Мәселесі қарастырылған. Оларды ақыл-ой мен таным тереңдігі табыстырған, ел қамын жеу мен адамды түзеу идеясы біріктірген



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата15.12.2023
өлшемі390,68 Kb.
#138110
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022 
43
Оқушым, ұқпай, 
Осқырып шықпай,
Сабырмен байқа сөзімді. 
...Көп мағына, аз ләфуз, 
Есек баспас тайғақ мұз. 
...Құлағы жоқ кереңді -
Ұқтыра алмай сөз әуре, 
Тек тұра алмай біз әуре [7, 26-27-б.].
Абай мен Ахметтің бірдей өлшемдегі ұқсас өлеңдерінде айнымастай 
ынтымақтасып ойларын ең әуелі тіл құдіреті мен надандық сипатын 
сөз етуден бастауы әбден орынды, мейлінше заңды. Қай заманда да 
жаманшылық пен жақсылық қатар келіп, оларды танып айқындау ақыл 
үлесінде болып, жаманынан жирендіріп, жақсысын өнеге ету тіл мен 
сөз арқылы жүзеге асқан. Адамзатты түзеп, жөндеп, тура жолға 
салудың ең дұрыс амалы да, құралы да осы. Жақсылықты жол етіп, 
елді түзеп, халықты ояту Абай мен Ахмет жырлағандай, жамандық пен 
надандықты ақылды ой, қызыл тіл арқылы сынап әшкерелеумен, 
сөйтіп жоюмен орындалады.
Абай жазған «Сегіз аяқ» пен А. Байтұрсыновтың «Жиған-
тергені» көлем жағынан да бір-бірімен шамалас, жақын, Абайдың 
өлеңі жиырма бес шумақтан тұрса, А.Байтұрсынов жазған «Жиған-
терген» өлеңі он тоғыз шумақпен біткен. «Сегіз аяқ» өлеңінде жетінші 
шумақтан бастап еңбек, егін, сауда, өзге де адал кәсіп ету жайы 
тыңдаушыларға жол етіп ұсынылады. Жалқаулық, еріншектік, 
жұмыссыздық, қулық-сұмдық қасиеттері жағымсыз, жексұрын 
қалпымен көрініп барынша әшкереленеді. Халқының өзі көрген бар 
қалпы ақынды әбден түңілтіп тұңғиыққа батырғандай болады:
Ауырмай тәнім, 
Ауырды жаным, 
Қаңғыртты, қысты басымды;
Тарылды көкірек,
Қысылды жүрек, 
Ағызды сығып жасымды;
Сүйеніп күлкі, тоқтыққа,
Тартыпты өнер жоқтыққа [8, 87-б.]. 
Абай алдыңғы жетінші шумаққа шейін надандықты сынап, кейінгі жеті 
жолда надандардан түңіле отырып, тағы да үміт үзбестікпен қауымына 
қынжыла отырып ақылын айтады. Бірақ бәрібір надандардан түңілуі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет