Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет171/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   206
ТЕКТОНИКАЛЫҚ КАРТА – жер қыртысының немесе оның 
жекелеген аудандарының құрылымдық ерекшеліктері мен 
белгілі геологиялықуақыт 
шамасындағы 
даму 
жолдарын 
сипаттайтын арнаулы карта. Тектоникалық карта тектоникалық 
процестердің табиғатын, туындау және кӛрініс беру ерекшеліктерін 
танып, білуде маңызды рӛл атқарады. Қазақстанда алғашқы 
тектоникалық карта 1976 жылы жасалған. Тектоникалық картаны 
жасау үшін геологиялық картадағы шӛгінділердің формациялық  
құрамы, құрылымдар пішіндерінің ерекшеліктері, геологиялық 
қималардың сипаты, геофизикалық зерттеулер мен бұрғылау 
жұмыстарының деректері ескеріледі. Тектоникалық карталар ірі үш 
топқа: сұлбалық, байырғы және арнаулы болып жіктеледі. Әр топ 
қамтыған ауданына қарай аймақтықжәне жалпы, мазмұнына 
қарай құрылымдық және тектоникалық болып 
ажыратылады. 
Сұлбалық Тектоникалық карта – қатпаросьтерінің басты бағыттары 
мен ірі жарылымдардың созылу бағыттарын кескіндейді. Байырғы 
Тектоникалық 
карта 
– 
мұндағы 
құрылымдық 
пішіндер стратиграфикалық қиманың 
абсолюттік 
белгілері 
анықталған 
нақтылы 
деңгейлік 
сызықтары 
немесе 
статиграфикалық  кешендер табанының жер бетіне шығу 
сызықтары, т.б. маңызды рӛл атқаратын әр түрлі изосызықтарды 
графикті тұрғыдан кескіндеу негізінде жасалады. Мұндай 
тектоникалық карталар кез келген тектоникалық құрылымды тиімді 
зерттеудің негізі болып саналатын тектоникалық аудандастыру 
шараларын орындауға мүмкіндік береді. Арнаулы Тектоникалық 
карта тектоника ғылымының жекеленген мәселелерін шешуге 
кӛмектеседі. Оған геологиялық формациялар картасы, қатпарлану 
дәуірлері мен фазаларының картасы, қатпарлық типтер картасы
т.б. 
жатады. 
Тектоникалық 
карталардың
масштабтары:


құрлықтар мен ірімемлекеттер үшін – 1:1000000 – 1:2500000, 
жеке аймақтар үшін – 1:2500000 – 1:500000 болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет