радиациялық ағынның белгілі уақыт аралығындағы (сағат. Тәулік,
ай. жыл) жинағының ӛлшсм бірлігі - МДж/м".
ҚАЗАҚСТАНДА КЛИМАТОЛОГИЯ
Қазақстанда климатология саласынан белгілі ғалымдар: Х.Байдал,
Х.Ахметжанов, Р.С.Голубев, А.А.Скаков, В.С.Чередниченко,
П.Ж.Қожахметов, т.б. зерттеулерін жалғастыруда. Біздің елімізде
климатология
мәселелерін
зерттеумен
«Қазгидромет»
республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақ қоршаған орта мен
климатының мониторингі
ғылыми-зертеу институты, ҚазҰУ-дың
география факультеті, ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты
география институты айналысады. Климатология саласындағы
халықаралық
ғылыми
және
ұйымдастырушылық
шаралар
дүниежүзүзілік
метеорологиялық
ұйым,
Халықаралық
географиялық және геодезиялық одақ және Халықаралық
географиялық одақ арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда
Климатология
мәселелері, негізінен, «Гидрометеорология және
экология» (1995 жылдан),
«ҚазҰУ хабаршысы. Географиялық
серия» (1991 жылдан) журналдарында басылады
ҚАЗГИДРОМЕТ,
Қазақстан
Республикасының
Гидрометеорология жӛніндегі бас басқармасы – орталық басқару
мекемесі. Ол гидрометеорология және экологиялық мониторинг,
сондай-ақ су қорының мемлекеттік
есебін және су кадастрын
жүргізетін респуббликалық мемлекеттік кәсіпорнын біріктіреді.
Қазақстанда алғашқы аспаптық метеорология бақылаулар 1848
жылы Қазалыда, 1854 жылы Семейде, 1856 жылы Ырғыз бен
Қызылордада жүргізіле бастады. Гидрология бақылаулар алғаш рет
(1890) Ертіс ӛзенінде басталды. 1917 жылы Қазақстан аумағында 94
метеорологиялық станция мен 49 бекет, 123 гидрометеорология
бақылау пункттері жұмыс істеді. 1922 жылдың 23 қаңтарында Бас
физика обсерваториясының
Орынбор облысы метеорология
бюросы құрылған. Ол 1925 жылы Қазақстанның Орталық
метеорология
бюросы
болып,
ал
1931
жылы
Қазақ
гидрометеорология болып қайта құрылды. Оның негізінде 1933
жылдың мамыр айында Қазақ гидрометеорология қызметінің
біртұтас
басқармасы
құрылды.
Оның
бірінші
басшысы
Қазақстанның белгілі саяси қайраткері – О.Жандосов болды. 1992
жылдың 7 ақпанында Гидрометеорология жӛніндегі бас басқарма
болып қайта құрылды. Қазіргі кезде «'Қазгидромет» жүйесіндегі
метеорология, агрометеорология,
гидрология, кӛл және теңіз
станциялары мен бекеттерінің саны 750. «'Қазгидрометтің» негізгі
міндеттері: республикада гидрометеорология және табиғи орта
мониторингі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат
жүргізу; әр түрлі ӛнеркәсіптер
мен шаруашылықтарды, халықты
қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен
қамтамасыз ету; қауіпті және апатты гидрометеорология
құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау;
қоршаған ортаға
адамзат әрекетінің теріс әсерін болдырмау, т.б. «Қазгидромет»
табиғи ортаның мониторингін жүргізу барысында аса улы 20-дан
астам заттарды анықтау үшін республиканың 26 қаласындағы 94
тұрақты пункттерде атмосфера ауаның құрамына бақылау
жүргізеді.
Бақылау
материалдары
бойынша
дерекқор
қалыптастырылады және ақпараттық - экология бюллетеньдер,
анықтамалар, шолулар жарияланады. 1873 жылы Бірінші
халықараралық метеорология конгресте халықаралық метеорология
ұйым құрылды. Ол 1947 жылы БҰҰ құрамындағы Дүниежүзілік
метеорологиялық ұйым (ДМҰ) болып қайта құрылды.
ДМҰ-ның
шешімімен 23 наурыз Халықаралық метеорология күні болып
тағайындалған. ДМҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: