Металлургия кезеніңдегі көшпенділер өркениетінің қалыптасуының алғы шарттары



бет1/4
Дата27.09.2023
өлшемі3,13 Mb.
#111023
  1   2   3   4
Байланысты:
Презентация тарих — копия


Металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғы шарттары






Дайындаған:Амангелді Нұрлы Қанатұлы
ТГВ-23-2
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты – оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету.
Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті – жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.
ЕЖЕЛГІ АДАМДАРДЫҢ ТІРШІЛІК ЕТУ ОРТАСЫ
Адамзат баласының пайда болып, қалыптасу үрдісі ежелгі дүниенің барлық аймағында бірдей жүрді. Адам баласы жер бетіндегі басқа тіршілік иелері сияқты ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесінде қалыптасты.
Адам баласы ең алғаш пайда болды шамамен 2,5 млн жыл бұрын. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар 1 миллион жылдай бұрын өмір сүрді. Оған дәлел – Қазақстан жерінде табылған ежелгі құралдар. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан көп айырмашылығы болды. Алғашқы адам ірі маймылға ұқсайтын, терісін қалың түк басқан және, қолдары аяқтарынан ұзын еді. Қолымен жемістерді, заттарды ұстау, соғу, жер қазу сияқты қарапайым жұмысты орындай алатын. Алғашқы адамдар қабыландай жылдам, арыстандай епті, аюдай күшті болмады. Бірақ еңбек құралдары арқылы өздерінің күш-қуаттарын еселеп арттыра алды. Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар – олардың алғашқы еңбек құралдары болды. Бұл құралдардың көмегімен тамақ тауып жеді.
Алғашқы адамдар бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін үлкен топ құрап топталып жүрді. Олардың арасында жейтін тамақ, баспана үшін талас-тартыс жиі болғандықтан 20-30 ересектен тұратын топ әрдайым ыдырап, бөлініп тұрды. Дегенмен де адамдар тобыры – адамдардың алғашқы қоғамдық ұйымы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет