1.4 Шығару операторы.
Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE жазу операторы процедурасы деп те қолданылады:
WRITE (a1, a2, … an);
Мұндағы жақша ішінде жай айнымалылар немесе апострофтармен қоршалған символдар тобы болуы мүмкін. Мысалы, егер B – 17.15 болып, мына команда орындалғанда:
WRITE (B мәні -, B);
Экранда
B мәні – 1.715E+01 деген сөз тіркесі көрінеді.
Шығарылатын мәндердің түрі айнымалылардың типі арқылы анықталады, олар integer, real, boolean (true, false), char, string сияқты типтер түрінде беріле береді.
Шығарылатын параметрлер бір-бірімен үтір арқылы ажыратылып, WRITE түйінді сөзінен соң жай жақша ішіне жазылады.
Шығару операторында жақша ішінде қағазға не экранға шығарылатын мәннің пішімін – оның алатын орнын, яғни енін толық көрсетуге болады. Бүтін санды оның енін көрсетс отырып экранға шығаруға болады, мысалы: b айнымалысының бүтін түрдегі мәнін көрсету
WRITE (b: n) немесе WRITE (b: 5)
Операторы арқылы жүзеге асырылады. Мұндағы b – айнымалының атауы; n-мәні бүтін сан болып келетін тұрақты түрінде берілген орые саны, оны бірден бүтін санмен де жазуға болады. Егер b:5 пішімі беріліп, ал b-56 (екі не үш разрядты сан) болса, онда беске дейінгі толтырылмаған орындарға сол жақ шетте бос орын қалдырылады. b-56 мәні үшін WRITE (b:5) операторы экранға «56» тіркесін шығарады.
Нақты сандар үшін оның жалпы енін, сонан соң бөлшегі алатын орынды көрсету қажет, сол себепті аралас сандарды бейнелеуде оның ені қос нүктемен бөлінген екі бүтін сан арқылы жазылады. Сонымен, нақты сан үшін пішім екі саннан тұрады:
1 – санға берілетін барлық орын.
2 – үтірден кейін алынатын бөлшек цифрлар саны.
Мынадай оператор берілді.
WRITE (Y: 5:2)
мұндағы 5-нәтижеге берілген барлық орын,2-үтірден соңғы бөлшек берілетін орындар саны.Мысалы, С=-1457865 болғанда WRITE(С:8:3)операторы экранға -145786 мәнін шығарады,мындағы жалпы орындар саны – 8, ал бөлшек үш санмен бейнеленетіндіктен соңғы бір цифр жазылмай қалып отыр. С айнымалысының берілген мәнін толық бейнелеу үшін WRITE(C:9:4)операторын жазу керек еді.Жалпы нақты санды экранда бейнелеу операторының жазылу түрі:
WRITE(C:n:m);
мұндағы n-С мәнінің барлығына берілген орын саны; m - C мәнінің бөлшек бөлігіне белгіленген орын саны.n- нің мәні таңбаны, бүтін мен бөлшекті бөлетін нүктені және бүтін сандар орнын бөлшекке қосып көрсететіндіктен, ол n
WRITE (b: 8:3, :4, c:12:4);
мұндағы 4- b мен с сандарының арасындағы бос орын саны.Егер нақты сан үшін WRITE(Y=; Y:8:3) пішімі берілсе, ал оның мәніY=1.76 болса,экраннан Y=1.760 тіркесі көрінеді.Егер операторда пішім көрсетілмесе, онда нәтижеде сол сан экспоненциальды түрде экранға шығады. Паскаль тілінде параметрсіз шығару операторы WRITELN жаңа жолға өту үшін қолданылады.Егер WRITELN (a1, a2, …,an); операторы қолданылса, онда а1, а2, ..., an мәндерін экранға шығарған соң курсор келесі жолға көшеді. WRITE операторын түсініктеме беруге қолдануға болады. Мысалы: WRITE(A,B,C мәндерін енгізіңдер:); READ (A,B,C,); Мұндайда экранға: А,В,С мәндерін енгізіңдер: түсініктеме сөзі шығады, сонан кейін үш сандық мән енгізілуі тиіс.Мысалы,WRITE(= , N:3, :4, M= , M : 4 :2) болса, онда Т- нің үшорынды мәнінен соң 4 бос орын қалады да, одан соң М – нің нақты мәні жазылады. Айталық, X= 7, Y= 15, Z= 11, ал R= 450,08 болсын, оларды экранға шыға
рудың әр түрлі тәсілдерін көрсетеді.
Мысалыдар:
Program A(input,output);
VAR
x,y,z:string[10];
a,b,c:real;
m,n:integer;
BEGIN
x:=’f’ ;
y:=’j’;
z:=’jan’;
a:=23.5;
b:=23,456789;
m:=1444;
n:=6785;
WRITE (x:2,y:2,z:4,a:5:2,’8’,b:9:6,m:6,n:5:0)
Программа тақырыбындағы жақша ішіндегі екі сөз (input, output) керекті деректердің пернелерден енгізілетін,ал нәтиже экранға шығарылатын мәлімдейді. Паскальдің стандарты бұл екі сөзді жазуды мәліметті түрде талап еркенімен Турбо Паскальда оларды жазбауға да болады, сондықтан көбінесе бұл параметрлерді көрсетпейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |