Трагедия жанры комедия жанрының антонимы секілді, комедия- әдемі көңіл күйге құрылса траедия да керісінше өмірдегі бір ауыр жағдай, адамның қиын-қысталаң басына түскен ауыртпалық баяндалады.
Трагедияның өзіндік жанрлық ерекшелігі — ол өмірдегі шие- леніскен күрес-тартысты, бір-біріне қарама-қайшы күштердің ешбір ымыраға келмейтін, белдескен күресін, қақтығыс-таласын суреттейді.
Жанрларды, жанрлық түрлерді бір-бірінен ажыратып, бөлекше сипаттарын айқындай отырып, олардың арасындағы айырым, шек шартты нәрсе екенін де, басқаша айтсақ, олардың бірімен бірі жақын, жалғас келетін түстары болатынын да есте сақтау кереқ. Мысалы, романда лирикалық элемент, сарын кездесуі әбден заңды. Романнан да, поэмадан да кейіпкердің көңіл-күйі, күйініш-сүйініші суреттелгенде біз лирикаға тән ерекшеліктерді байқаймыз. Сондай-ақ драмаға тән қасиеттер де, айталық, уақиғаның, кейіпкерлердің әрекет-қимылы өзгеше бір сипатта ширығып шиеленісуі — романда да, поэмаларда да үшырайды. Алайда романда басты, шешуші роль атқаратын баяндау тәсілі. Ал лириканың өзіндік өзгешелігін айқындайтын қасиет — онда адамның көңіл-күйінің, сезім дүниесінің тікелей және айрықша әсерлі бейнеленуі. Яғни, әр жанрдың, жанрлық түрлердің өзіне тән, баскаларға қарағанда молырақ танылатын қасиеті, өз артықшылығы болады. Роман, повесть, әңгіме уақиғаны баяндап жеткізуге, әр түрлі адамдардың мінезін, іс-әрекетін, өзара қарым-қатынасын суреттеп көрсетуге лайықтылығымен қүнды. Драмалық шығармада уақиғаны шиеленістіріп, күрес-тартысы қисынды өрбіту, әр кейіпкердің өзінше ойлау, сезіну, сөйлеу қалпын үтымды көрсетуге мол мүмкіншілік бар. Ал лирикалық туындыда сезімнің тереңдігі, нәзіктігі мен әсерлігі өте-мете қажет. Әдеби жанрларды, жанрлық түрлерді ажыратып, танып-білу бір тектес, бір-бірімен үқсас шыгармалардың қүрылыс-бітіміндегі бейнелеу, баяндау тәсілдеріндегі кейбір ортақ белгілрді айыру үшін қажет. Алайда осындай касиет-белгілердің әр жеке шығармада оның нақтылы мазмүн-мағынасьша сай өзінше жасалатынын есте сақтаған жен. Сондықтан әдебиеттің дамуына байланысты жанрлық түрлер үнемі толысып жаңа сипат алып, молыға түседі. Совет дәуірінде қазақ әдебиетіңде эпикалық жанрдың роман, повесть сияқты түрлері кеңінен қанат жайып, өркеңдеді, драмалық жанр дамыды, жазба поэзияға тән жанрлық түрлер пайда болды.