мерекелік сайысы Жүргізуші: Армысыңдар құрметті қонақтар, ата-аналар! Көптен күткен «Алтын күз»



Дата25.11.2023
өлшемі16,63 Kb.
#127703

«Арайлы Алтын күз» мерекелік сайысы



Жүргізуші:Армысыңдар құрметті қонақтар, ата-аналар! Көптен күткен «Алтын күз » мерексі де келіп жетті. Күз- жыл мезгілінің бірі. Күз мерекелі, берекелі ай.Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық , молшылық. Күз дегеніміз- кауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс-жидек, астық пісіп жетіледі, күзде мал да, аң мен құстар да қоңданып семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
Берекесін сыйлауға.
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға.
Шақырады біздерге -
дей келе 1 сынып оқушыларының «Күз тамаша! тамаша әнін қабыл алыңыздар!
Нағыз күз «Алтын күз»-қазан айы. Жалпы алғанда біз үшін күз дегеніміз мереке, күз дегеніміз береке.
Жиылған қауым, армысыздар , бәріңіз
Келіп жетті алтын дәнді сары күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.
Күз- мереке, күз-ырыстың белгісі
Қайтып барады мекеніне жыл құмы
Әнге ұласып, жыр, ұласып даламыз
Алтын күздің той думаны басталды.
Енді сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып , сайлап өтейік.

Әр тапсырмадан кейін ұпай саны беріліп отырады. Ұпай 5 балдық жүйемен бағаланады. Онда қатысушылардың эстетикалық мәдениеті, киіне білуге, жүріс тұрысы, әсемділігі, білімділік жағы ескеріледі.Олай болса сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.



  1. «Күзгі жапырақтар»

  2. «Алтын дала»

  3. «Күнбағыс»

  4. «Алтын дән»

Ал енді бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болайық

  1. «Сәлем –сөздің атасы» таныстыру

  2. «Өнерлі өрге жүзер» өнер сайысы

  3. «Сымбат көрік, сәндік өнер»өз шығармашылықтары,жоқтан бар шығару/киім үлгісі/

  4. «Кім білгір?» Жұмбақ,мақал-мәтел ді жалғастыру

  5. Үй тапсырмасы.Күзгі жапырақтардан аппликация жасау

  6. «Жұптық егіздер» қағаздан белгілі бір өрнекті қию


Жүргізуші
Бір-бір үйдің жұлдызы,
Бір-бір үйдің ұл қызы
Балғын шақта шат күлші
Елің саған сүйсінші
Сен бақытты бүлдіршін!- дей келе бүлдіршініміз Айзеренің тамаша әнін тамашалаңыздар
Енді әр топ өз орындарын білу үшін реттік номерлерін алсын
Жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты.
Таныстырып өздерін ән салыпты
Бәйге алуға бүгінгі сайысымызға,
Оқушыларымыз аянбай-ақ жан салыпты.

  1. Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып «Сәлем –сөздің атасы» таныстыру кезеңін бастайық. Әр қатысушы топ өздерін таныстырады. Бағаланатын ұпай саны 10балл



Жүргізуші: Ерке өскен жайылған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап келдік біз.
Тәтті күй ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз дей келе сайысымыздың ІІ кезеңі «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсетуге кезек берейік. Бағаланатын ұпай саны 10 балл
2-3-4 сынып оқушыларының тамаша әнін қабыл алыңыздар

  1. ІІІкезеңіміз «Сымбат көрік, сәндік өнер» деп аталады. Өз шығармашылықтары, жоқтан бар шығару/киім үлгісі/ Бағаланатын ұпай саны 50 балл



  1. Кезең «Кім білгір?» деп аталады. Жұмбақ,мақал-мәтел ді жалғастыру. Әр тапқан сұраққа 10 ұпай беріліліп отырады.



  1. Кезең Үй тапсырмасы. Күзгі жапырақтардан аппликация жасау. Ұпай саны 50



  1. Кезеңіміз «Жұптық егіздер» деп аталады. Қағаздан белгілі бір өрнекті қию


Әр топтан екі оқушы шығады.

Жеңген топ сылықтармен және мақтау грамоталарымен марапатталады.


Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Арайлы Алтын күз!» атты сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше күн жақсы болсын! Келгендеріңізге көп рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет