Меншіктеу операторы


Циклдік (қайталау) оператор



бет11/15
Дата31.12.2021
өлшемі147 Kb.
#22146
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Курсовой досымбаева.а.а

1.5 Циклдік (қайталау) оператор

 

    Кейбір бағдарламалардың белгілі бір операторлары бірнеше рет қайталанып отыруы мүмкін. Мұндай болып келген операторлар тізбегін цикл операторлары деп атайды. Циклдік оператордың үш түрі бар: параметрлі цикл-FOR, шартын алдын-ала тексеретін цикл- WHІLE және шартты соңынан тексеретін цикл-REPEAT.



 

    FOR операторы цикл параметрі өзінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгеру барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталау ісін атқарады.

    Бұл оператордың екі жалпы түрі бар:

1)     for і:=n1 to n2 do <оператор>;

2)     for і:=n2 downto n1 do <оператор>

мұндағы for-оператордың аты, “үшін” болып аударылады; to-түйінді сөз (дейін); do-түйінді сөз (орындау); і-цикл параметрі санауға, реттеуге болатын типтегі айнымалы; -цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндері; <оператор> -бірнеше рет қайталанатын оператор. 

    Шартын алдын-ала тексеретін қайталану саны белгісіз операторы WHІLЕ (әзір) шарт ақиқат болғанда ғана орындалады. Егер  шарт  жалған  болса,  бұл  цикл  бір  рет те  орындалмауы  мүмкін.  Бұл оператордың жазылу  түрі:

    WHІLЕ  <шарт>  DO <оператор>   { бір оператор   қайталанады}   

    WHІLE < шарт >  DO

     {бірнеше  оператор    қайталанады} 

             ВЕGІN

                      < 1- оператор ;>

                      <2-оператор ; >

                      < n ? оператор;>

                  END.

Шарт цикл соңында тексерілетіндіктен  REPEAT (қайталау) операторы ең болмағанда бір рет орындалады. Циклдің орындалу шарты ақиқат болғанда оның жұмысы тоқтатылды.  Жазылу түрі:

    REPEAT <оператор> UNTІL <шарт>

                 {бір оператор қайталанады}

мұндағы  UNTІL-түйінді сөз, “дейін” болып аударылады. Ал бірнеше оператор қайталанатын жағдайдағы жазылуы:

    REPEAT  <1-оператор>;

                  <2-оператор>;

                         ?

                  ;

    UNTІL    <шарт>;

Бұл жерде құрмалас оператор REPEAT және UNTІL сөздерінің арасында орналасып, басқа түйінді сөздер жазылмайтыны көрініп тұр




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет