Метанолы алудың негізгі екі тәсілі белгілі



бет3/3
Дата15.12.2023
өлшемі17,84 Kb.
#138859
1   2   3
Термофосфат. Термофосфат құрамында 20-35% P2O5 болады, оны көбінесе,қышқыл топыраққа қолданады. 
Суперфосфат. Өңдеген суперфосфат құрамындағы P2O5 мөлшері алғашқы шикізат құрамындағы P2O5 мөлшері екі есе төмен – 19-20 %. 
Еселі суперфосфат . Өндірілген суперфосфат құрамында 40-50% P2O5, яғни жоғары сапалы тыңайтқыш болады. Қоры бойынша Қаратау фосфорит бассейні Марокко, АҚШ жəне Тунис кен орындарымен бір қатарда тұр. Оның қоры 2,6 млрд тоннаға бағаланып отыр. Қаратау фосфориті сапасының жоғары болуы, біз үшін экономикалық жағынан тиімді 
3. Азотты тыңайтқыш. Азотты тыңайтқыштар — құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) жəне минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы — натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты — (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш.
Азоттық қосылыстардағы түрлеріне қарай азотты тыңайтқыштар нитратты, аммонийлі және аммиакты, аммонийлі-нитратты, амидті болып бөлінеді.
4. Микротыңайтқыштар. құрамында микроэлементтер (бор, мыс, кобальт, мырыш, т.б.) болатын бейнорганикалық қосылыстар. Микротыңайтқыштар алғаш шет елдерде жəне Ресейде 19 ғасырдың 2-жартысында қолданыла бастаған. Микротыңайтқышдың бор, мыс жəне құрамында екі жəне одан да көп микроэлементтер болатын полимикротыңайтқыш, т.б. түрлері бар. Микротыңайтқыш ретінде микроэлементтердің тұзы немесе өндіріс қалдықтары жоқ(шлак), қоқыс (шлам), фриттер, хелаттар алынады. Топырақта өсімдікке қажетті микроэлементтер жеткіліксіз болса оның өсуі, дамуы тежеледі, түсімнің сапасы кемиді, ауруға шалдығады. Бұл микроэлементтер ферменттер құрамына кіреді, биохимиялық реакцияны жəне нуклеин, аминқышқылдары, қант, крахмал, хлорофилл биосинтезін күшейтіп, дақылдың өнімінің артуына, сапасының жақсаруына əсер етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет