Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет91/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   206
КИПРЕГЕЛЬ (нем. Kippregel) — геодезиялық бұрыш ӛлшейтін 
аспап. Горизонтальдарды пландардың бетіне кешіру үшін, жерді 
топографиялық 
түсірулер 
кезінде 
мензуламен 
бірге 
пайдаланылады. 
КЛИМАТ (гр. κlimα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі 
ауа райының кӛп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа 
райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен ӛзгеріп 
отыруы. Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн 
радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің 
туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа 
жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, 
сонымен қатар берілген жердің климатының ӛзгеруін байқау тек 
кӛп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту 
негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың 
әр түрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, ягни осы 
процестерді 
жасайтын 
географиялық 
жағдайлардың 
айырмашылығынан туады. 
 
КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕМДІЛІК Толық мақаласы: Климаттық 
белдеулер Планетаның беткі жазықтығын климаттык ӛзгешеліктері 
тұрғысынан бірнеше белдемдерге бӛлу ұстанымы. Жер шарын 
тұтасымен орап ӛтетін осы белдемдердің жиектері ендік 
сызықтармен (параллелдермен) орайлас бағытталған. Әрбір 
климаттық белдем құрамында бірнеше климаттық атыраптар 
оқшаулануы мүмкін. Климаттық белдем деген ұғым аймақтық 
түсінік ретінде де қолданылады. Мысалы, таулы ӛңірлерге тән 
түрлі биіктік деңгейлерінің тек ӛздеріне ғана тән климаттык 
жағдайлармен сипатталуы осы деңгейлерді дербес климаттық 
белдемдер ретінде даралауға мүмкіндік береді. Климаттың, 
мұздықтардың кезендік тербелістері Климаттың, мұздықтардың, 
сушаралардың жаға сызықтарының үзақтығы мен қарқын дылық 
дәрежесі әр түрлі -метаморфизма, яғни бірнеше немесе ондаған 
жылдардан (мыс., 35 жылдык Брюкнер кезеңдері) бірнеше 


мыңжылдықтарға дейінгі ырғақты ӛзгерістері. Орташа жылдық 
температураның, ылғалдық дәрежесінің, мұздықтар ӛлшемінің 
ӛзгерістерінде білінеді. Әр түрлі себептерге, негізінен жерден тыс 
— Күн радиациясының кезендік ӛзгерістері мен қаркындылығына, 
Жер орбитасы эксцентрисетінің ауытқуларына байланысты.
КЛИМАТОГРАФИЯ (климат 
және
грекше: 
grapho 
— 
жазамын) — климат  типтері мен олардың Жер шары бойынша 
таралуын зерттейтін климатология бӛлімі. Климаттың Жер 
шарының, 
негізінен, 
климат 
жағдайлары 
салыстырмалы 
біртекті белдеу- лерге, зоналарға және ӛңірлерге бӛлінуіне 
негізделген жіктеулері бар. Климатты жіктеу 
КЛИМАТОЛОГИЯ (климат және logos – ілім) – климат және 
оның типтері, қалыптасуы, жер бетінде таралуы және уақыт 
бойынша ӛзгеруі туралы ғылым. География ғылымдары жүйесіне 
кіреді. 
Климат 
қалыптастырушы 
процестердің 
табиғаты 
геофизизикалық болғандықтан, Климатология геофизизикалық 
ғылым ретінде метеорологиямен тығыз байланысты. Кейде 
климатологияны метеорологияның географилық бӛлімі ретінде 
қарастырады. Кӛп жылдық метеорологиялық бақылау деректерін 
статистикалық ӛңдеуден алынған климат типтері және олардың 
Жер 
шарында 
таралуы 
туралы 
нақты 
материалдар 
климатографияның (климат және грек. grapho – жазамын, 
сипаттаймын) мазмұны болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет