Метанолы алудың негізгі екі тәсілі белгілі



бет2/3
Дата15.12.2023
өлшемі17,84 Kb.
#138859
1   2   3
Байланысты:
билет 10

1. Калий тыңайтқыш. Кез келген өсімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды жəне картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едəуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін жəне ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит жəне карналит жатады. Силъвинит дегеніміз — калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Сильвиниттен калий хлоридін екі əдіспен алады: галургия немесе бөлек кристаллизациялау əдісі. Бұл əдіс КCl -мен NaCl- дың температураға байланысты əр түрлі ерігіштігіне негізделген. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 жəне калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар. 
2. Фосфор тыңайтқыш. Фосфор тыңайтқыштары- өнеркəсіптік əдіспен алынатын, құрамында өсімдіктер үшін қолайлы нысанда фосфор болатын минерал заттектер. Фосфор тыңайтқыштары ерігіштігіне жəне өсімдіктер үшін қолайлылығына байланысты үш топқа бөлінеді: 
1) фосфоры суға еритін жəне өсімдіктер оңай сіңіре алатындай нысанда болатын тыңайтқыштар — қарапайым жəне қосарлы суперфосфат
2) фосфоры суда ерімейтін, бірақ əлсіз қышқылдарда немесе аммоний цитраты сілтілік ерітіндісінде еритін тыңайтқыштар — преципитат, томасқож, термофосфаттар, фторсыздандырылған фосфат. Фосфор тыңайтқыштары — өсімдіктер үшін қолайлылығы орташа нысан
3) суда ерімейтін жəне əлсіз қышқылдарда нашар еритін, тек күшті қышқылдарда толық еритін тыңайтқыштар — фосфорит ұны, сүйек ұны, өсімдіктер үшін жетуі қиын фосфор көздері. Фосфор тыңайтқышын өндіруге шикізат ретінде табиғи фосфаттар – аппатит жəне фосфориттерді қолданады. Екеуінде де фосфор – кальций фосфаты Ca3(PO4)2 түрінде болады. Бұл ерімейтін тұз, демек, бұл түрінде тыңайтқыш бола алмайды. Сондықтан əртүрлі технологиялық əдістермен өңдеу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет