ұзақ уақыт бойы ләм-мим
деп ауыз ашқан ешкім болмады. Алаш арыстарының
бірі, ұлттық сананы оятқан «Айқап» журналының ре-
дакторы М.Сералин осы басылымның бетінде: «Өткен
Қазақ мектебінің іргесін
қалаған
32
C
M
Y
K
1914 жылы 14 июльде алтыбас Ыбырай Алтынсариннің
дүниеден өткеніне 25 жыл толып өтті. Қазақ жұрты үшін
Алтынсариннің сіңірген қызметі көп еді. Оны есіне алған
қазақ болды ма? Жоқ... көресіз, біз культурный жұрт
қатарына кіруден әлі алыс жатырмыз-ау», – деп жазу-
ында көп мән бар. Ұлы ағартушы өмірден өткен соң 34
жылдан кейін ғана, 1923 жылы «Шолпан» журналының
№ 6-7-8 сандарында басылған «Ыбырай Алтынсарин»
деген мақаласында Мұхтар Әуезов тұңғыш рет ұлы
ұстазды жалған жаладан қорғады, оның «қара қазақтан
шыққан бірінші адам», «ұлт мектебінің іргесін қалаған
бабасы», «бірінші ұлтшыл әлеумет қызметкері» екенін
айтып, лайықты бағасын берді.
Осы мақаласында Мұхтар Әуезов: «Ыбырай жайында
осы күнге шейін тым-тырыс болып келе жатқанының
себебі бар шығар. Ол себеп – Ыбырай жайындағы ел
арасындағы алып-қашпа өсек. Ол өсек қысқасынан
айтқанда мынау: Ыбырай орысқа сатылды. Шен алып,
шекпен кию үшін Ильминский сияқты қаражүректермен
жақын болды. Ақысына қазақ жұртын шоқындырып
бермекші болды. Тірі күнінде осы бағытта қызмет қылды.
Өлгенде үйінен бір сандық крест шықты. Өзі шоқынған.
Аты-жөні Иван Алексеевич еді. Ыбырайға жабатын
жаланың түрі осы», – дейді де жазушы ол кісі туралы
өсектің шығуының себептерін талдап, жоққа шығарады.
Мұхтар Әуезов Ыбырайдың өзі өлген соң үйінен
шыққан бір сандық крест дегені бір сандық қағаз екенін
айтады. Бұл, әрине, марқұмның дұшпандарының,
дүмше молдалардың таратқан өсегі еді. Ұлы ағартушы
мұсылманшылыққа көзқарасын, исламнан терең
білімін «Мұсылмандықтың тұтқасы» оқулығымен-ақ
айдай әлемге білдіріп кеткен болатын. Ал, ел жадында
Ыбырайдың діни білімі туралы әңгімелер де сақталған.
Біз айтқан Жәлел қария: «Ыбырай өлгенде бір тілім
қағазға: «Е, құдай, берер болсаң берер ме едің, бекер
ме еді «Уазиха» сүресінде айтқан сөзің», – деп жа-
зып, жастығының астына қалдырыпты. Сонда ол кісі
Құранның қай сүресінде не айтылғанын, одан қандай
жеңілдік болатынын да білетін кісі ғой», – деген еді.
Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсариннің өзі ашқан
мектеп-интернатты көп жылдар бойы басқарған ар-
дагер ұстаз Беген Қаженұлы Көпешев те жас кезінен
бастап Ыбырай туралы ел аузындағы әңгімелерге
құлақ түрген. «Менің үлкен ақсақалдардан естігенім –
Ыбекең қайтқанда халық өте көп жиналады. Бірақ орыс
шенеуніктері жаназаға қатыстырылмайды. «Ыбырай
менің жаназама 100 молда тұрсын» деп айтты деген сөз
осыдан қалған шығар», – дейді.
Ыбырай қызметінің өте ауыр болғанын байқаймыз.
Ол кезде қазіргідей машина, ұшақ қайда? Торғай мен
Қостанай, Ырғыз арасын қыс айларында, жазғы аптап-
та, күзгі жауын-шашында ат арбамен жаяу аралаудың
қиынын көзге елестетіп көріңіз. Адамдарды оқу-білімге
насихаттау, мектепке қаржы жинау оңай болды дейсің
бе? Оның үстіне Ыбырайға ел арасындағы дау-жанжал-
дарды да шешіп отыруға тура келеді, ол ұстаздықтың
сыртында мұны да атқарған.
Ыбырайды қазақтың сабағаны жөнінде Торғайдың
көкірегі алтын сандық қариялары айтып отыратын
болған. Ахмет Байтұрсыновтың туған жері Ақкөлде
оның аталас ағайыны болып келетін Ағытай Уәлі де-
ген кісі болды. Мен көргенде ол кісі де тоқсан бірге
шығып отыр еді. Бұл 2000-шы жылдардың ортасы
болатын. Сол кісінің «біздің шалдар айтып отыратын»
деп баяндаған әңгімесін жазып алғанмын. Ағытай
атамыздың айтуынша, кіші жүздегі жаппас руынан
Басықара дегеннің асы болады. Басықара туралы нақты
дерек таба алмадым. Астың тура қай жерде өткенін
қария да ашып айта алған жоқ. Шамалауынша, Тобыл
бойында болса керек. Басықараның асына Ыбыраймен
қатар Торғайдан Төлебай деген кісі түйеге тоғызын
артып, сән-салтанатымен келеді. Басықарамен оның
құдандалығы болса керек. Бір атадан тарағандардың
да бәрі бірдей сұңқар, бәрі бірдей тұлпар болмайды.
Ибрагим Ағытайдың «Бабамыз бекзат данышпан» деген
кітабындағы шежіреде Ахмет Байтұрсыновтың бабасы
Таңбайдан он ұл туғандығы көрсетіледі. Сол ағайынды
онның бірі–Шошақ, бірі–Көбек. Шошақтан Ахметтің
әкесі Байтұрсын, Көбектен Төлебай туады. Ел аузында
сақталған әңгіме бойынша, Төлебай бай, би болған, ұры
ұстаған көрінеді. Ол аттың белін майыстыратын ірі кісі
болған деседі. Бұл туралы Жайсаңбек Молдағалиевтің
де Ыбырай туралы шығармаларында айтылады.
Басықараның асына барғанда жұрттың ықыласы ар-
тынып-тартынып келген Төлебайға емес, Ыбырайға
ауып кетеді. Аста бәйге болады. Дау сол жерде шыққан
дейді. Ыбырай сөзден аулақ болғысы келді ме, өзінің
атқа жеккен күймесімен қашады. Төлебай қуады. Жетіп
алып, сойылмен арбаны быт-шыт етіп сындырып, Ыбы-
райды кейін қайтуға мәжбүрлеген дейді. Ыбырайға сойыл
да тиген дейді қария. «Бірақ Ыбыкең тентекпен тентек
болмай, сол оқиғаны жабулы қазан жабулы қалдырса
керек. Егер Ыбырай ізденетін болса, оның Төлебайдай
емес, қолы ұзын адам ғой. Ол екі рудың - Арғын мен
Қыпшақтың жауласпауын ойлаған дейтін еді шалдар»
деп қайырған еді әңгімесін Ағытай атай. Меніңше, там-
тұмдап бізге жеткен осы әңгімеде шындықтың сүрлеуі
жатыр. Бұл оқиға Ахмет Байтұрсыновтың 1926 жылы
құрастырып, Мәскеуде бастырған «23 жоқтау» деген
кітабына енген ақын Қарпық Шолақұлының Төлебай
өлгенде оның он екі жасар қызына шығарып берген
жоқтауында да қылаң береді.
Негізі Ыбырай туралы жұмбақ тұстар көп. Беген
Көпешев ағамыздың айтуынша, Ыбырай тұрған үйдің
ағашы өткен ғасырдың ортасына дейін сақталған. Оның
кесенесі қазір Тобылдың жағасында жалғыз тұр. Ол неге
жалғыз? Аға ұрпақ өкілдері сол жерде Алтыбас руының
қорымы, онда Балғожа би әулеті жатқанын айтады
екен. Халқымыздың тарихы, тілі аяқ асты болған за-
манда ескі қорым трактор табанының астында кеткен
дейді. Орайы келгенде айта кетейін, өткен ғасырдың
80-ші жылдарының аяқ кезінде сол жылдары облысты
басқарған Кенжебек Укиннің бастамасымен Ыбырайдың
кесенесі жаңартылды. Алайда қазір оны қазақтың
ұлттық санасын сілкіген, рухани үш бәйтерегінің бірі
Ыбырайдың кесенесі деуге ұяласың. Өте жұпыны
көрінеді. Бүгінгі байшыкештердің атасына ақ мәрмәрдан
салған тамы оны он орап кетеді. Кесене тұрған жердің
табиғи көркі де жаман емес. Сол жерде Инспектор көлі
аталып кеткен Тобылдың бір ойық суы да бар. Сол
жерді жұрт қасиеттеп баратын кешенге, түрлі шаралар
өткізетін орынға айналдырса, қанеки! Бірақ, әзір оған
ұлттық сана, ұлттық намыс сияқты ұғымдар аздық етіп
тұрған жайы бар...
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА.
33
C
M
Y
K
Әзіл әлемі
Екі жігіттің әңгімесін
ен:
- Темекінің зиянд
ы қасиеттері туралы
кітап оқыд
ым, қоятын шығармын
.
- Темекіні ме?
- Жоқ, кітап оқуд
ы.
Мектептің тұсынан өтіп бара
жатқан әкесі жанындағы баласына:
- Сен о
сы мектепте оқисың ғо
й, иә
дейді. - "Иә" де
йді баласы. - Осыдан
20 жыл бұрын ме
н де о
сы мектепте
оқығанмын
. - Ә, онда директорд
ың
маған кеше н
еге олай деге
нін енді
ұқтым. - Директор н
е деді? - "Дәл
сенде
й топасты көрмеге
німе 20 жыл
болды!" деді.
Үш талапкер тарих пәнін
ен емтихан тапсырып
отыр. Біріншісі жақсы баға алу үшін өгіз беріп
қойса, екіншісі қой берге
н. Ал үшіншісі жағдайы нашар
болғандықтан, ештеңе бермеге
н. Ұстазы біріншісінен: -
Алғашқы атом бомбасы қай елде жарылд
ы?
- Жапонияда
- Бес!
Екіншісінен: - Алғашқы атом бомбасы қай елде
жарылды?
- Жапонияда .
- Қай жылы?
- 1945 жылы.
- Бес!
Үшіншісінен: - Қай қалада?
- Херасимода.
- Өлген адамдардың саны қан
ша?
- Екі жүз тоқсан төрт мың. Ұстазы сасқанынан
: -
Өлгендердің атын атап шық, - депті.
Филология факультетінің үшін
ші
курсында оқитын спорт шебері емти
-
хан тапсырып отырса керек.
- Айналайын
, ең болмаса қарапайым
сұраққа жауап берші! Лев Толсто
й деге
н
классикті біл
есің бе?
- Ағай-ау, ме
н классикаме
н емес, еркін
күреспе
н айналысамын ғо
й.
Оқушы мұғалімге: - Ертең сабаққа
келмей-ақ қояйыншы.
- Неге?
- Мама, өзіңіз ғой кеше ертең ауылдан
апам келеді деген.
- Екеуіміз бірдей келмесек, ұят болар.
Мұғалім оқушысын тақтаға шақырад
ы
да: - Ме
н Шығайбайға бір алма беремін
де, оны төрт балаға бөліп беруін сұраймын
.
Сонда әр балаға қандай бөлік тиеді?
- Ешқандай.
- Отыр, екі. Математиканы білме
йсің.
- Ал сіз Шығайбайд
ы білме
йді еке
нсіз.
Емтиханда: - Сұраққа жауап беріңіз, студент.
- Ойлауға кішкене уақыт беріңіз.
- Уақытың баяғыда бітіп қалған.
- Онда залдың көмегіне жүгінейін, болмаса досыма
телефон шалайын.
Мұғалім оқушыға: - Се
н үшін үй тап-
сырмасын н
еге әкең орындайд
ы?
- Шешемнің қолы тиме
йді.
34
C
M
Y
K
«Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары –
индустрияға!»
РЕДАКЦИЯНЫҢ
МЕКЕНЖАЙЫ:
11000, Қостанай қаласы,
А.Байтұрсынов көшесі,
47-үй, 217 бөлме.
Медиа – студия.
Байланыс телефоны:
қалааралық
8-7142-51-11-67,
Редакция оқырман
хаттарына жауап бермейді,
кері қайтармайды.
Журналдың қажетті
сандарын редакциядан
сатып алуға болады.
Бағасы келісімді.
«Жас өркен-Қостанай»
журналына демеушілік
көрсетем деушілерге мына
есеп-шотымызды ұсынамыз:
РМҚК «А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университет»
ИИК KZ838560000000079688
РНН 391700052352,
БИН 990240005319
БИК KCJBKZKX
РНН банка 391700078345
БИН банка:980841000472
Кбе 16
Журнал редакцияның
компьютерлік орталығында
теріліп, беттеліп
«Қостанайполиграфия»
ЖШС баспаханасында
басылды.
110007, Қостанай қаласы,
С.Мәуленов көшесі, 16.
Басуға 13.12.16 ж.
қол қойылды.
Көлемі 32 бет,
Офсеттік басылым.
Тапсырыс № 5591
Таралымы 900 дана.
Баспахана түпнұсқасы
нашар суреттердің сапасына
жауап бермейді.
«Халықаралық бағдарлама орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі Талғат
Төлебайұлы мен «Серпін-2050» республикалық әлеуметтік жобасының
жетекшісі Гүлзия Қадырқызы Қостанай қаласына жұмыс сапарымен келді.
Делегация мүшелері облыстағы іргелі оқу орны А.Байтұрсынов атындағы
ҚМУ-да болып, серпіндік студенттердің оқуымен танысты.
Қонақтар университет басшылығымен бірге «Білім орталығы» ақпараттық
оқу-білім орталығын аралап, білім алушылардың оқу-тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру, студенттердің бос уақыттарын өткізу жағдайымен танысты.
Кейін №2 студенттер үйіне барып, ондағы тұратын студенттердің әлеуметтік-
тұрмыстық күйлерін көріп қайтты.
Делегация мүшелері университетімізде «Серпін-2050» жобасы бойынша
білім алатын студенттермен кездесті. Жиында студенттер жоба басшысы
Гүлзия Тобатаеваға көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Іс-шарада жобаға
қатысты жаңалықтар айтылды. Мысалға, келесі жылдан бастап серпіндіктердің
шәкіртақысы көбейеді. Олар тек бакалавриат ғана емес магистратураны да білім
гранты бойынша оқи алады. Сондай-ақ мемлекетіміз студенттерге «Болашақ»
бағдарламасы бойынша оқуларын шет елде тегін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Шара нәтижесінде қонақтар университетімізде «Серпін-2050 жобасы»бойынша
білім алатын студенттердің оқуы және тұруына жақсы жағдайлар жасалғанын
атап өтті. Біздің университетімізде «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы былтырғы
жылдан бастап жүзеге асырыла бастады. Қазіргі таңда университетте 14
мамандық бойынша 570 серпіндік білім алып жатыр.
Кәмшат ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
ГӘФ журналистика мамандығының 2-курс студенті.
Университеттегі
«Серпін-2050» күні
Суретте Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қостанай қаласындағы
№ 10 -шы мектеп оқушыларының, тәуелсіздік құрдастарының
ортасында.
Тарихи сурет
C
M
Y
K
Туған жер тұлғалары
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында туып-өскен
Жаманқұл Сатыпалдыұлы (1780 – 1896) туралы жазушы Сәбит
Мұқанов пен белгілі әдебиеттанушы ғалым Балтабай Адам-
баев «Қазақ әдебиеті» газетінің 1965 жылғы 12 қарашадағы
46-шы санында «Жаманқұл жайы көп нәрсені аңғартады» де-
ген мақала жариялаған болатын. Бұл жарияланымның аса
құндылығы сол, онда мақала авторлары Қостанай жерін
аралаған сапарында Жұманқұл деген ақынды іздестіріп жүріп,
оның Жаманқұл деген ақын екенін анықтағанын жазған.
Жаманқұл ақын қазақтың ұлы ғалымы Шоқанның әкесі
Шыңғыспен тұстас, сол кезеңде өмір сүрген кісі. Бірақ,
Шоқанның жазбаларында оның есімі Жұмақұл деп көрсетілген.
Ал Жұмақұл есімді ақын бұл өңірде болған емес. Ендеше
Шоқан оның есімін қате жазып алған.
Жаманқұл ақынның туыстарының айтуына қарағанда,
тоқсан екі баулы Қыпшақтың бір бұтағы бұлтыңнан та-
райтын күрлеуіт деген іргелі ру. Күрлеуіт руынан шыққан
атақты Нияз батырдың кіші әйелі қаракесек Қазыбек бидің
қарындасы Кенжесары деген кісі екен. Кенжесары жеті ұл
туған. Соның бірі Байқожа. Байқожадан Сатыбай мен Саты-
палды деген екі ұл туады. Сатыпалдыдан Жаманқұл туады.
«Едіге» жырының бір нұсқасын Шоқанның әкесі Шыңғыс
осы Жаманқұл ақынның аузынан жазып алған. Шоқан
Уәлихановтың өзі: «мен бұл жырды ең алғаш рет 1841
жылы Аманқарағай дуанында көшіп жүретін (ол кезде
Аманқарағай дуаны орталығы Сарыкөл ауданы аумағында
орналасқаны тарихтан белгілі) күрлеуіт қыпшақ Жұмақұл
ақыннан естідім (Сәбит Мұқанов газетте дұрысы Жаманқұл
деп ескертпе жасайды). ХҮ ғасырда шыққан деп шамаланатын
бұл жырдың (рапсодия) жақсы сақталуы мені аса қайран
қалдырды» – деген.
Жаманқұл ақынның зираты Сарыкөл ауданына қарасты
бүрынғы Чехов атындағы кеңшардың Қарасу деген ауылының
жанында екен. Бұл зиратты мақала авторлары Сәбит
Мұқанов пен Балтабай Адамбаев,сыншы Есмағамбет Ыс-
майылов үшеуі арнайы іздеп барып, өз көздерімен көрген.
Құлпытаста «руы бұлтың қыпшақ күрлеуіт Байқожа Са-
тыпалды баласы Жаманқұл» – деп жазылған.
Құлпытастың орнатылған мерзімі 1961 жыл деп көрсетілген.
Құлпытасты Сейтен Жоламанов деген азаматтың
басшылығымен сол маңайда тұратын ел кейінірек орнатқан.
Мақалада жазылған және Жаманқұл ақынның туыстары
айтқан деректерді сұрыптай келгенде, ақын Сұлуағаш деген
қоныста 1780 жылы туып, 1896 жылы қайтыс болған деген
қорытынды жасауға болады.
Жаманқұл Сатыпалдыұлы
Достарыңызбен бөлісу: |