Мәселесі қарастырылған. Оларды ақыл-ой мен таным тереңдігі табыстырған, ел қамын жеу мен адамды түзеу идеясы біріктірген



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата15.12.2023
өлшемі390,68 Kb.
#138110
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
[#1073054]-2251405

 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022 
40
Адам болу мен адамшылық, адамдық жолына түсудің Абай айтқан бұл 
формуласы мен Ахмет Байтұрсыновтың адамдық тұқымын шашып, 
екпек болғаны – бағыты да, мазмұны да бір, ортақ әрекет. Екі ақынның 
да мақсаты – білім-ғылым, адамдықты дәріптеп, насихаттаумен 
адамгершілікті жетілдіру, халықты ояту. Түптеп келгенде, адамдық пен 
адамгершілік – жағымсыз, кеселді қасиеттерден арылып, асыл, ізгі 
қасиеттерді бойға, ділге дарыту. Яғни адамгершілік - кеселді 
қасиеттермен күресіп, оларды жою және кеселді қасиеттерден арылған 
ой мен бойға ізгі қасиеттерді дарытып жетіле беру. Абай жағымды, 
жағымсыз қасиеттердің ең негізгі, бастыларын ғана іріктеп алып, 
оларды бес асыл іс пен бес дұшпанның аясында ықшамдап қана 
бергендей көрінеді. Себебі адамдағы асыл қасиеттер мен кеселді 
қасиеттер тек аталған онымен ғана шектелмейді. Мысалы, Абайдың 
бір ғана «Сабырсыз, арсыз, еріншек» атты өлеңінде аталған үшеуінен 
бөлек басқа да біршама кеселді, жағымсыз қасиеттер әшкереленіп 
сыналған, олар – көрсеқызар, жалмауыз, алты бақан, ала ауыз, күндеу, 
міндеу, ел қыдырғыш тілемсектік, өсек, өтірік, мақтаншақ, нәпсіқұмар, 
қалжыңбастық, қулық, пысықтық, шаруаға қырсыздық сияқты 
қасиеттер. Абай мұндай жағымсыз қасиеттерді адамның бойынан 
тауып аяусыз әшкерелесе, Ахмет Байтұрсынов оларды жануарлар 
тіршілігімен байланыстырып ашық түрде сынайды. Мысалы, оның 
«Екі бөшке» атты мысалындағы бөшкелер зат, құбылыс пен адам 
арасында тұрған перде іспетті, бөшке-перде арқылы баяндалған 
оқиғаның пердесін көтеріп жіберсек, ар жағынан адам болмысының 
шындығы шыға келеді: 
Көшеде екі Бөшке келе жатты, 
Бірі бос екеуінің, бірі затты. 
Ішінде заты бары жай аяңдап, 
Салдырлап келе жатыр босы қатты.
...Құр бөшке жұртты үркітіп салдырлады, 
Көшеде қарамаған жан қалмады.
Бұйым көп, дыбысы жоқ екіншісін
Ілтипат етіп ешкім аңғармады [7, 81-б.].
Өмірде шын ақылды, білімді кісілер кішіпейіл келіп, керісінше ақымақ, 
мақтаншақ адамдар көп көзіне көрінгіш болып жүреді. Мысалдағы екі 
бөшке осы екі топтағы адамдарды мегзейтіндей көрінеді. Әсіресе 
жарнамашыл, мақтанқұмар заманда міндетін үндемей-ақ жүріп 
жауапты орындайтын кісілер тасада қалып қойып, әсіреқызылмен күн 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет