Сынапты алу әдісі.
Өндірісте сынапты киноварьдан алады. Киноварьды арнайы пеште ауа қатысында өртейді.
HgS +O2 = Hg +SO2
Кейде киноварьға тотықсыздандырғыш ретінде темір, күкіртті байланыстыру үшін сөндірілмеген ізбес қосады.
Fe + HgS = FeS +Hg
4HgS + 4CaO = 4Hg + 3CaS + CaSO4
Титан – табиғатта TiO2 - оксид түрінде кездеседі. Ол бірнеше модификация түрінде болуы мүмкін рутил, анатаз, брукит. Табиғи TiO2 темір оксидімен ластанған. Титан мен темір ильменит құрамы FeTiO3 түрінде, перовскит CaSiO3, титанит, сфен, кальцийтитанилсиликат CaTiO(SiО4) түрінде кездеседі.
Алу әдісі:
1) 1910 жылы таза титан алуды Хунтер ұсынған:
TiCl4+ 4Na→4NaCl+Ti
2) Били бойынша (1921ж) көбірек сәйкес келетін әдіс:
TiCl4+4NaH→4NaCl+Ti+2H2
3) Адсорбцияланған сутекпен вакуумде 800оС қыздырып Кроль әдісімен алады:
TiO2+ 2Ca→2CaO+Ti
4) Америка Құрама Штаттарында титан Кроль әдісімен алынады:
TiCl4+2Mg→2MgCl2+Ti
5) Аргон атмосферасында техникалық титан алуды 1956 ж. Шварц ұсынған:
TiO2 + 2H2S → TiS2 + 2H2O
TiS2+2Mg→2MgS+Ti
Болат бомбаларда 850оС температурада гелий немесе аргон атмосферасында ұзындығы 6м, диаметрі 14см компактілі блоктар алынады.
Техникалық мақсаттарда пайдаланылатын титан, ферротитан – құйма құрамында 10-25 % титан бар, 1400оС-тан төмен температурада балқиды. Рутилды темір қатысында көмірмен тотықсыздандырып алады. Егер көміртек болуы қажетсіз болса, алюминиймен тотықсыздандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |