Меркантилистердің пікірі бойынша қоғамның басты байлығы ақша



бет1/6
Дата31.12.2021
өлшемі45 Kb.
#21176
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 тапсырма


Меркантилистердің пікірі бойынша қоғамның басты байлығы ақша (алтын, күміс). Ол байлықтың басты көзі айналыс сферасы, сондықтан да шет елдерге тауарды көп шығарып, елдің ақша қорын көбейту керек деген көзқараста болды.

 

Екіншісі физиократтар мектебі – бұл мектептің негізін қалаушы Ф.Кенэ (1694-1774ж.ж.). Физиократтардың пікірінше байлықтың көзі – ауылшаруашылығыөндірісінде.



 

Үшіншісі классикалық саяси экономия мектебі – негізгі өкілдері Д.Рикардо (1772-1823), А.Смит (1723-1790) және У.Петти (1623-1687). Олар физиократтардың көзқарастарын жоққа шығарушылар. Классикалық саяси экономистердің пікірі бойынша қоғамдық байлық ауылшаруашылығы өндірісінде ғана емес, сонымен қатар барлық өндіріс саласында, яғни материалдық игіліктер өнеркәсіп, құрылыс, транспорт сияқты салаларда да өндіріледі.

 

Келесі марксизмнің экономикалық теориясы – оның негізін қалаушылар К.Маркс және Ф.Энгельс. Марксизмнің экономикалық теориясы – классикалық мектептердің идеяларын жұмысшы табының мүддесімен ұштастырып қоғамды революциялық жолмен қайта көздеді. Бұл кезеңде капиталистік ұдайы өндірістің микро – макро деңгейіндегі барысы мен қайшылығы, қосымша құн жасау барысы және жалдамалы еңбекті қанау механизмі толық ашылды.



 

Олар: неоклассикалық мектеп, маржинализм мектебі, кейнсиандық мектеп және институтционализм мектебі. Бұл бағыттар экономиканың динамикалық процестеріне яғни экономикалық циклдерге, инфляцияға, жұмыспен қамтуға, ақша арқылы жүретін өлшемдерге талдау жасап, зерттеу жүргізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет