Цирконийді алу әдісі:
Таза Zr препараттарын алу, тек соңғы жылдары ғана мүмкін болды:
1) Берцеллиус әдісі бойынша калийфторцирконатын Na немесе К мен тотықсыздандырып алу.
K2 [ZrF6] + 4Na → 2KF + 4NaF + Zr
Өндірістік алу әдісі:
1) Таза цирконий Zr алу үшін, ZrCl4-ті балқытылған Mg-мен тотықсыздандырып алады.
ZrCl4 + 2Mg → 2MgCl2 + Zr
2) Вейс пен Нейман әдісі бойынша термиялық жолмен Zr алуға болады. Алдымен калийфторцирконатын алюминиймен тотықсыздандырады, (Zr+Al) құймасы түзіледі (w (Al)=30%). Оны бұрын кристалдық цирконий деген. Осы құймадан штифтер жасаған, олардың арасынан электр тогын өткізген (N2, немесе NH3 атмосферасында) Р=12 мм.с.б онда Zr балқиды, ал Al буланады. Осылай қайтара балқыту арқылы, таза цирконий алуға болады.
3) Аналитикалық таза, бірақ компактілі емес цирконийді Лели және Гамбургер әдісі бойынша алуға болады.
Ол үшін сусыз ZrCl4- ті вакуумде 500оС – температурада, натрийдің артық мөлшерімен қыздырып алады:
ZrCl4+4Na →Zr+4NaCl
4) ZrO2-ні кальциймен тотықсыздандырып, Кроль әдісі бойынша Zr цирконий алуға болады, бірақ ZrO қоспасы болғандықтан, ондай металл морт болады. Өте таза Zr алуда Ван Аркел және Де Бур ұсынған (1924ж) әдіс қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |