Кадмийді алу әдістері.
Табиғатта кадмий кендері үнемі мырыш кендерімен бірге кездесетіндіктен, кадмийді алу үшін мырыш кендері қолданылады. Бір уақытта кадмий де, мырыш та алынады. Кадмий көбірек ұшқыш болғандықтан, айдалған мырыш үлесінде алдымен кадмий жиналады.
Мырыш тозаңы ішінде, оның мөлшері 5%-ға дейін жетеді. Мырыш тозаңынан кадмийді бөліп алу, құрғақ және ылғал жолмен жүреді. Бірінші әдіспен алғанда мырыш тозаңына кокс қосып оны қайта айдайды.
Оңай қайнайтын кадмий дистиляттың алғашқы үлесінде жиналады. Осылайша бірінен кейін бірі өтетін қайта айдаулардан кейін, таза кадмий алынады.
Ылғал әдісте құрамында кадмий мен мырыш бар тозаңды тұз қышқылында немесе күкірт қышқылында ерітеді. Алынған ерітіндіні электролиздейді. Немесе кадмийді металл мырышпен тотықсыздандырады.
CdSO4 + Zn = ZnSO4 + Cd
Өте таза кадмийді әрі қарай тағы да электролиздеп немесе вакуумде сутек ағынында возгонкалап алады.
Достарыңызбен бөлісу: |