Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата21.01.2017
өлшемі1,2 Mb.
#2368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.    Шаханова  Р.  Бастауы  тұнық  бұлақ  бар...  //  Зерде.  – 
1989. - №9. – Б. 40-41.
2.  Пушкин-Абай  және  қазақ  әдебиеті:  Халықаралық 
ғылыми конференцияның материалдары. – Алматы: Unique  
Service, 2006. - С. 61-68.
3.  Оралғазина А. А.С. Пушкин және қазақ ақындары // 
Қазақстан мектебі. - 1999. - №5.-Б.32-34
4.    Досжан  Д.  Пушкин    рухымен    тілдесу  //  Жұлдыз.  - 

152
Халықаралық  байланыстар
1999. -№5.- Б.22-39. 
Резюме
В статье К.Н. Жаппаркуловой рассматривается наследие 
Пушкина в контексте  казахской  литературы. Особое  вни-
мание уделяется выявлению роли Пушкина в казахской ли-
тературе. Анализируются художественные переводы Абая
И. Жансугурова и К. Аманжолова.  
Abstract:
The article by K.N. Zhaparkulova highlights the heritage of 
Pushkin  in  the  context  of  Kazakh  literature.  Special  attention 
is paid to identifying the role of Pushkin in Kazakh literature. 
It  includes  the  analysis  of  literary  translations  of  Abay, 
I.Zhansugurov and K. Amanzholov.

153
ҰЛЫ АБАЙ
                                     Екінші бөлім
Ұлы  Абай  туралы  ақын,  ғалым  Шөмішбай  Сариев  пен 
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 
директоры, жазушы, ғалым Уәлихан Қалижанмен сұхбат-
әңгіме. 
– Ш.Сариев: – Абай - қазақтың асыл мұратын толғаған 
ақын. Абай – қазақтың кешегісі, бүгіні, ертеңі. Абай қазақпен 
бірге,  қазақ  Абаймен  бірге.  Ажырамас  бөлшегіне  айнал-
ды: жүрегінің дүрсілі, жанарының нұры, ақыл-ойының ар-
ожданы.  Абай  –  қазақтың  арманымен  толғанды,  қазақтың 
жүрегімен тебіренді. 
–  У.Қалижан:  –  Дұрыс  айтасыз.  Абай  –  бүгіні  мен 
болашағы  қазақтың.  Қазақты  Абай  сынады,  сынап  тұрып 
сүйді. Абай қазаққа ренжіді, ренжіп тұрып бас иді. 
 – Ш.Сариев: – Қазаққа бас иіп тұрып, туған халқын көкке 
көтерген ақын. Абай өлеңдерінде үш өлшем бар: ол – биіктік! 
Кеңдік!  Тереңдік!  Биіктігі  –  Алатау,  Қаратауларымыздың 
шыңындай!  Кеңдігі  –  Сарыарқа,  нарын  құм  даламыздай. 
Тереңдігі – Каспий, Арал теңізіндей, Балқаш көлдеріндей. 
– У.Қалижан: – бір жағы дариямыз деуге болады: Алас 
ұрған  Әмудариямыздай,  Сыр  толқытқан  Сырдариямыз-
дай.  Бір  жағы  өзендеріміз  деуге  болады:  Ертіс  пен  Есіл 
ағысындай. 
–  Ш.Сариев:  –  Оған  қоса,  арнасы  жылда  таситын 
Жайығымыздай. Қалай айтсақ та, Абай – Абай ғой! 
– У.Қалижан: – Менің 2012 жылы жарық көрген «Ойкөз» 
кітабымда Абай туралы «Жұмбақ ақын...» деген дүние жаз-
дым. Содан үзінді оқиын:
«Абай – танып болмаған ұлы құбылыс қана емес, бүгінгі 
күнге дейін ақын әлемін толықтай шеше алмай келе жатқан 
жұмбақ  жан.  Бірнеше  ғасырдан  бері  Абай  жұмбағының 

154
кілтін табуға ұмтылушыылық бір сәт толастаған емес. Зерт-
теген  сайын  Абай  заңғары  биіктей  береді,  рухани  әлемі 
өзіне тәнті ете түседі. 
Заманымыздың  заңғар  саясаткері,  қазақ  әдебиетінің 
білгірі,  Елбасы,  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Абай  туралы  сөз»  деген 
терең  мағыналы  мақала  жазды.  Сол  Елбасы  айтқан  ой-
тұжырымдардан  ұзынды-қысқалы  мысалдар  легін  қатар 
қойып, саралап көруге тырысалық. 
Н.Назарбаев: 
...Абайдың аты жаңаша асқақтап, халқымыздың мәртебе-
мерейі жаңа биікке көтерілумен келеді. 
...Бір кезде абзал ақынымыздың асыл мұрасының таптық 
идеология табанында тапталып қалмай, жаңа ұрпақтармен 
бірге жасайтын мәңгілік құбылысқа айналғанына қуандық. 
...Абайды  Абай  қылған  қилы  тарихтың  қырық  қатпар 
шындығы  қазіргі  заманалық  құбылыстармен  тікелей 
жалғасып жатыр. 
Абай ...ғаламат тәуекелге бара алған ерекше парасат пен 
ерекше рух иесі.
...Халқына  жаны  шындап  ашитын  қайраткер  орға 
жығатын емес, өрге бастайтын жол сілтейді.
...Абай қазақтың суырып салма поэзиясын шын мәніндегі 
реалистік жазба поэзияға айналдырушы...
...Өміршілдік  –  Абай  дүниетанымының  ең  терең  және 
етене қабаттары еді.
...Абай  әлемі  бізді  жеті  түнде  адастырмас  Темірқазық 
іспетті. 
...Абай армандары – тек бір ғана ұлт ұстанатын мұраттар 
емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттыр. 
Иә,  зиялы  қауым.  Жұмбақ  жанның  кілтін  табу,  яғни 
ақынның рухани әлеміне бойлау, оны тануға талпынушылық 
қиынның қиыны. Өйткені Абай өткен замандарды, өзі өмір 

155
сүрген заманды, болашақ заманды да ойластырып, қазақ де-
ген халықтың болашағына сеніп, табиғатындағы кем-кетігін 
сын тезіне алып, өз ұлтын өзі түзеген ұлы ұстаз, ұлы ақын».
 – Ш.Сариев: – «Жұмбақ жан...» деп бір кездері Тәкен 
Әлімқұлов та жазған. Бірақ жұмбақ сөзі кең мағына, мына 
жұмбақ әлем сияқты шексіз дүние ғой...
– У.Қалижан: – Сөзімді бөлме, мен әуелі толық айтып 
алайын: 
«Абай  халық  энциклопедиясының  жиынтығы.  Одан  та-
рихты,  қазақи  әдет-ғұрыпты,  ұлттық  психологиялық  та-
нымды,  бір  сөзбен  айтқанда  ұлттық  тәлімнің  күнгейі  мен 
көлеңкесін  көресің,  өзіңнің  кем-кетігіңді  танисың.  Яғни 
Абай  қазақ  жерінен  баяғыда-ақ  ғарышқа  шығып  кеткен 
ұлттың ұлы тұлғасы. Енді сол биіктен Егемен, Тәуелсіздік 
құрған  ұрпағының  тірліктеріне  риза  көңілмен  зер  салып, 
«Айтқан  сөзі  қор  болмағанына»  риза  кейіппен,  өзі  салған 
соқпақ  жолмен  мыңдаған  заман  керуендері  Европаның 
қабырғасын  қаусыратып,  мұхиттың  ортасындағы  елдің 
тілеулесі болып, кешегі өзі де дос болған орысы дос болып, 
қытайы  тілеулес  болып  отырғанын  көріп,  әр  жағына  риза 
кейіппен қарап отырған болар. 
Расында  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай,  жаныңды  беріп  оқу 
ғана керек емес, оны кестенің жүзіндей, кестенің бізіндей 
өрнектеп  салып  қою  аз,  оны  жүрекке  тоқып  алмақ  ке-
рек.  Сонда  ғана  ұлы  ғұламаға  бір  табан  жақындайсың. 
Жақындауың мүмкін, бірақ оны танып-білу оңай емес.
Абай  әлемі,  Абайдың  рухани  әлемі  ғарыш  сынды  тыл-
сым.  Марс,  Сатурн  жұлдыздары  сияқты  жеткізбейді.  Тек 
оны  жүрекпен,  тілекпен  зерттейсің.  Өйткені  сен  оқыған 
өлеңнің  ерекше  өлшемі  бар.  Сондықтан  да  Абай  қай  за-
манда да түсінікті, қай қоғамда да қажетті, қай кезеңде де 
қасиетті. Бір ғажайып өлшем. Абай ешқашан өткен шақтың 
адамы болмайды.

156
Ұлы Абай мұрасын зерттеуші, марқұм академик Зәки Ах-
метов «Абайдың ақындық әлемі» атты көлемді кітап жазған 
еді.  Жүрегімен,  ерекше  махаббатпен  жазылған  кітаптан 
абайтанудың көптеген соқпақты жолдарын табасың.
Кезінде Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақ» газетінде 
«Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласын жазған-ды. 
Ақаң «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында 
біз білетін ақын болған жоқ» деп ағынан жарылған-ды». 
–  Ш.Сариев:  –  1913  жылы  «Қазақ»  газетінде  Ахмет 
Байтұрсыновтың  «Абай  –  қазақтың  бас  ақыны»  деген 
қанатты сөзі біздің сұхбат-әңгімеміздің эпиграфындай. 
Ал  енді  «Абайдың  жұмбағы»  мақаласында  абайтану-
шы  ғалымдардың  бірі  –  Рамазан  Тоқтаровтың  «Абайдың 
жұмбағы» шығармасын талдай келіп, былай дейді: 
«Сөз соңында айтылуға тиісті ой мынадай.
Қазіргі көркем қазақ прозасының көрнекті өкілі, қаламы 
төселген  қаламгер  Рамазан  Тоқтаров  бұл  көлемді  еңбегін 
«Абайдың жұмбағы» деп атапты. Осы орайда біздің алды-
мыздан көлденең тұратын бір сұрақ – сол жұмбақтың сыры. 
Бұл не сонда? Біз бала жасымыздан бері Абайдың: «Мен бір 
жұмбақ адаммын» деген сөзінен басқа, оның өлеңдерін мек-
теп оқулықтарынан бастап там-тұмдап оқып келе жатқанда, 
Абай есіміне байланысты «жұмбақ» деген сөзді естіген жоқ 
едік  қой.  Ендеше  бұл  не?  Жай  бір  ойнақы  сөз  тіркесі  ме, 
әлде оның астарында жасырын жатқан терең сыры, құпия 
мағынасы бар ма?
Роман-хамсасының  ілтифат-хат  түрінде  жазылған  про-
логында автор өзінен бұрын Мұхтар Әуезов «Абай жолы» 
эпопеясында  ақын  өмір  сүрген  дәуір  мен  оның  айналасы-
на күн көзіндей күшті жарық түсіргенін, ол жарық сәуленің 
қуаты  талай  ғасыр  белесінен  асып,  үздіксіз  шұғыла  ша-
шып  тұратынын  айтады.  Бірақ  соған  қарамастан,  Абай 
поэтикасының қуатты көзі, өзінің жұмбақтығы толық ашы-

157
лып болмағанын ағынан жарыла ашып айтады. 
–  Абайдың  не  бергені  біздің  қолымызда,  –  дейді  ро-
ман-хамса авторы. – Оның айтып отырғаны – қазір біздің 
әрқайсымыздың үйдегі кітап сөремізде тұрған ақынның екі 
томдық шығармалары. Біздің мамандығымызға, білігімізге 
қарай күнбе-күн ақтарып-төңкеріп, дәріс алып отырған асыл 
мұрамыз. Ол бірақ осындай қымбат қазынаны қалдыра алу 
үшін  бай  өмірден  не  алды,  қалай  алды?  Жұрт  көрмегенді 
ол қалай көрді, жұрт сезбегенді қалай сезді, т.т. міне, бұл – 
жұмбақ, – дейді хамса авторы. Біз сол сұраққа елігеміз де, 
бес кітаптан тұратын роман-хамсаның тұңғиығына шомы-
лып  кетеміз.  Обалы  не  керек,  іздеген  жауабымызды  таба-
мыз, ойландырған жұмбақтың шешіміне жетеміз». 
– У.Қалижан: – Менің айтқан «Жұмбақ адамым» тіптен 
бөлек. 
«Исламабадта  шығатын  газетте  «Абай  –  қазақтардың 
рухы» депті. Ал француздық ғалымдар Жоселин Перер мен 
Мариванн  Перер  «Абай  –  адамзаттың  ойшылы»,  ал  пар-
сы  ғалымы  Али  Асгар  Ширдуст  Абайды  «Мәдениет  пен 
өркениеттің сәулетшісі» деп есептейді. Француз ғалымдары 
Альбер мен Мадлен Фишер «Абай оқу үшін керек!» деп жа-
зыпты. 
Ұлыбританиялық  ғалым  Хазрат  Мирза  Тахир  Ахмад 
«Абай әлемі» атты мақаласында «Ұлы суреткер болып қала 
береді. Ол кәрілікті жазса да, адамның қуаныш сәтін бей-
нелесе  де,  кешкі  апақ-сапақты  жазса  да,  болмаса  арайлы 
таңды жазса да ол өз мақсатына жетеді. Бұдан адамзат ке-
ремет  әсер  алып  қана  қоймай,  рухани  тыныштық  табады. 
Мұндай  поэзияны,  мұндай  өнерді  жоққа  шығаруға  бол-
майды», – деп таңданыпты. Қандай ғажап, қандай көркем 
сөз! Ал француз ғалымы Жорж Буйон «Абай өзгеше, қалың 
жұрт  ұғына  бермейтін  ұлы  ойшыл»  –  деп  жазыпты.  Ал 
француздық  ғалым  Шанталь  Лемерсье  Келкежей  мырза 

158
«Абай Құнанбаев ағартушы модернист» деп атапты. 
М.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының 
ұжымы  ұлы  Абай  мұрасын  үзбей  зерттеп  келеді.  Бүгінгі 
күні қуана айтар қуанышымыз да жоқ емес. Осы кезеңдерде 
Абай Құнанбаевтың академиялық 2 томдық жинағы, «Абай» 
тұлғалық энциклопедиясы жарық көрді. 
– Ш.Сариев:   –  «Жүрегімнің түбіне терең бойла» де-
ген  ғылыми  еңбегінде  Төлеген  Тәжібаев:  «Абай  арнау-
лы  психологиялық  еңбектер  жазған  жоқ,  бірақ  біз  оның 
шығармаларынан психология мәселелері жөнінде аса қызық 
және аса бағалы пікірлер табамыз. Ол өзінің психологиялық 
пікірлері 
мен 
ұғымдарын 
көбінесе 
поэтикалық 
шығармаларында, сол сияқты өсиеті, өнеге-үлгі сөздерінде 
(«Ғақлияларында»)  айқын  көрсетіп  отырды.  Сөйтіп  Абай 
көптеген шығармаларында өзінің психология мәселелеріне 
көзқарасын белгілі шамада толық айтып берген ең бірінші 
қазақ  болып  тобылады.  Абай  психологияны  зерттеуде, 
біздің байқауымызша, өзі психология ғылымының мазмұны 
деп таныған, үш түрлі мақсат көздеді. 
Біріншіден, Абайдың түсінігінше, өлең мен адамдардың 
жан дүниесіне кіріп кетуі керек, олардың алтын қазынасы 
болып табылатын ең бағалы сезімдерін қамтуы керек. Олар 
халықты адамгершілікке тәрбиелеуде, адамдар санасындағы 
екі  феодалдық  қалдықтарға  қарсы  күресте  маңызды  роль 
атқарулары керек. Ол үшін олар халықтың аңсаған арманы 
мен үміт, тілегін жырлап қана қоймай, сонымен бірге олар-
ды бақытты бостандық өмірге жетектеуі керек. Өлеңнің «іші 
(мазмұны) алтын, сырты (формасы-түрі) күміс» болып келуі 
керек. Көркем сөздің күші, Абайдың айтуынша, мынада:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,
Білгенге маржан,

159
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас;
Қиналма бекер тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ ойға олақ» – дей келіп:
Әннің  адамның  психикалық  әрекетіне  ететін  әсері  ту-
ралы  айта  келіп,  Абай  адамның  көңіл-күйі  оның  терең 
сайлануының  сәулесі,  ал  ән  сол  көңіл-күйінің  қылын 
шертетін көлеңкесі деп көрсетеді.
Көңіл құсы құйқылжыр шар тарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақты.
Салған ән – көлеңкесі сол көңілдің
Тактысына билесін ол құлаққа. 
Ән  адамды  қанаттандырғандай  болады,  оның  сезімін 
тербетеді, оны рухтандырады. 
Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.
Жарамды әнді тыңдасаң жаның еріп,
Жабырқаған көңілің көтерілер.
Ән деген – ол рақат, бірақ оны кез келген құлақ тыңдай 
білмейді, тек «ойлы құлақ» қана тыңдай біледі. Ән адамның 
қайғысы  мен  қуанышын  жандандырады,  ұйықтап  жатқан 
сезімін оятып, сілкіндіреді. Ән адамның ойлары мен көңіл-
күйін көрсетеді. 
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын тесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Көкірегі сезім, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзі тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Абайдың бұл сияқты айтқандарынан мынадай қорытынды 

160
өзінен  өзі  келіп  шығады:  поэзия  адамның  психологиясы-
на әсер етудің мықты құралы болып табылады, бірақ оның 
әсер  етерліктей  күші  болуы  үшін  ақын  адамдардың  пси-
хологиясын жақсы білуі керек және оған әсер ете білуі ке-
рек. Олай болса, поэзиямен ұғылданып жүрген әрбір адам 
адамның  психикалық  әрекеттерінің  ерекшеліктерін,  оның 
даму заңдылығын зерттеп, оны жақсы білетіндей болу ке-
рек» – деп түйеді. 
Одан әрі Төлеген Тәжібаев Абай мәдени жақтан артта қалу 
қалушылықтан құтқару жолы – оқыту жұмысы әсерлі болу-
ын қаласа, үшіншіден, Абай түсінігінде адамдардың психо-
логиясы мен мінездерінің (характерлерінің) ерекшеліктерін 
тани білу деп ұғады дейді Төлеген Тәжібаев. 
–  У.Қалижан:  –  Ғабит  Мүсірепов  болса,  «Үлкен 
сарыннның ақыны» деп бағалады. Қазақ халқының жарқын 
болашағы  үшін  алысып  өткен  ұлы  Ақынымыз  Абай  –  бір 
елдің бір ғасырдағы ой, өмірінің өрісі мен биігі өлшенетін 
ақын деп таныды. 
– Ш.Сариев: – Әбділда Тәжібаев Абайдың лирикасы ту-
ралы тебірене толғанып: 
«Жан-Поль Рихтердің тілімен айтқанда: «лирика – барлық 
поэзияның өмірі мен жаны; лирика – поэзияның поэзиясы».
Ендеше сол қасиетті лириканың өзіне үңілейік:
Көк ала бұлт сөгіліп.
Күн жауады кей шақта,
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп, күш алар,
Аққан жасқа қаңғырып,
Бас ауырып, іш жанар. 
Бұл өлеңді бір оқып өтіп кетеңіз. Оқыңыз да, үн қатпай 
тағы да оқыңыз. Тағы да ойланыңыз, одан кейін өз ұяңыздан 

161
ұшырған мұңлы күйдің құсындай басыңыздан айнала ұшып 
үздіксіз  тұруына  біз  кепіл.  Өйткені  екі  аяқты,  бір  басты-
да  мұндай  күйді  басынан  өткізбеген  жан  болмайды.  Әлде 
айналып  келместей  жарыңды  ойладың  ба,  болмаса  жар-
дан жығылған жалғызың ойыңа түсті ме, әлде екі көзіңнің 
біріндей,  үмітіңнің  жұлдызындай  бір  жыл  бұрын  дүние 
салған  ер  досыңды  аңсадың  ба,  жоқ  әлде  қоршаған  жұрт 
түсінбей, қанатыңды тасқа соқтырып, жүрегіңнің маздаған 
жалынына  суық  су  құйып  кетті  ме?  Әйтеуір  бір  түнерген 
шағың  болады.  Сондай  күпіндірген  ой  тау-кеуденің  ішіне 
сыймай,  көкала  бұлттай  құрыстамай  ма?  Күкірегені 
күңіренуге айналғанда көздің жасы жаңбыр боп жаумай ма?
Желсіз түнде жарық-ай,
Сәулесі суда дірілдеп, 
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып ән қосып – 
Үрген ит пен айтаққа,
Келмеп пе едің жол тосып,
Жолығуға аулаққа.
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суырып, бір ысып.
Дем ала алмай дамыл ғып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?..
Бұл  не?  Өлең  бе?  Ән  бе?  Жоқ  әлде  жанды  сурет  пе? 

162
Оқып шығуымыз үшін екі минут кеткен жоқ, осы қас қағым 
мерзімнің ішінде қандай қызық әлемге еніп кеттік? Аспанға 
қара,  ұлтарақтай  бұлт  жоқ:  көмкерілген  көк  күмбез,  өн 
бойында  таңба  болар  кіршік  жоқ,  көкірегің  де  кірбеңсіз, 
таза,  мөп-мөлдір,  бусанған  жерге  махаббаты  ауғандай 
жүрегі  ғана  қалтырайды.  Әйтпесе  көк  күмбездің  жарық 
жүрегіндей  ай  сәулесі  неге  дірілдейді?  Осынша  ғажап 
дүниеде сыбырласқан көк жапырақтар не деседі? Олар да 
оңашада  махаббатпен  үндескен  аспан  мен  жердің  сырын 
шерте  ме?  жоқ  әлде  жары  күткен  жас  сұлудың  кездесіне 
асыға ма? Дамыл таба алмай алқынып, дүрсіл қаққан кімнің 
жүрегі? Тамағының астында кейде лебізсіз тұншыққандай 
бөгеліп, кейде шарпып жалындай, өн бойыңа өрт жүгірткен 
кімнің демі? Ай ма дірілген, әлде жігіт жанына нұрын төгіп 
тұрған ақ арудың жүрегі ме? тау жаңғыртып әупілдеген қай 
сырттанның  дауысы  екен?  Күзетшілер  неге  айтақтайды, 
күшігіне жем іздеген бөрінің сыбысын сезді ме екен?..
Жиырма жол өлеңнің ішінде осынша кең дүние, осынша 
бай өмір бар дегенге сенгің келмейді. Бұл бір өлеңнің күші 
емес,  тамаша  повесть  оқып,  мың  сан  бояумен  жасалған 
суретті ынтыға, қызыға қарап, сол көрген әлемнің барлық 
үндерін  беретін  данышпан  композитордың  симфониясын 
тыңдағаннан кейінгі әсер сияқты...
Желсіз түнде жарық-ай,
Сәулесі суда дірілдеп...
Келіңдер,  достар,  үн  қосыңдар  маған,  қайта  оқып 
шығайық тылсым дұғасын. Әр жолынан күй төгіліп, бояуы 
тамып тұрған ұлы ақынның алдында бас иейік ізетпен!» – 
деді. Дегенде, ұлт ақынының алдында бас иейік ізетпен деді. 
– У.Қалижан: – Ақын Мұзафар Әлімбаев ағамыз: 
«Аударып Кітап-Дала көне бетін,
Жаяды жаңа бетін – кереметін.
Абайдың жырларындай оқи берсең,

163
Рахатқа жаның балқып кенелетін.
Осы өлеңдегі сезім – менің өз басымнан жиі-жиі кешетін 
көңіл-күйім.  Содан  да  «Менің  Қазақстаным»  поэмасының 
басталуына  негіз  болған  сезім.  Рас,  Абайдың  кітабын 
парақтаған сайын бір жаңалық ашасың. Апырым-ау, бұған 
дейін  осыны  неге  білмегенмін?  –  деп  ішіңнен  саныңды 
соғып жүресің. 
Абай – телегей теңіз. 
Абай – тұңғиық мұхит. Жан жүрек мұхиты. 
Абай – түбіне көз түгілі, ой жетпес биік аспан, жеті қат 
ғарыш...
Абай – таусылмас уақыт...
Абай – сарқылмас бақыт...» – деп жазған. 
–  Ш.Сариев:  –  Сол  Мұз-ағаң  «Абай  санын  мейлінше 
қысқартып, оның есесіне ойды салмақтандыруға ынтық әрі 
құдіретті» деп жазғаны да еске оралып отыр...
– У.Қалижан: – Әлкей Марғұлан: 
«Абай – әлемдік әдебиеттен белгілі орын алған кемеңгер, 
ойшыл,  адам  баласын  шындыққа,  игілік  іске,  еркіндікке 
шақырған ұлы ақын. Ақынның жазғандары өзінің бейнелі 
көркемдігімен сәулетті сұлу дүниедеей адам көңілін баурап 
алса, оның мазмұны да жүрекке сәуле түсіргендей, жаңа бір 
қызықты,  қуанышты  дүниеге  кіргізгендей  болады.  Бірақ 
кемеңгер  ақынның  қолжазба  мұралары  осы  күнге  дейін 
терең  зерттеліп,  бір  ғылыми  тәртіпке  келмеген.  Мұның 
әлпеті ретінде қазір менің алдымда бірнеше хаттар жатыр. 
Бұларды жолдаушылар – Абайды зерттеуші жас ғалымдар, 
Абай  музейінің  қызметкерлері,  диссертация  қорғауға  дай-
ындалып жүрген талапкерлер. Осы хат иелерінің барлығы 
да Абай мұрасы туралы кеңес сұрап, сыры ашылмай жатқан 
соны деректер жоқ па екен деп білгісі келеді. 
Абай  мен  Шоқанға  тән  жащу  мұраларымен  мен  1927 

164
жылдан  (студент  кезімнен)  таныса  бастадым.  Бұл  кісілер 
орыс  ғалымдарына  көп  заманнан  белгілі  болғандықтан, 
олар туралы қалайда бір із болу керек қой деген сенім мен-
де сол кездің өзінде-ақ болушы еді. Бұл жору кейін расқа 
шықты: Абай мен Шоқанға тиісті мәліметтер МОсква мен 
Ленинградтағы,  Омск  пен  Томск  қалаларындағы  атақты 
кітапханалардан,  архив  қоймаларынан  көріне  бастады. 
1938 жылы Ленинградтағы Күншығыс халықтарын зерттеу 
институтының архивінен Абайдың інісі Халиуллаға жазған 
хаты табылды. Онымен бірге Абайдың әкесі Құнанбай мен 
ұстазы Ғабитханның да Халиуллаға дазған екі хаты шықты. 
Бұл  хаттар  1865-1866  жылдары  жазылған.  Ол  –  Абайдың 
тіршілік  майданына  жаңа  шығып  жүрген  жас  ақын  кезі 
болатын. Сондықтан бұл хаттарды жас Абайдың өмірі ту-
ралы  қағаз  бетіне  түскен  бірінші  деректер  деуге  болады. 
Бұлар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 1959 жылғы 6 
номерінде жарияланды. Хаттардың қазіргі сақталып тұрған 
жері – Азия халықтарының зерттейтін институтының архи-
вы (ф. 5 №13,, лл. 50-51)». 
–  Ш.Сариев:  –  Әлкей  Марғұлан  жас  зерттеуші 
ғалымдарға  бағыт-бағджар  беріп,  қай  жерден,  қай  архив-
тен іздеуге болатындығын нақты көрсетеді. Сонымен қатар, 
ғалым: 
«Абайдың  өзіне  тән  әдебиет  мұрасымен  қатар,  оның 
өмірбаянына  керекті  мәліметтер  де  үлкен  кітапханаларда, 
архивтерде кездесіп отырады. Сондай күрделі деректердің 
бірі – Абайдың әкесі Құнанбай мен оның балаларын патша 
үкіметі  айыптап,  тергеу  жүргізген  істер.  Бұл  документтер 
Омскінің  мемлекеттік  архивінде.  Абай  туралы  роман  жа-
зушы  Мұхтар  Әуезов  бұл  деректерді  көрмеген,  сөйтсе  де 
архив деректерімен оның романында айтылған тарихи эпи-
зодтар мүлде бірімен бірі қабысып жатыр. Бұған қарағанда 
Мұқаңның қариялар аузынан жазып алған әңгімелері өзінің 

165
тарихи негізін бергі кезге дейін жоймай, архивте сақталып 
тұрған  деректермен  қатар  айтылып  келгенін  көрсетеді»  – 
деп жазды.
Ш.Сариев: – Абайтану бөлімінде бірге біраз жыл қызмет 
атқарған  бұрынғы  ҚазТАГ-тың  директоры,  кейін  1986 
жылғы  ұлы  оқиғадан  таяқ  жеп  орнынан  түскені,  орнынан 
түскені өзіне пайда болып, ғалымдық жолға біржолата бет 
бұрған Жұмағали Ысмағұлов «Абайдың қарақ сөздері тура-
лы» дейтін зерттеу еңбегінде: 
«Бірақ адам баласын тірлікте бір ғафылсыз жібермейтін 
құдіреті күшті өмірдің сол адамның ерік-жігері мен ақыл-
парасатына  көнбейтін  де  бір  мінезі  бар  екен.  Абай  оны 
жалығу деп атайды (жиырмасыншы сөз) және оны тағдырдың 
жарлығы деп, адаммен бірге жаратылған нәрсе деп біледі. 
Ақылы  түгел,  ойлы  адамның  өзі  де  қарсы  тұра  алмайтын 
құбылыстың алдында ол өзінің дәрменсіздігін мойындауға 
мәжбүр  екен.  Өмірдің  небір  қызығы  мен  игілігінен  де, 
небір  қимас  қымбатынан  да  тойынып  жалығатын,  суына-
тын шағына ұстаз дес беретін сияқты. Бәлкім, дәл осы тұста 
дана Абай, кемеңгер Абай, ақын Абай алдында бір сәт болса 
да есе беретін шығар деген ой келеді.
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.
Қай қызығы татиды-ау қу өмірдің
Татуды араз, жақынды жат қыларға? 
– дейтін сол ақының тап өзі еді ғой» – дейді. Бұл шындық 
сөз. Бұның алдында: 
«Абайдың  әдеби  шығармашылық  мұрасында  өлеңдері 
өрнекті  ой  тізбегінен  өркеш-өркеш  болып  жарыса  бой 
көтерген құз қия, шыған шыңдардың тұтасқан бір жүйесін 
құраса,  қарасөздері  асқаралы  алып  жартастай  өз  алдына 
бір  байтақ  әлемді  алып  жатыр.  Ол  –  дүниенің  небір  тыл-

166
сым  құпияларынан  шым-шымдап  шындық  тартып,  адам 
тіршілігінің  сан  сала  тәжірибесінен  сыр  түйгендей  ғажап 
бір тағылымды ой-пікір әлемі» – деп бастап, осы ойға әкеп 
тірейді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет