Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен



бет72/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   79
Байланысты:
2 лекция тезЭКОЖуйе

Фиктивті экономика («сұр» көлеңкелі экономика). Заңмен рұқсат етілген, бірақ тіркелмеген қызметтер мен тауар өндіруге байланысты экономикалық іс-әрекеттер. «Ақ жағалы» экономика «ақ» экономикамен тығыз байланыста болса, бұл онымен салыстырғанда «ақ» экономикадан бөлектеу өмір сүреді. Көлеңкелі экономиканың бұл секторында өндірушілер салықтан, лицензия алуға байланысты, т. б. шығындардан жалтару үшін саналы тұрде ресми есепке тұрудан қашқақтайды немесе бұндай қызмет түрлері туралы есеп мүлдем қарастырылмайды.

  • Қылмыстық экономика («қара» көлеңкелі экономика). Бұл заңмен шектелген, аса дефицит және тиым салынған қызмет пен тауар түрін өндіруге және айналымға жіберуге байланысты экономикалық іс-әрекеттер болып табылады. «Қара» көлеңкелі экономика ресми экономикадан «сұр» көлеңкелі экономикаға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде бөлектенген. Қылмыстық экономикаға ұрлық, тонау, рэкет, наркобизнес, ұйымдасқан қылмыс, т. б. іс-әрекеттер жатқызылады.

    Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, көлеңкелі экономиканың пайда болуының себептері ретінде экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейін; кірісті мемлекет пен қалған экономика арасында регламенттейтін заңнаманың жетілмеуі; бизнесті ашу және жүргізу рәсімдерінің реттелуі, бұл сыбайлас жемқорлық қызметті туындатады; жасырын экономиканы бағалау әдістерінің және осы проблема бойынша мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың жетілмеуі; әкімшілендіру және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес органдарының материалдық-техникалық базасының жеткілікті дамытылмауы; қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы жіне төлем карточкаларын қабылдау жүйесі дамуының әлсіз деңгейі.
    Осы себептерден пайда болған көлеңкелі экономиканың салдарлары көп және ауыр болуы мүмкін. Олардың бірі экономика саласында кландардың құрылуы, клан – бұл мемлекеттік билік органы түрінде «шатырға» ие, түрлі жолдармен жиналған үлкен сомаға ие және үлкен масштабты коммерциялық қызмет жүргізетін тұрақты билік шаруашылық құрылымы.
    Мұндай кландардың құрылуының бірінші салдары: қаржы нарығындағы, негізгі тауарлар нарығындағы, тіпті ішкі саудадағы бәсекенің құлыпталынып қалуы. Екінші қайғылы салдары: үлкен табыстарды кішкене адамдар тобының иемденіп, халықтың көп бөлігінің кедейленуі. Үшінші салдар: бюджет жүйесінің деградациясы (кландар бюджеттік ресурстар мен мемлекеттік меншікке байланысты операцияларды пайдалана отырып, бюджет жүйесіне зиян келтіреді), мемлекеттік қарыздардың өсуі (мұндай жағдайларды қоғамның қаржылық мәселесінің шешімі амалсыздан осыған келіп тіреледі). Төртінші салдар: ұлттық табыстың элиталық топтың пайдасына бөлінуі. Ол өсе береді, ал тұрғындардың көп бөлігінің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін ұлттық шаруашылық саласы құлдырауға кетіп барады. Бесінші салдар: елімізге қатысты алатын болсақ, Қазақстан капиталының шет елге сатылуы.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   79




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет