суларда оттек аз, бірақ кӛмірқышқыл газы, метан, күкірттісутек
мол. Кремний, аллюминий, темір, т.б. жер қыртысында кӛп
таралған элементтер мұхит суларында ӛте аз, ал хлор мен бром кӛп.
Жер қыртысына қарағанда мұхит суында бор 260, хлор 670, күкірт
290 есе жоғары. Мұхит суындағы бос күйдегі
оттек организм
түрлерінің таралуын, тотығу, тотықсыздану реакцияларын реттейді,
геохимиялық
процестерді
түсінуге
мүмкіндік
береді.
Катиондарының қосындысы Cl–, сияқты күшті қышқыл
аниондарының қосындысынан артық болуынан ―сілтілік қор‖
құрылады. Мұхит тереңінде тотықсыздану реакциясы басым
болады. Кӛміртегі (ІV) оксиді және
сульфаттарды ажыратушы
бактериялардың қатысуымен органик. заттардағы күкірт қышқылы
тұздарының ыдырауынан күкіртсутек (H2S) түзіледі. H2S газы тірі
организмдерге зиянды әсер етеді. Мыс., Қара теңіз суының терең
қабаттарындағы H2S мол болғандықтан Каспий теңізіне қарағанда
органикалық дүниесі тапшы. температура тӛмендеген сайын СО2-
ның
ерігіштігі артатындықтан, карбонатты шӛгінділер жылы
суларда жиылады, ал суық суларда олар тұнбайды. Жер
қыртысындағы бромның 75%-ы мұхит суларында. P, N, Sі сияқты
элементтер геохимиясы үшін организмдердің тіршілік әрекетінің
мәні зор.
Достарыңызбен бөлісу: