Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет191/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   206
Х 
 
ХАДЕЙ (АзойКатархейПриской— Жер тарихындағы 
бір 
эонның бейресми атауы. Хадей Жердіңқұрылған уақытынан 
басталып архейдің басталған кезіне дейін созылады
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАБИҒИ АПАТТАР ҚАУПІН АЗАЙТУ 
КҤНІ — қазанның 13 аталады. БҰҰ Бас Ассамблеясы, 1989 жылы 
№ 44/236 қарарында «Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту 
жӛніндегі онжылдық» жариялап, қазанның екінші сәрсенбісін 
Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күні деп белгіледі және 
оны 1990-1999 жылдары жыл сайын атап ӛтуге қаулы етті. 
2001 жылы Бас Ассамблея ӛзінің 56/195 қарарында табиғи 
апаттардың алдын алуды, оның зардаптарын жеңілдету мен оған 


дайын болуды қамтамасыз етуді қоса ескергенде, табиғи апаттар 
қаупін 
азайту 
мәдениетін 
қалыптастыруға 
жәрдемдесетін 
құралдардың бірі деп есептей отыра, осы күнді жыл сайын атап 
ӛтуге қаулы шығарды. 
ХАНТӘҢІРІ– Шығыс Тянь-Шаньдағы шың, Қырғызстан мен 
Қазақстан шекарасында. Биікт. 6995 м. Негізінен мәрмәрленген әк 
тастан түзілген. Х. – Тянь-Шаньның ең ірі мұздану орталығы, 
мұздықтарының жалпы ауд. 2500 км2. 
ХЕМОСИНТЕЗ (хемо… және грек.synthesіs — тізбек) —
 бактериялардың бейорганикалық қосылыстарды 
тотықтыру 
есебінен кӛмірқышқыл газды (СО) сіңіруге негізделген қоректену 
типі. Хемосинтезге жарықтың қажеті жоқ. Хемоминтез процесін 
1887 жылы Ресей микробиологы С.Н. Виноградский (1856 — 1953) 
ашты. Осы күнгі эволюциялық тұрғыдан қарағанда, Хемосинтез 
фотосинтезге 
дейін 
пайда 
болған 
кӛмірқышқыл 
газын ассимиляциялау жолы деп есептеледі. Хемосинтездегіш 
бактериялардың басым кӛпшілігі бейорганикалық ортада тіршілік 
етеді. Кейбір бактериялар қарапайым органикалық қосылыстарды 
(метан, метил спирті) сутек кӛзі ретінде пайдаланып, сол ортада 
тіршілік етеді. Микроорганизмдердің Хемосинтез арқылы 
қоректенуіне кӛптеген күкіртті бактериялар жатады. Олар әр түрлі 
күкіртті қосылыстармен қатар таза күкіртті де тотықтыра алады. 
Күкіртті бактериялар екі топқа бӛлінеді. Жіпше тәрізді кӛп 
клеткалы бактериялар күкіртті ӛз клеткаларына жинақтайды. Олар 
күкіртті сутек қоры азайғанда таза күкіртті тотықтырып, қуат 
кӛзіне айналдырады. Ал бір клеткалы бактериялар күкіртті ӛзін 
қоршаған ортаға шығарады. Күкіртті сутектің формуласы: 
H2S S2 H2SO H2SO3 H2SO4 
Түзілген әрбір ӛнім алғашқы қосылыстың тотығуы нәтижесінде 
пайда болады. Аралық ӛнім — сутектің негізгі бӛлігі молек. 
оттекпен 
тотығып, 
бір 
бӛлігі 
кӛмірқышқыл 
газын 
тотықсыздандырып, кӛмірсулардың түзілуіне жұмсалады. Ол мына 
формуламен бейнеленеді: 
CO2+2H2S (CH2O)+H2O+S2. 
Нитрификациялағыш бактериялардың да Хемосинтез процесінде 
алатын орны ерекше. Аммиактың нитратқа дейін тотығуы екі 
кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде аммиак нитритке дейін тотығып, 
653,5 кДж қуат бӛлінеді. 
2NH3+3O2=2HNO2+2H2O+ +653,5 кДж. 


Екінші кезеңде нитрит нитратқа дейін тотығады: 
2HNO2+O2=2HNO3+151,1кДж. 
Түзілген 
қуаттың 

— 
7%-ы 
кӛмірқышқыл 
газының 
тотықсызданып, 
кӛмірсулардың 
түзілуіне 
жұмсалады. 
 Аммиактың тотығу кезеңдерін іске асыратын арнайы бактериялары 
болады. Оларды нитрозомонас (Nіtrosomonas) және
нитробактер 
(Nіtrobacter) 
деп 
атайды. 
Дегенмен,
нитрификациялағыш бактериялардың жалпы қуат бӛлу деңгейі 
күкіртті бактерияларға қарағанда екі есе тӛмен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет