жапырақтылардан: қарағай, кипарис, т.б. тән болса, ӛсімдіктер
бірлестігінде — тундралық, тайгалық, далалық, т.б. ӛсімдіктер
қауымдастығы кең тараған. Флораның тарихи дамуы түр түзілу
процестерімен,
бір
түрді
екінші
түрдің
ығыстыруымен,
ӛсімдіктердің миграциясымен және түрлердің жойылуымен тығыз
байланысты. Әр Флоранның ӛзіне ғана тән арнайы ерекшеліктері
бар. Оған: Флораны құрайтын түрлердің сан алуандығы (Флораның
байлығы), жасы, автохондық және эндемизм деңгейі, т.б. жатады.
Флораның ӛзара айырмашылығы ең алдымен әр ӛңірдің геология
тарихына, орография, климаттық жағдайларына және топырағының
құнарлылығына байланысты. Аумақтық деңгейіне қарай: Жер
Флорасы (500 мыңға жуық түр, оның ішінде 330 мыңға жуығы
жоғары сатыдағы түтікті ӛсімдіктер: гүлді ӛсімдіктер, ашық
тұқымдылар, споралылар), жекелеген құрлықтар мен олардың
бӛліктерінің Флорасы, аралдық Флолалар, тау жүйелерінің
Флорасы, сондай-ақ мемлекеттер мен жекелеген әкімшілік
аудандардың Флорасы болып ажыратылады. Сонымен қатар,
жекеленген жүйелік Флора, топтардың Флорасы, т.б. бар. Мыс.,
балдырлар Флорасы, мүктер Флорасы, т.б. Флораны зерттейтін
ғылым — флористика деп аталады. Қандай да бір Флораны зерттеу
оның аумағындағы түрлер мен туыстардың құрамын анықтаудан
басталады. География таралуына ұқсас түрлер Флораның
географиялық элементін (геоэлемент) құрайды, кейбір зерттеушілер
геоэлемент терминінің орнына ареалдар типі (тропик., бореалдық,
голарктик., палеоарктик., т.б.) деген атауды қолданады. Шығу тегі
ұқсас түрлердің тобы Флораның генет. элементтері не генет.
қатпарлары деп аталады. Теор. тұрғыдан алғанда кез келген Флора.
4 генет. қатпарлардан тұрады: f1 — реликтер (мыс., гинкго); f2 —
Флораның ежелгі ядросы, ӛткен геология дәуірлерден осы аумақта
ӛсетін, қазіргі табиғи жағдайлармен үйлесімді түрлер; f3 —
мигранттар (шығу тегі бойынша басқа ӛңірлерде пайда болып, осы
аумаққа әр түрлі себептермен кӛшіп келген түрлер); f4 —
автохтонды жаңа құрылымдар (ежелгі жерінде пайда болған жаңа
түрлер). Кез келген Ф-ны F=f1+f2+f3+f4 деп кескіндеуге болады.
Осы генет. қатпарлардың арақатынасына қарай: реликті Ф. (F=f1),
миграц. Ф. (F=f3), эндемиктік Ф. (F=f4), т.б. бӛлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: